Зоологияға кіріспе. Жануарлар және олардың типтері

0
1783
Freepik.com

Зоология – жануарлар организмдерінің құрылысын, дамуын, Жер бетінде таралуын, басқа организмдермен қарым-қатынасын, тіршілік ортасымен байланысын анықтайтын және тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым, биология ғылымының бір саласы.

Жер бетіндегі негізгі жануарлар типі және олардың түр саны:

► Қарапайымдар (бір жасушалылар)

[70 мыңға жуық түрі бар]

1) саркодиналар (тамыраяқтылар)

2) талшықтылар

3) кірпікшелілер

4) споралылар

► Көп жасушалы жануарлар:

4) губкалар ~ 8 мың түр

5) ішекқуыстылар ~ 9 мың түр

6) жалпақ құрттар ~ 15 мыңнан астам түр

7) жұмыр құрттар ~ 20 мың түр

8) буылтық құрттар ~ 9 мың түр

9) буынаяқтылар ~ 1 млн-нан астам түрі белгілі

10) ұлулар ~ 130 мыңнан астам түр

11) тікентерілілер ~ 6 мың түр

12) желілілер ~ 40-45 мыңдай түрі бар

Жануарлар да, өсімдіктер де бір-біріне ұқсас күрделі заттардан — жасушалардан құралған тірі организмдер болып табылады.

Жануарлар да өсімдіктер тәрізді көбейеді, қоректенеді, тыныс алады.

Сондай-ақ жануарлардың тұқымқуалаушылық, өзгергіштік, тітіркену, газ алмасу, зат алмасу қасиеттері де өсімдіктерге ұқсас.

Жануарлардың маңызы:

  • табиғатта олар консументтер, санитарлар, тозаңдаңдырушылар, топырақ түзушілер.
  • адамзат үшін — қорек көзі, өнеркәсіп объектісі, сонымен қатар ауыр еңбекте көмекші.

Басқа материалдар: 

  1. Биология пәнін таңдаған түлек қай саланы таңдай алады?
  2. Биологиялық мембраналар
  3. Биологиядан ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
  4. Биологиядан ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)
  5. Липидтер. Адам ағзасындағы негізгі майлар және олардың биологиялық рөлі
  6. Сорбит ұнтағы мен лактоза, крахмал туралы
  7. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  8. Биологиядан үлгілік ҰБТ сұрақтары

ПІКІР ҚАЛДЫРУ