Жұбан Молдағалиев өмірі және шығармашылығы. «Мен — қазақпын» поэмасы

0
13039

Сабақтың мақсаты: Ж.Молдағалиевтың қалам өнеріндегі асқан дарынын және шеберлігін таныту арқылы ақынның шығармашылығын оқуға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, «Мен қазақпын» поэмасына талдау жасау.

Шығарманы жан-жақты талдау арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, ізденіс-шығармашылық дағдыларын және тіл мәдениетін дамыту.

Елін, жерін, халқын қадірлей отырып, Отанға , тілге деген сүйіспеншілік сезімдері арқылы патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақтан күтілетін нәтиже:

  1. поэманың тақырыбы мен идеясын ашу, мазмұнын толық меңгеру.
  2. оқушыларды поэманы әдебиет теориясы тұрғысынан талдауға үйрету.
  3. өз бетінше ізденуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, Ж.Молдағалиев суреті, слайд-презентация, «Жау жүрек мың бала» бейнетаспасы, Ерболат Құдайбергеновтың «Мен қазақпын»әнінің клипі.

Сабақтың түрі: талдау сабағы

Пәнаралық байланыс: география, тарих, музыка, қазақ тілі.

Құзіреттіліктер: қатысымдық, тілдік, лингвистикалық, мәденитанымдық, ақпараттық.

Сабақтың барысы

I . Ұйымдастыру бөлімі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

  1. Топпен, нөмірленген орындарға орналастыру.
  2. Сабақтың ерекшелігін айта отырып, зейіндерін сабаққа аудару.
  3. Өткен сабақ бойынша оқушылардың білімін тексеру:

Үйге берілген тапсырма бойынша Жалғастыру әдісі арқылы Мұқан Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесін мазмұндау.

Оқушылар алдарыңызда 1 нөмірлі орында отырған оқушылардың тапсырмалары бар, ендеше сол тапсырмалар бойынша сабақ айтуға дайындаламыз.

  1. М.Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесін мазмұнда
  2. Шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме бер.
  3. Шығарманың композициялық құрылысына талдау жаса.

III. Жаңа материалды түсіндіру: Бейнефильм көрсетіледі.Ерболат Құдайбергенов «Мен қазақпын». Сұрақ: Бұл кімнің шығармасы және тақырыбы, орындаушысы кім? Ендеше, сабақтың тақырыбы: Ж.Молдағалиевтың өмірі және шығармашылығы. «Мен қазақпын» поэмасы.  Сабақтың эпиграфы:

«Өлеңге ерте келіп, кеш ер жеттім,

Ойлағам шалалықты кешер деп кім?

Қағазға қалдыруға асығыппын

Көңілдің қуанышын, кесел дертін».

Ж.Молдағалиев

Оқушылар дәптерлеріне жазып болған соң Алдарындағы нөмірленген қағаз арқылы топ жетекшісі тапсырмаларын үлестіреді.

2 орындарда отырған оқушылардың тапсырмалары:

2.1. Ж.Молдағалиев өмірі және шығармашылығы.

2.2. Ж.Молдағалиевтың «Анкетама қосымша» мазмұны, үзінді оқу.

2.3. Жұбан ауылы, мұражайында болған кездесуден үзінді. (бейнефильм)Оқушы шығармашылығы.

3.1. Ақынның біз білетін өлеңдерін мәнерлеп оқу.

Оқытушының сөзі: Жұбанның ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әлемге мойындатқан шығармасы – «Мен қазақпын» поэмасы.(1964 жыл)

«Жұбан шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз. Қазақ жері мен суынан, желі мен көгінен нәр алған даладай тынысты, пәрменді поэзияны танимыз.»

Мүсілім Базарбаев

Оқушылар алдын ала берілген тапсырмалар бойынша ойларын ортаға салады.

Тапсырмалар:

4.1. Поэмада қай кезеңнің оқиғалары сипатталады?

4.2.Поэмадағы қазақ даласы.

4.3. Композициялық құрылысына талдау.

5.1.  Поэмадағы жекелеген шумақтарға талдау.

6.1. «Мен қазақпын» поэмасынан үзінділер оқу.

7.1. Үлестірмелер тапсырмалары

7.2. Топ оқушыларының түйінді қорытындысы.

  • 1920ж.5 қыркүйек Орал облысы, Тайпақ ауданы, Жыланды деген жерде дүниеге келген.
  • 1940 ж. Орал. Ауыл шаруашылық техникумын бітіреді.
  • 1940-1947 ж. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, әскер қатарында болады.
  • 1947 ж. «Қызыл галстук» дастаның жазған.
  • 1948-1952 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің орынбасары болады.
  • 1949 ж. «Жеңіс жырлары» атты алғашқы жыр жинағы шығады.
  • 1950-1951 ж. «Нұрлы жол» дастаны жазылып, жеке кітап болып шығады.
  • 1953-1954 ж. 1963-1971 ж. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының екінші хатшысы болады.
  • 1957 ж. «Дала дастарқаны» дастаны бір кеште жазылып, «Қазақ әдебиеті» газетінің мерекелік санында жарияланады.
  • 1958 ж. «Жыр туралы жыр», «Қиял қанаты» дастандары жазылады.
  • 1958-1965 ж. «Жұлдыз» журналының бас редакторы болады.
  • 1979-1988 ж. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы болады.
  • 1969-1970 ж. «Кісен ашқан», «Сел» дастандары үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болады.
  • 1978 ж. «Қыран дала» дастаны Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанады.
  • 1984-1985 ж. КСРО қорғаныс Министрлігі сыйлығының лауреаты атанады.
  • А.Фадеев атындағы алтын медальды иеленеді.
  • «Қазақстанның халық жазушысы» атағына ие болады.
  • Ақынның туған жеріне ескерткіш орнатылады.
  • Орал қаласындағы № 2 орта мектеп, облыстық кітапхана Жұбан Молдағалиевтің атымен аталады.
  • 1986 ж. Айтулы Желтоқсан оқиғасына қатысады.
  •  1987 ж. Ақын қайтыс болады.
  • 2000 ж. Облыстық кітапхана жанындағы гүлбаққа Жұбан Молдағалиев аты беріліп, оның ескерткіші орнатылды, бұл гүлбақ Жұбан оқуларын жыл сайын өткізетін орынға айналған.
  • 2010 ж. Ақынның 90 жылдық мерейтойы республика көлемінде ұйымдастырылды.

3.Қазақ деген қандай халық?

Қазыбек бидің қалмақ ханы Қонтажыға айтқан сөзі

Біз қазақ деген  мал баққан елміз,
Бірақ, ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.
Елімізден кұт-береке    қашпасын деп,
Жеріміздің шетін   жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз!
Ешбір дұшпан  басынбаған елміз,
Басымыздан сөзді   асырмаған елміз!
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәмі, тұзын ақтай  білген елміз,
Асқақтаған хан болса,
Хан ордасын таптай   білген елміз!
Атадан ұл туса, құл боламын  деп тумайды,
Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды,
Ұл мен қызды қаматып  отыра  алмайтын елміз!

 

Поэмаға толық композициялық талдау жасасақ:

Авторы: Ж.Молдағалиев

Поэманың тақырыбы: еліне, жеріне, өз ұлтына деген  сүйіспеншілік.

Идеясы: өз  ұлтын сүю, ұлтшылдық емес, ұлтжандылық .

Басталуы: бесіктегі пәк сәби ұлт

Дамуы: «Ақтабан шұбырынды»

Байланысуы: Россия Адамы. Дала мұңы.

Шиеленісуі: Өмірдің жарық төрі үшін күрес

Шарықтау шегі: Бесжылдықтар белесі

Шешімі: байтақ ел азаматы

Поэманың жанры: Лирика-публицистикалық стиль

Қазақ халқының өткен өмірі, тағдыры жайлы үлкен толғаныс жасады. Ол қазақтың ұлттық характеріні қалыптасу жолы – оның ерлік дәстүрі, рухының жоғарылығы, елі мен жері, байлығы, адамдары жайлы бейнелі, пафосты жыр төкті.

1 бөлім 18 шумақ 72 тармақ 3 бунақ , 11 буын  қара  өлең  ұйқасы

2 бөлім 19 шумақ 76 тармақ 3 бунақ , 11 буын  қара  өлең  ұйқасы

3.бөлім18 шумақ 72 тармақ 3 бунақ , 11 буын  қара  өлең  ұйқасы

4 бөлім 30 шумақ 120тармақ 3 бунақ , 11 буын  қара  өлең, шұбыртпалы  ұйқас.

5 бөлім 38 шумақ 152 тармақ 3 бунақ , 11 буын  қара  өлең  ұйқасы

6 бөлім 20 шумақ 80 тармақ 3 бунақ , 11 буын  қара  өлең  ұйқасы

7 бөлім  45 шумақ 180 тармақ 3 бунақ , 11 буын  қара  өлең  ұйқасы

8 бөлім 44  шумақ 176 тармақ 3 бунақ , 11 буын  қара  өлең  ұйқасы

9 бөлім  20  шумақ 80 тармақ 3 бунақ , 11 буын  қара  өлең  ұйқасы

10 бөлім  29  шумақ 116 тармақ 3 бунақ , 11 буын  қара  өлең  ұйқасы

 

  1. Жаңа тақырыпты бекіту:

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім – күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Поэма осылай басталады да, осы шумақ қазақ халқының өміріне қатысты тараулардың барлығында қайталанып отырады. Бұл – сол тараулардың бәріне ортақ идеялық түйін. Әр тараудың мазмұны осы ойдан өрбиді. Мұнда «мың өліп,мың тірілген» халықтың өлмес тарихы, жөргегінен мұңмен танысқан азапты жолы, жыласа «күн тұтылғандай, күлсе түн түрілгендей» шын сезімі көркем бейнеленеді. Поэма қаһарманы – қазақты осылай кейіптеу халық тарихының түрлі кезеңдерінде оның тұтас табиғатын таныту үшін әдейі қолданылады.

Ерболат Құдайбергеновтың орындауындағы «Мен қазақпын» әні тыңдалады.

Y . Оқушыларды бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

  1. Үйге тапсырма. Поэмадан үзінді жаттау. «Менің елім – мәңгілік ел» тақырыбында эссе жазу.

YII. Сабақты қорытындылау: Әр топ оқушыларының қорытындысы.

Сындарға түсіп, қайралып талай шынықтық,

Шаршаған сәтте жырыңды оқып тынықтық.

Көкірегі ояу оқырман, болса ойлы бас,

«Мен қазақпенен»өлшенетіндей биіктік.

Қорғадың елді қаныңмен және тіліңмен,

Азаматтықты байқады көрген түріңнен.

XXI – ші ғасырда мынау қаһарман

1001-ші қазақ өзіңсің,аға, тірілген.

Өлеңті орта мектебінің зейнеткер ұстазы ,ақын Үзілдік Елубайқызының «Ағаны аңсау»өлеңінің осы жолдары қорытынды іспетті.

«Жұбан поэзияда оңай жолды іздемейтін, өз творчествосына барынша қатал, жалпы қазақ әдебиеті алдындағы жауапкершілікті айнытпай ту етіп көтерген қалам қайраткері» С.Шаймерденов сөзі де қорытындыдай естіледі.

Оқушының шығармашылығынан арнау-тілегі.

Поэманың сэжеттік жинақылығы, образдық жүйесі мен ойлылығы, сезімталдығы, шұрайлы тілі Жұбанның үлкен ақындық табысына кіреді. Ол аз айтып, көп мағынаны аңғартуға, жарқын суреттер жасауға көтеріледі. Тілінде шешендік, тапқырлық мол.

… Тіркелді күн даламда сан күйінген,

Қызға ұқсаймын мен тұңғыш сән киінген.

Жазып жүрмін жаңа өмірбаянымды,

Қанмен, термен, қаламмен, ән-күйіммен.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Р.Бердібай, Р.Нұрғали, Б.Ыбырайым «Қазақ әдебиеті»11-класс оқулығы

2.Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын» ,  «Атамұра» баспасы, 2007 жыл

3.Жұбан Молдағалиев , Таңдамалы шығармалар, «Алатау»баспасы, 2015ж.

  1. Бейнефильм
  2. Ж.Молдағалиев «Анкетама қосымша»
  3. «Қазақтың Жұбаны» мерейтойларына арнап шығарылған баспа материалдары
  4. Естеліктер

 

Бейлова Маржан Серикбаевна

Орал политехникалық колледжі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ