Биологиядан ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)

0
1584
Иллюстрация: Freepik.com

1. Қазақстан Республикасының алғаш шыққан Қызыл Кітабы:

A) 1992 ж. B) 1981 ж. C) 1980 ж. D) 1978 ж. E) 1990 ж.

2. Өсімдікке жасыл түс беретін пластид

A) Хлоропластар

B) Лейкопластар

C) Хромопластар

D) Вакуоль

E) Грана

3. Бір жасушалы ағза

A) Айқұлақ.

B) Ақ сұлама.

C) Вирус.

D) Шұбалшаң.

E) Жасыл эвглена.

4. Құстардың қарны … бөлімнен тұрады

A) 3

B) 5

C) 4

D) 2

E) 6

5. Бұршақ тұқымдасының белгісі:

A) Жемісі — бұршаққын.

B) Аталығы көп.

C) Жемісі — бұршаққап.

D) Гүлінде бір аналық, алты аталығы бар.

E) Жемісі — жидек.

6. Ең жіңішке қантамырлар.

A) капилляр (қылтамырлар)

B) артерия

C) капилляр және артерия

D) қолқа

E) вена

7. Қосалқы бүршіктердің дамитын орны —

A) Жапырақта, тамырда, сабақта, тамырсабақта.

B) Жапырақ қолтығы.

C) Гүлде.

D) Өркен буынында.

E) Өркеннің ұшы.

8. Ұрықтың құрылысы.

A) Тұқым жарнақ, тұқым бастама.

B) Тұқым қабықша, өзекше, жарнақ.

C) Эндосперм, жемісқап, қауыз.

D) Тамырша, сабақша, бүршікше.

E) Эндосперм, жарнақ, бүршік.

9. Тұқымның спорадан айырмашылығын табыңыз.

A) Біржасушалы түзіліс

B) Жыныссыз түзіліс

C) Жынысты түзіліс

D) Қаптама

E) Көп жасушалы түзіліс

10. Дыбыс тербелісін сезгіш ішекқуысты.

A) Актиния.

B) Обелия.

C) Гидра.

D) Цианеа.

E) Медуза.

11. Қыртөссіз құсты анықтаңыз.

A) Ұлар.

B) Пингвин.

C) Түйеқұс.

D) Тоқылдақ.

E) Шағала.

12. Нәруыздың мономері

A) Глюкоза

B) Аминқышқыл

C) Қант

D) Глицерин

E) Май қышқылы

13. Ішкі құлақтағы қуыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйе

A) Дыбыс жолдары

B) Құлақ қуысы

C) Жарғақ

D) Құлақ қалқаны

E) Шытырман

14. Қысқа сүйек

A) шыбық сүйек

B) омыртқа

C) асықты жілік

D) бұғана

E) қабырға

15. Бронхы дегеніміз

A) көкірек қуысының ішкі қабырғасы.

B) ұсақ көпіршіктер.

C) ауаға толы ауатамыр ұштары.

D) өкпенің сыртқы жылтыр, тегіс қабықшасы.

E) кеңірдектің жалғасы.

16. Гликоген қор заты болып жиналады

A) Аш ішекте

B) Бауырда

C) Теріде

D) Асқазанда

E) Мида

17. Ядро мембранасының (жарғақшасының) ішіндегі қуыстарды толтырып

тұратын зат:

A) Ядрошық.

B) Ядро шырыны.

C) Цитоплазма.

D) ДНҚ молекуласы.

E) Саңылаулар (жарғақшаның жұқарған жері).

18. Оттексіз ортада тіршілік ететін ағзалар

A) Аэробты

B) Сапрофитті

C) Автотрофты

D) Анаэробты

E) Гетеротрофты

19. Егеуқұйрық санының елді мекенде көбеюі:

A) Механикалық ластану.

B) Химиялық ластану.

C) Биологиялық ластану.

D) Радияциялық ластану.

E) Физикалық ластану.

20. Жасаушадан тысқары жерде зат алмасуы жүрмейді

A) Саңырауқұлақтар

B) Қыналар

C) Балдырлар

D) Бактериялар

E) Вирустар

21. Кладофора балдырын пайдаланатын өндіріс

A) Тамақ өндірісі

B) Қағаз өндірісі

C) Фармацевтика өндірісі

D) Пласмассалау

E) Тоқыма өндірісі

22. Қабырғасы қалың бұлшықетті түтікше пішінді жұп мүше A) Несепағар (зәрағар) B) Зәр шығару өзегі C) Өкпе D) Бүйрек E) Қуық

23. Лимон қышқылын айналымына даярлық кезеңі басталады.

A) Пируват молекуласының өзгеруінен басталады.

B) Глюкозаның митохондрияға келіп түсуінен басталады.

C) Митохондрияның сыртқы мембранасына сутек атомдарына толуынан

басталады.

D) Митохондрияның сыртқы мембранасына сутек иондарына толуынан

басталады.

E) Энергиясы мол органикалық заттар энергиясы аз қарапайым заттарға

ыдырауынан басталады.

24. Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясының негізін қалаған

A) Х. Де Фриз

B) К. Корренс

C) Ч. Дарвин

D) И.Н. Вавилов

E) Т. Морган

25. Адамдағы атавизм белгілері-

A) Қалың түктілігі.

B) Үшінші қабақ.

C) Құлақ қалқаны.

D) Соқыр ішек өскіні.

E) Адам қаңқасындағы құйымшақ.

Басқа материалдар: 

  1. Липидтер. Адам ағзасындағы негізгі майлар және олардың биологиялық рөлі

  2. Сорбит ұнтағы мен лактоза, крахмал туралы

  3. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.

  4. Биологиядан үлгілік ҰБТ сұрақтары

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ