Тірек қимыл жүйесі (ашық сабақ жоспары)

0
13138
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study

Оқу орны: Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі

Дайындаған: Смагулова Ляззат Тулегеновна

Пән атауы: Анатомия,физиология және балалар гигиенасы

Сaбақтың тақырыбы: Тірек қимыл жүйесі

Сабaқтың мақсаты: Қаңқаның жеке бөліктерін, сүйектің құрамы мен қасиетін, тірек-қимыл жүйесінің маңызын, сүйектердің байланысуын, қозғалыс пен дене шынықтырудың  денсаулық үшін маңызын терең түсіндіру, алған білімдерін пысықтау.

Сабақтың міндеттері:

А. Білімділік: Оқушылардың адам қаңқасы және сүйектің құрамы туралы, тірек-қимыл жүйесі туралы алған білімдерін толықтыру;

Б. Дамытушылық: Оқушыларды топпен өзіндік жұмыс істеуге, ой өрісін, ойлау және есте сақтау қабілеттерін адам ағзасындағы қаңқа тірек-қимыл жүйесінің құрылысын, химиялық құрамын және олардың байланысын үйрету.

Ә. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, және ұлттық әдет-ғұрыптын адам организмін шынықтырудағы маңыздылығы арқылы жақсы нәтижеге жету, оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сәйкестілікті табу сұрақ-жауап  әдістері, шығармашылық кезен, ойын ұйымдастыру.

Көрнекілігі: Кесте тапсырмалар, суреттер, плокаттар, бағалау парағы, даналық сөздер.

Құрал жабдықтар: интерактивті тақта, компьютер т.б.                            

Негізгі әдебиеттер: О.А.Петришина,Е.П.Попова: «Бастауыш мектеп жасындағы балалар анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы». Ә.Күзенбаева: «Адам анатомиясы»

I.Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

Сәлемдесу

Түгендеу

Сабаққа кірісу

Оқушы зейінін сабаққа даярлауғ үш топқа бөлу

«Қозғалыс дегеніміз — өмір», — деген екен Вольтер.

Шынында адам өмірін қозғалыссыз елестету мүмкін емес.Еңбек қимылы алуан түрлі, әрі күрделі: Акробатикалық трюктар, мың бұралып билеген бишілердің қимылы. Тіпті біздің күнделікті қозғалыстарымыздың өзі күрделі. Жай жүрістің өзіне жүздеген бұлшықеттер қатысады. Бұлшықеттердің жұмысы үшін, әртүрлі мүшелер бекіну үшін оған мықты тірек керек. Бунақденелілерде бұндай сыртқы қаңқа ролін мықты-хитин, сондай-ақ адамда оның ролін ішкі сүйекті қаңқа атқарады.

Қаңқаның адам денесі үшін маңызы зор.Ол адам денесінің тіреуіші, қорғаушысы.Оның арқасында адам тік жүреді, қозғалады.Тірек-қимыл жүйесінің дұрыс дамуы адамның тамақтануының, тамақ құрамындағы минералды және органикалық заттардың қызметіне байланысты.Қазақ халқында жүгіріп, секіріп, теңселіп ойнайтын ойындардың көптеген түрлері бар.Мысалы: алтыбақан, ақсүйек, бәйге, күрес, көкпар т.б бұл ойындар ашық алаңда, адамның тірек-қимыл жүйесінің дамуына, дененің сымбатты, құрыштай шынығуына зор әсерін тигізеді.

II-кезең. Операция- танымдылық кезені немесе шығармашылық кезең. (20 мин)

Иллюстрациялық суреттермен жұмыс жасау.Яғни әр маркерментірек-қимыл жүйесіне арналған суретпен, ереже дайындайды.Слайд пен жұмыс

III-кезең Үй тапсырмасын және жан-жақты білімдерін тексеру

Тест сұрақтары беріледі бір бірімен алмасып, бағалайды. Бағалау критерийлері беріледі.

10-9 «5»

8-7 «4»

6-5 «3»

4-0 «2»

IV. Жаңа материалды белсенді меңгеруге оқушыларды даярлау кезеңі (25 мин)

Қызықты ақпарат: Қаңқа дегеніміз не? Грек тілінен аударғанда «скелетос»- «кепкен, құрғаған» деген мағына береді. Ерте кезден бастап Ежелгі Грецияда, Римде сүйекті зерттеді. Атом туралы ілімнің негізін салушы Демокрит мәйіттерден қаңқа қалдықтарын жинаған. Римдік дәрігер Клавдий Гален өз шәкірттеріне ұрыс даласында өлген жауынгерлердің сүйегін жинатқан. Ал өзі тұтас жиналған адам қаңқасын көру үшін Александрияға сапар шеккен. Осындай қайшылықтарға қарамастан қаңқа және оны құрайтын сүйектер туралы ғылым дамып, оның құпиялары ашылды.

V. Топпен жұмыс «Құзырлылық іскерлік ойыны»

А )Адамның қозғалыс жүйесіне қандай бөлімдерден тұрады? Сүйектер пішініне қарай қалай бөлінеді?

Б) Тірек-қимыл жүйесі қандай қызмет атқарады.

В) Сүйектің қасиеті, құрамы мен құрылысы қандай? Сүйектер туралы ілім қалай аталады?

1-тапсырма. (биологиялық диктант)

1- топ

1.Дене қаңқасына …  … мен ….   …  жатады. (омыртқа жотасы, кеуде қуысы)

2. Остеондар-… жасушалары. (сүйек)

3. Адам  қаңқасының сүйектері …,… және… болып  жіктеледі. (қысқа, жалпақ, ұзын)

4. …  … кезде адамның омыртқа жотасы қисайып, иығы бүкірейіп қалуы мүмкін.

(дұрыс отырмаған кезде)

2- топ

1. Кеуде қуысын … …, … мен … құрайды.     (арқа омыртқалары, қабырғалар, төс)

2. Аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне … …,  … …, … . және майда 26 сүйектен тұратын …,    … және … … жатады.  (ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек, толарсақ, табан, бақай)

3. Қысқа сүйектерді …, …, … сүйектері құрайды.  (омыртқа, білезік, алақан)

4. Ұзақ уақыт аяққа күш түскенде, тар  және биік аяқ киім кигенде- ….  пайда болады.

(жапақтабандылық)

3- топ

1. Иық белдеуі …  мен … тұрады.(екі жауырын, екі бұғана)

2. Омыртқа жотасы ….- тұрады.

3. Аяқ қаңқасы (жамбас белдеуі) омыртқа жотасының….   және екі  …тұрады.

(сегізкөз бөлімі, жамбас сүйегі)

4. Қаңөқаның сүйектену процесі дене өсуі тоқтағанда …-… жасқа қарай аяқталады. (22-25)

 VI. Сергіту сәті «Ой қозғау».  Топтық жұмыс

Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

Жоғары төмен қарайық,

Оңға –солға түзу тұр.

Солға оңға түзу тұр,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық

http://bilim-all.kz/uploads/images/2015/07/24/original/0cd3e3d3870a66e69ed74b40aebfb0e3.png

 Менен-сұрақ, сізден-жылдам жауап

1- топ

1. Адам қаңқасында қанша сүйек бар?

2. Жақ сүйекте нелер орналасқан?

3. Омыртқа жотасы неше омыртқадан тұрады?

2- топ

1. Адамда қанша қабырға болады?

2. Сүйек жасушасы қалай аталады?

3. Ұзын, түтік тәрізді, қуыс сүйек қалай аталады?

3- топ

1. Қысқа сүйектерді ата.

2. Жалпақ үшбұрышты сүйекті ата.

3. Қаңқаның сүйектену процесі адамның неше жасында аяқталады?

Тәжірбиелік жұмыс «Алғашқы көмек»

Оқушыларды тірек — қимыл жүйесі бойынша алған білімдерін пысықтауға, іс жүзінде қолдана білуге үйрету.
І топ: Қабырға мен омыртқа жотасы сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек
ІІ топ: Аяқ, қол сүйектері сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем.
ІІІ топ: Буын шыққанда, сіңір созылғанда көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек

Қорытындылау:

1.Тірек – қимыл жүйесі деп неліктен атайды?
2.Қаңқа деген не? Неше бөліктен тұрады?
3.Тұлға қаңқасын құрайтын сүйектерді ата?
4.Омыртқа жотасы қанша жерден иіледі, нәрестелерде иілімдер бола ма? Иілімдердің қандай маңызы бар?
5.Кеуде торы қандай сүйектерден құралады?
6.Қысқа сүйектерді атаңыз?
7.Түтікті сүйектерге жататындар
8.Адамда омыртқаларының саны
9.Төссүйек қайда болады, саны қанша?
10.Арқа омыртқасының саны қанша?

Үйге тапсырма:

1. «Менің денсаулық сақтаудағы қолданатын әдістерім» және «Ұлттық әдет-ғұрыптың организмді шынықтырудағы маңызы» Эссе жазу

2. Төмендегі сөздердің мағынасын ашу

Сөз сүйектен өтті

Сүйегі асыл адам

 Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан, үй тапсырмаларын орындаған, сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалау.

Бас сүйекте 22 сүйек бар, оның 14 — і бет және 8 — і бас ми сүйегі
Eң ұсақ сүйектер – құлақтағы ұсақ үш сүйек
Ең ұзын сүйек – бүкіл дененің төрттен бір бөлігін құрайтын сан сүйегі
Ең жалпақ сүйек – жамбас сүйек
Көптеген адамдарда 12 жұп қабырға бар, тек 500 адамның бірінде ғана 11 немесе 13 жұп қабырға болады. Біздің денеміздің көп бөліктерінің үштен бірі судан тұрады, ал сүйектер тек бестен бір бөлігін ғана құрайды.
Aдам денесіндегі барлық сүйектердің жартысынан астамы дерлік табан мен білекте орналасқан.

Адaм баласы әрбір саусағын өмір бойында 25 миллион рет бүгеді.
Адaм туылғанда тізесіндегі кесесі болмайды, ол 2 — 6 жас аралығында пайда болады.
Ересектерге қарағанда сәбилер көп сүйекпен туылады. Кейін кейбір сүйектер бітісіп кетеді. Бірақ жаңа туылған сәбилерде болмайтын нәрсе бар. Ол – тобық. Ол тек 2 — 6 жастарда пайда болады
Адам қаңқасында 1200 г кальций, 530 г фосфор, 11 г магний бар. Сүйек кірпіштен 30есе, ал граниттен 2, 5 есе қатты. ) Қаттылығы жағынан қорғасыннан 9 есе асып түседі. Адамның ортан жілігі тік тұрған күйінде 1, 5 т, ал асықты жілігі 1, 8 т қысымға шыдайды.
Сүйек мықтылығына жілік басындағы сүйек талшықтарының айқаса орналасуы беріктік қасиет береді. Бұл қасиетті көпір, мұнара салуда қолданады екен

7 — тапсырма: Шығармашылық жұмыс /оқушылар ұлттық дене шынықтыруымыздың тірек — қимыл жүйесінің дамуындағы өз орнын нақты дәлелдермен түсіндіру керек. Мысалы: алтыбақан, қыз қуу, көкпар, ат шабыс, бәйге, күрес, арқан тарту. /

8 — тапсырма: 1. Анаграмма

Ж Б Ұ Ж С
А А Ғ А А
У Н А М Б
Ы Т О Б Ы
Р Ж І Л Қ
Ы Б Н І Қ
Н У Ы О М
А Қ Т Р Ы

Сәйкестігін анықта:
1 Атлант ———— А. бірінші мойын омыртқа
2 Дәнекер ————— Ә. Сүйек ұлпасы
3 Сүйек қабығы ————— Б. сүйектің сыртқы қабаты
4 Буын ——————————- В. Сүйектің қозғалмалы байланысы
5 Жетім қабырғалар —————- Г. төске жетпей қысқа күйінде болатын қабырғалар
6 Сүйек кемігі ————————— Ғ. Сүйек қуысында болатын қан түзілетін мүше

9 — тапсырма: «тест жұмысы»
1. Сүйектің қабығы қай ұлпаға жатады.
а) май ә) дәнекер б) жүйек в) жабын
2. Жалпақ сүйектер
а) қабырға ә) жауырын б) жамбас в) шынтақ
3. Адамның сүйек саны
а) 300 ә) 100 б) 200 в) 50

4. Мойын омыртқалар саны
а) 8 ә) 5 б) 7 в) 10
5. Сүйекке қаттылық беретін зат
а) Ақуыз ә) Көмір су б) Май в) Тұз
6. Сүйектің өсуімен дамуына әсер ететін без
а) гипофиз ә) қалқанша без б) бүйрек үсті безі в) ұйқы безі
7. Мешел ауруы қандай химиялық элементтің ішекке сіңбеуінен пайда болады?
а) Калий ә) Натрий б) Кальций в) Темір
. 8. Жамбас сүйектің қай типіне жатады?
а) Ұзын ә) Қысқа б) Жалпақ в) Жіңішке
9. Сүйектің өсуімен дамуын реттейтін дәрумен
а) А ә) В б) С в) Е
10. Сүйектегі қан түзілетін орындар
а) Сары түсті ә) Қызыл түсті б) Жілік майы в) Сүйек ұлпасы

Жауаптары:
1 — ә, 2 — ә, 3 — б, 4 — б, 5 — в, 6 — ә, 7 — б, 8 — б, 9 — е, 10 — ә,.
Қорытынды: Оқушы білімін бағалау.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ