Биология пәнін таңдаған түлек қай саланы таңдай алады?

0
1043
Иллюстрация: Freepik.com

Биология пәнін таңдаған түлек келесі 4 негізгі салалар бойынша оқуға түссе болады. Олар:

1. Медицина саласы (медициналық университет). Көбісі биология пәнін аталған сала бойынша оқуға түсу үшін таңдайды. Егер оқу жайлы қысқа айта өтетін болсақ, оқу оңай емес (қай жерде болмасын), себебі дәрігер үлкен жауапкершілікті, біліктілікті талап ететін мамандық, көп ізденуге, тәжірибеден өтуге тура келеді. Егер келешекте дәрігер болуды шынымен қалайтын болсаң ғана түсуге кеңес беремін, «ата-ананың айтқанымен», т.б. себептер мұнда «өтпейді», сондықтан медицина саласын таңдамас бұрын «мен мұнда шынымен оқығым келеді ме?» деп жақсылап ойлан.

2. Ғылым саласы (биология факультеті). Биология таңдаған түлектердің арасында аталған сала аса бір сұранысқа ие болмаса да, биология пәнін қатты жақсы көретін кейбір түлектер өз таңдауың осы салаға жасайды. Сол себепті назар аудармай кеткен дұрыс болмас. Мұнда сен биология ғылымын жай жасушадан бастап, толыққанды организмге дейін оқып білесің, зерттейсің, меңгересің. Қайтадан: медицина саласындағыдай мұнда да биология факультетіне түсу үшін биология пәнінің өзін үлкен сүйіспеншілікпен оқи білу керек. Онша ұнамаса, түспеген абзал.

3. Педагогика саласы (педагогика факультеті). Мектепте саған сабақ беретін мұғалімдер ұнамай ма? Олардың қаншалықты біліксіз екенін қынжыла бермей, қалай дұрыс оқыту керектігін көрсеткің келе ме? Педагогика саласына барсаң, биология пәнінің мұғалімі боласың. Көп созбаймын, егер мұғалімдік жолың қуу ойыңда болмаса, аталған бағытта алға өрлеу қиын, себебі мамандық жоғары біліктілікті талап етеді. Ойлан: өзі сабақ беретін пәнін онша білмейтін мұғалім оқушыға қалай білім бере алады? Сондықтан «анау-мынау болмаса, мұғалімге түсе саламын ғой» деп немқұрайлылық танытпаған абзал.

4. Ветеринария саласы (ветеринария факультеті). Бұл сала жайлы көбісі онша айта бермейді, әйтсе де өте қызықты бағыттардың бірі. Мұнда тек жалғыз кеңесімді бере аламын: егер жануарлардыұнатпайтын болсаң, түспей-ақ қойғаның жөн болады.

Қосымша:

Жоғарыда аталып өткен салалардан басқа бірнеше ерекше салалар бар: биотехнология, биоинформатика, биофизика және т.б. Егер сондай салалардың біріне түсейін деп жатсаң, ғаламтордан едегі және шетелдік ақпарат көздерін оқып білген дұрысырақ болады.

Дереккөз: Ұбт Академиясы (Биология)

Басқа материалдар: 

  1. «10-3-2-1» формуласы: Түнгі ұйқың тыныш, күндіз ширақ болғың келсе…
  2. 5/25 ережесін тиімді қолданыңыз
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  6. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  7. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  8. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  9. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет
  10. Помодоро әдісі және оның пайдасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ