Қойдың емдік қасиеттері

0
1103
Иллюстрация: Freepik.com

Ертеректе дәрi тапшы болса, қазiр удай қымбат, химиялық құрамына да сенуге болмайды. Осындай сәтте халық медицинасында баяғы заманнан келе жатқан қазақи емнiң түрi- кәдiмгi қойдың емдiк қасиеттерi жайында бiлген де артық болмас.

Терiге түсiру — қой терiсiмен жел, құз, құяң ауруына шалдыққандарды емдеген. Ол үшiн семiз қойды бiтеу сояды да, оған ермендi бүрiмен қоса қайнатып, суын терiнiң iшiне құяды. Науқас адамды шешiндiрiп, 2-3 сағаттай сол терiге орап қояды. Бұл әдiс «терiге түсiру» деп аталады. Терiге түскен адам жылы оранып жатып, 2-3 күндей сорпа iшiп күтiнуi керек.

Қой құйрығы — жөтелдi басып қақырықты түсiредi. Тұмаудан кейiнгi созылмалы жөтелге құйрық майды ыстық сүтке ерiтiп iшедi. Суық тиген баланы да құйрық маймен сыласа, жазылып кетедi.

Қойдың жыны — буын, тiзе сырқырағанда, қолданады. Жаңа сойылған қойдың қарнын жынымен қоса алып, оны ыдыстағы ыстық суға салады. Содан кейiн қарынның үстiңгi жағын тiлiп, науқастың екi аяғын жынға батырып, жылылап орайды. Ыдыстағы су салқындай бастаса, үстiне ыстық су құю керек. Булаудан шыққаннан кейiн жылы киiнген дұрыс.

Қойдың өкпесi — жөтелдi тоқтатып, несеп жолдарының жұмысын реттейдi, iсiктi қайтарады. Егер жас қойдың өкпесiн тiлгiлеп, сiрке суы қосылған суға қайнатып, күнде екi-үш тiлiмнен жесе, қақырықты түсiрiп, өкпе демiкпесiн басады. Қойдың тоқ iшегiн сәбидiң көкбауыры ауырғанда шажырқай майын сыдырмай, дөңгеленген күйiнде кiндiктiң үстiне қойып, сыртынан орап қояды. Егер iшектiң жылуы бәсеңдесе, торсыққа жылы су құйып, iшектiң үстiне қояды. Бұл емдi бала терлегенше бiрнеше рет қайталайды.

Қойдың қарны — асқазан, iшек жолдарының дертiне, әйелдер ауруына, құяңға қолданады.

Науқас адамның екi аяғын көсiлтiп, ыңғайлап отырғызады да, жаңа сойылған семiз қойдың қарнын жылы күйiнде оның құрсағына қойып, сыртынан орап тастайды. Бiраздан соң науқас ағыл- тегiл терлейдi. Терi қалмас үшiн екi-үш сағаттан соң киiмiн ауыстыру қажет. Бұдан кейiн де бiрнеше күн сорпа iшiп күтiнген жөн.

Қой өтi — шаштың арасына ұсақ бөртпе түскенде қолданады. Шашты тақырлап алып тастап, басты сабындап жуғаннан кейiн бөртпенiң бетiн су қосылған өтпен сүртсе, бөртпе тез жазылады.

Қойдың жiлiк майы — туберкулезбен ауырған әлсiз адамдар, жиi ауыратын жас балалар жесе, мың да бiр дауа.

Жаңа сойылған қой етi — жұқалап тiлiп, жығылғанда пайда болған iсiкке тағып тастаса, iсiк тез қайтады әрi жара iрiңдемейдi. Шиқанға, сыздауыққа таңса, жара аузы ашылады.

Қойдың етiн күйдiрiп, күлiн сiрке суына езiп, жылан, шаян шаққан жерге таңса, уытты қайтарады, сыздап ауырғанын басады.

Етi сылынып алынған қойдың сүйегiн шауып, ұзақ уақыт қайнатып, сорпасын мөшел балаға үнемi iшкiзсе, нәресте тез оңалады. Бұл ем сынықтың тез бiтуiне де көмектеседi.

Басқа материалдар: 

  1. Қой сүтінің пайдасы мен артықшылығы
  2. Жануарлар туралы қызықты мәліметтер
  3. Зоологияға кіріспе. Жануарлар және олардың типтері
  4. Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
  5. Өз мүмкіндігімізді таниық (өзін-өзі танудан сабақ жоспары)
  6. «Аялай біл,сен деп соққан жүректі». Өзін-өзі танудан сабақ жоспары
  7. Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдылары
  8. Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
  9. Сабақ жоспары: Күләш Байсейітованың өмірі мен қызметі
  10. Өз-өзімді сүйемін (Ашық сабақ)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ