Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам

0
2538

  Әлемде адамзаттың саны 7 миллиардтан асады. Сол пенделердің » — деген сұрақ пайда болады. Әрине,адамдар өзара екіге бөлінеді оптимисттер мен пессимисттер немесе шыншылдар мен өтірікшілер болып. Оптимисттер: « Жоқ, шындықтанда тұрады бұл әлем » — деуі мүмкін. Ия, әр адамның ойы құнды. Біз оны терістей алмаймыз. Бірақ ойланып қарайықшы, біреудің шындығы өзгеге өтірік болса , біреудің өтірігі өзгеге шындық болады. Ал, енді « мен ешқашан өтірік айтпаймын » — деп көріңізші . Сонымен қатар халықтың аузында жүрген жақсы сөз бар: «ешқашан ешқашан деп айтпа » деген .

  Өмірдің өзі бізді өтіріксіз өмір сүру қиын екенін дәлелдеді. Жәй ғана судан құрғақ болып шығудан да өтіріктің көмегі керек болып тұратыны рас.

  Абай атамыздың өзі жиырма төртінші қара сөзінде : « … қазақ ортасындада ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен? » — деп сұраған болатын. Әй, қайдам, ондай күн тумас. Бәріміз білетін « …Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз » — деп адамның бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынға алған қара сөзінде өтірікті қосқан болатын. Өйткені Абай атамыз ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті шын деп ант ететұғын кісілерді имансыз, азған адамдарға теңеген.

  Мамандардың зерттеуінше ең шыншыл адамның өзі бір күнде төрт өтіріктен елу өтірікке дейін, ал әсіліндеадам бір күнде екі жүз өтірікке дейін айтады екен. Ал енді өтіріктен құтылып көріңіз. 2008 жылы 19 елде сауалнама жүргізілген болатын, ол сауалнаманың нәтижесінде адамдар өткен онжылдықтарға қарағанда қазір өтірікті көбірек айтады екен. Біз қазақ халқы мұсылман болғандықтан бізге мүлдем өтірік айтуға тиым салынған. Бірақ шариғатта өтірік айтуға болатын жерлер бар. Олар:

— Бір адам екі жақты жарастыру мақсатымен айтса ;

— Бір адам соғыс кезінде айла үшін айтса ;

— Күйеуі әйелімен сөйлескен кезде және әйелі күйеуімен тілдескен кезде .

Ерлі-зайыптылар арадағы көркем қатынасты сақтау үшін өтірік айтса болады. Ал одан басқа ниет көзделсе, онда өтіріктің қай түрі болмасын-харам. Сондықтан өтіріктен аулақ болуға тырысайық. Шындық қаншалықты ашшы болсада, айтуға жасқанбаңыз.

“Өтіріктің арты бірақ тұтам”, адам өтірікке жақындаған сайын, Алладан алыстайды. Кім тек қана шындықты өзіне дос тұтса Алланың алдында шыншылдардың қатарында жазылады.

Диара Қалдыбек


ПІКІР ҚАЛДЫРУ