ІV Республикалық «Үздік балабақша тәрбиешісі» олимпиадасы өтеді

7
3920

Martebe.kz республикалық білім порталы ұйымдастыратын бұл байқау биыл алғаш рет онлайн тест форматына көшірілді. Қатысушылардың білім деңгейін әділ бағалау үшін тест форматы өте тиімді деген ойдамыз. Алдағы уақытта сайтымыздағы барлық байқауларды онлайн тест форматында Qaztest.kz сайтында өткізетін боламыз. 

qaztest.kzҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты атанған  Martebe.kz республикалық білім порталы Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитетімен біріге отырып республикамыздағы мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері арасында өтетін ІV республикалық «Үздік балабақша тәрбиешісі»  олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) жариялайды. Байқау биыл алғаш рет тест форматында өткізіледі.

Олимпиадаға мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет жасайтын тәрбиешілер қатыса алады. Олимпиаданың 1-кезеңінде типтік бағдарлама мен ҚР жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша, 2-кезеңінде білім беру әдістемесі бойынша беріледі. Олимпиада qaztest.kzсайтында өтеді.

Олимпиада екі кезеңнен өткізіледі. Бірінші кезең уақыты: 20 қараша – 13 желтоқсан. Екінші кезең уақыты: 14 – 23 желтоқсан аралығы.

Қорытынды 24 желтоқсан күні сайтта жарияланады.

Олимпиада жүлдегерлеріне І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және екі кезең нәтижесі бойынша ең жоғары ұпай алған 50 тәрбиеші «Үздік тәрбиеші» төсбелгісімен марапатталады.

Олимпиаданың ақпараттық демеушісі Martebe.kz республикалық білім порталы. Олимпиада туралы толық ақпаратты +7(727) 229-63-69; +7 700 978 59 22; +7 775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

 

ІV Республикалық «Үздік балабақша тәрбиешісі» қашықтық олимпиадасының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

 1.      Жалпы ереже

1.1.        Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды; 

1.2.        Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже Qaztest.kz және Martebe.kz сайттарында жарияланады. 

1.3.        Олимпиаданың 1-кезеңі 20 қараша – 13 желтоқсан, 2-кезең 14 – 23 желтоқсан аралығанда qaztest.kz сайтында онлайн өткізіледі. Тестілеу уақыты — 50 минут; 

1.4.        Олимпиаданың 1-кезеңінде типтік бағдарлама мен ҚР жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша, 2-кезеңінде білім беру әдістемесі бойынша беріледі; 

1.5.        Олимпиадаға мектепке дейінгі білім беру ұйымында қызмет жасайтын тәрбиешілер қатыса алады; 

1.6.        Тест сұрақтарын Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті мектепке дейінгі білім беру кафедрасының мамандары дайындайды;  

1.7.        Тапсырмалар ұйымдастырушылармен бекітіледі. 

1.8.        Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.  

 2.      Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

2.1.        Тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін анықтау;

2.2.        Бала тәрбиесіндегі тәрбиешілердің алатын орны мен маңызын насихаттау;

2.3.        Балабақша қызметкерлерінің шығармашылық ізденісі мен қабілеттілігін дамыту.

3.      Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

3.1.        Олимпиада 2 кезеңнен, әр кезең 25 сұрақтан барлығы 50 сұрақтан тұрады. Тестілеу уақыты — 50 минут;

3.2.        Бірінші кезеңнен 17 ұпайдан жоғары алған қатысушылар 2-кезеңге  жолдама алады;

3.3.        Екінші кезең нәтижесінде 17 ұпайдан жоғары алған қатысушылар жүлделі орындарға ие болады;

3.4.        Сертификаттар жеке парақшасында сақталады және  эл почтасына жіберіледі;

3.5.        Екі кезең нәтижесін қоса алғанда ең жоғары ұпай жинаған 50 қатысушы «Үздік тәрбиеші» төсбелгісімен марапатталады;

3.6.        Төсбелгі алған қатысушылардың марапаты казпочта қызметі арқылы жіберіледі.

 4.      Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

4.1.        Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

4.2.        Өзге педагогқа орындатқаны белгілі болса нәтижесі жойылады;

4.3.        Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

4.4.        Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

4.5.        Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;

4.6.        Координатор бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады. Толық нұсқаулық сайттың жоғарысында «Көмек» бөлімінде көрсетілген;

4.7.        Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

4.8.        Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru  почтасына қабылданады.

 

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 600 теңге, екі реттік тест – 1000 теңге. Екінші кезеңге қатысу үшін қайта төлем жасалынады. Толық ақпарат сайтта көрсетілген.

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Бірінші кезеңде 17 ұпайдан жоғары жинаған қатысушылар 2-кезеңге жолдама алады. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі сайтта жарияланады. 2-кезеңнен 17 ұпайдан жоғары алған қатысушыларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 23-25 ұпай

ІІ орын –  20-22 ұпай

ІІІ орын – 17-19  ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары электронды түрде почталарына жіберіледі. Олимпиадада екі кезең нәтижесін қоса алғанда ең жоғары ұпай алған 50 тәрбиешіге «Үздік тәрбиеші» төсбелгісі беріледі (Төсбелгіге бір ұжымнан 3 қатысушы ғана енгізіледі). Қорытынды нәтиже, яғни олимпиада жеңімпаздары 24 желтоқсан күні жарияланады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады.

Бір ұжымнан 15-тен астам қатысушыны ұйымдастырушы координаторға алғыс хат беріледі. Координатор қатысушылардың тізімін qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

Координатор Алғыс хаты үшін өтініш үлгісі

Мектеп атауы, мекен-жайы, индексі және байланыс нөмірі
Реті Қатысушылардың аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Координатордың аты-жөні, телефоны
1.

 

Ескерту! Координаторға берілетін алғыс хат үшін өтініш хаты жіберілмеген жағдайда марапаттар жіберілмейді.

 

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

Төлемдер QIWI және 24 касса терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Терминалдар арқылы және онлайн төлем жасаған қатысушылар түбіртек жіберуінің қажеті жоқ. Олардың төлемі жеке парақшасына бірден түседі. «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

 

ҚАТЫСУШЫЛАР САНЫ КӨП БОЛСА, ОСЫ ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТҮРІН ТАҢДАҢЫЗ!

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор» болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Ауылдық жерлерден қатысушылар немесе ұжым болып қатысушылар Қазпочта және Халық банктері арқылы төлем жасай алады. Қазпочта немесе Халық банк бөлімшесіне барып, төмендегі реквизитті көрсету арқылы төлем жасайсыз. Егер бірнеше қатысушы қатысатын болса, барлығы бірге төлеуге болады.

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ;

БИК: KSNVKZKA

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Код 19

КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді халық банктен және казпочтадан жасай аласыздар.

Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

 

Қосымша реквизит:

Каспий голд:  5169 4931 3102 2470; ЖСН (ИИН): 870327401578 Акгуль Зариповна (Тел: 87759988387). Жуық арада каспи қосымшаға қызметтерімізді қостыру жоспарлануда.

Төлем жасалғанын растайтын квитанцияны qaztest.kz@mail.ru почтасына «Төлем квитанциясы» деп және үлгі бойынша өтінішті толтырып жіберу керек. Өтініште жазылған почталар qaztest.kz сайтында тіркелген болуы міндетті. 

 

ТӨЛЕМ ТҮБІРТЕГІН ЖІБЕРУШІЛЕР ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Қатысушының аты-жөні  Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті)  Төлем құны мен тест саны (1 реттік тест, 2 реттік тест)
     

Өтініш жазу тек реквизит арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Терминал арқылы немесе онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті қосып беретін болады.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9-00 ден 18-00-ге дейін. Түскі үзіліс: 13-00-14-00.

Сенбі, жексенбі күндері – демалыс.
Қосымша ақпарат алу телефоны:  +7 727 229 63 39; +7 700 978 59 22; +7775 998 83 87.


7 ПІКІРЛЕР

  1. Қатысамын. Кет келген уақытта тесттен өте беруге бола ма?

  2. Қайырлы күн! Ия, сайт тәуліктің барлық уақытында жұмыс жасайды. Ал бірінші турға қатысып 13 желтоқсанға дейін өтуіңіз керек.

  3. Екінші турға өткен қатысушылар сайтқа жариялана ма? Әлде барлығы екінші турға қатыса бере ма?

  4. 17 ұпайдан жоғары алғандарға 2 турға жолдама беріледі. Екінші турға тек жолдама алғандар ғана қатысады

  5. сәлеметсіз бе калайсыздар? жаңа жылыныздарынызбен. 2020 жыл үздік балабақша тәрбиешісі кашан болады? катыскым келеді

  6. Қайырлы күн! Бізде ол олимпиада келер жылы күзде өтеді. Ал қазір Qaztest.kz сайтында «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері» деген олимпиада жүріп жатыр. Соған қатысуыңызға болады.

  7. Сәлеметсіздерме Үздік балабақша тәрбиешісі олимпиядасына қалай каспий арқылы төлем жасауға болады

ПІКІР ҚАЛДЫРУ