Қой сүтінің пайдасы мен артықшылығы

0
1838
Иллюстрация: Freepik.com

Қой бірнеше ай сауылып, қою, құнарлы сүт алынады. Қой сүті сиырдың сүтінен әлдеқайда құнарлы, майлы болады. «Қойдың сүті қорғасын, қойды ұрған оңбасын» деуі– қой сүтінің айрықша сіңімді, қуатты, жұғымды екендігінің дәлелі.

Қойдың сүті сұрғылтау болып келеді. Қой сүті тым қою болғанда, оған аздап су қосып та пайдаланады. Су қосылған сүтті ертеректе сүмесін деп атаған.

Қойдың сүтіне күріш салып, сыркүріш аталатын күріш ботқа пісіреді. Ол баланың иммунитетін көтереді, асқа тәбетін ашады.

Қан қысымы бар адам қойдың сүтіне теңдей дәрежеде су қосып қайнатып, суы сарқылған соң құмшекер қосыңыз. Таңертең ашқарынға 15 күн ішсе өте шипалы.

9 жастан жоғары бала өкпе туберкулезіне шалдықса, оны емдеуде тұсақ қойдың сүтін ішкізген. Қойдың сүті аурудан айықтырған.

Абайсызда жылан немесе басқа да улы жәндіктер шаққан жағдайда, қой сүйегін күйдіріп, сірке суына малып,  мақтамен орап, шаққан жеріне таңып қойса, удың ағзаға тарап кетпеуіне көмектеседі.

Ыстық, аптапты күнде шалап кімнің болса да шөлін қандырады. Аналарымыз қойдың сүтінен айран жасап, сол айранға су құйып, шайқап шалап еткен. Шалап асқазанға тез қорытылады, шөлді басады.

ҚОРЫҚТЫҚ – қазақ ұлтының қойшылары кең өрісті сахарада қойды өрістетіп, ұзап шыққан кезде істеп ішетін ас. Қыркүйек айында қойды таңертең кеткеннен кешке бір әкеледі. Алдымен бірнеше қойды сауады. Отын жағып, сол отынға домалақ (кебір-бұдыры жоқ) 5-6 тас таңдап алып тастайды. Әбден тас қызған кезде саптаяқтағы сүттің ішіне бірден кезек тастап отырады, осы кезде саптаяқтағы сүт борылдап қайнап, әбден пысады. Міне мұны қорықтық деп атайды. Қорықтық өте дәмді, қоректігі күшті, жұғымды, қою ас. Қорықтық ішкен адамның денесі шымыр, суыққа төзімді келеді.

Басқа материалдар: 

  1. Жануарлар туралы қызықты мәліметтер
  2. Зоологияға кіріспе. Жануарлар және олардың типтері
  3. Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
  4. Өз мүмкіндігімізді таниық (өзін-өзі танудан сабақ жоспары)
  5. «Аялай біл,сен деп соққан жүректі». Өзін-өзі танудан сабақ жоспары
  6. Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдылары
  7. Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
  8. Сабақ жоспары: Күләш Байсейітованың өмірі мен қызметі
  9. Өз-өзімді сүйемін (Ашық сабақ)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ