Тіршіліктің классификациясы,негізгі түсініктері

0
15521

«Тіршіліктің  классификациясы,негізгі  түсініктері»\r\n\r\nЖоспар\r\n\r\nКіріспе.\r\n\r\nНегізгі  бөлім.\r\n\r\nа) Тіршіліктің пайда болуы және көптеген болжамдармен көзқарастар.\r\n\r\nб)  Тіршіліктін қалыптасу кезеңдері. \r\n\r\n \r\n\r\n   Ғылыми деректер бойынша   Күн жүйесіне жататын  Жер ғаламшары  бұдан 4,5—5 млрд жыл бұрын газды-шаңды тұманнан пайда болған. Мұндай газды- шаңды материя қазіргі кезде жұлдызаралық кеңістікте де кездеседі. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы үшін ғарыштық және ғаламшарлық кейбір алғышарттар қажет. Ол үшін ғаламшардың өзіне тән мөлшері болу шарт. Ғаламшардың мөлшері тым үлкен болса, табиғи радиоактивті заттардың атомдық ыдырауынан  бөлінген энергияның әсерінен ғаламшар өте кызып кетуі мүмкін. Ғаламшардың тым қызып кетуі қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануына жағдай жасайды. Ал ғаламшардың мөлшері  кіші болса, ол өз айналасындағы атмосфераны ұстап тұра алмайды. Ғаламшарлар жұлдыздарды орбита бойынша айнала қозғалуы аркылы тұрақты түрде және біркелкі мөлшерде өзіне қажетті энергия алып тұруы тиіс. Ғаламшарға энергия ағысы бір калыпты түспесе тіршіліктің пайда болуы мен дамуы мүмкін емес. Өйткені тірі ағзалардың тіршілігі белгілі бір температуралық жағдайда ғана жүріп отырады. Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болуының алғышарттарына — ғаламшардың қажетті мөлшері, энергия және белгілі температуралық жағдайлар  жатады. бұл айтылған алғышарттар тек Жер ғаламшарында ғана болғандығы ғылыми дәлелденген. Тіршіліктің  пайда болуы, адам баласын өте ерте  кездерден  бастап — ақ толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Ол жайында көптеген болжамдармен көзқарастар бар.\r\n\r\nАристотель  ертеде ғылыми деректердің аздығынан тіршіліктің пайда болуы туралы түрлі көзқарастар қалыптасты. Ежелгі грек философы Аристотель (б.з.д. IV ғ.) бит — еттен, қандала — жануар шырынынан, шұбалшаң — балшықтан пайда болады деген көзқарасты ұстанды.\r\n\r\nГрек философиясының негізін салушылар Фалес және т.б., органикалық дүниенің негізін қоршаған ортадағы әр түрлі заттардан іздеді. Фалес ондай негізгі зат су деп есептеді және содан өздігінен тіршілік пайда болды деп корытынды жасады. Орта ғасырларда да ғылыми деректердің жинақталуына қарамастан тіршіліктің пайда болуы жайлы түрлі көзқарастар орын алды. XVII ғасырдың орта шеніне дейін тіршілік өздігінен өлі табиғаттан пайда болады деген көзкарасты қолдаушылар көп болды. Кейінгі кездегі микроскоптың ашылуына байланысты ағзалардың құрылысы жайындағы деректер нақтылана түсті. Осыған сәйкес тіршіліктің өлі табиғаттан пайда болуына күмән келтіретін тәжірибелер жасала бастады. Тіршіліктің құпия сырларын білу үшін ағылшын философы Ф.Бэкон (1561—1626 жж.) міндетті түрде бақылау, эксперимент жасап зерттеуді ұсынды. Осы ұсынысы арқылы түрлі діни сенімдерге батыл қарсы шықты. Ғалымның эксперимент жасап алынған деректерді талдап салыстыру керек деген көзқарасы жаратылыстану ғылымының дамуына ерекше әсер етті.\r\n\r\nXVII ғасырдың ортасында италиялық дәрігер Франческо Реди (1626—1698 жж.) тәжірибе жасап, тіршілік өздігінен пайда болады деген теорияға карсы шықты. Ол 1668 жылы, төрт ыдысқа ет салып, оны ашық койды да, келесі төрт ыдыстағы еттің бетін дәкемен жапты. Беті ашық ыдыстарға шыбын жұмыртқа салғандықтан, шыбындар өсіп шықты, ал беті дәкемен жабылған ыдыстардан шыбын шыққан жоқ. Реди осы тәжірибесі арқылы шыбынның өзі салған жұмыртқалардан ғана шығатынын, яғни шыбынның өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеп берді.\r\n\r\n1775 жылы М.М. Тереховский ішінде сорпасы бар ыдысты қайнатып, оның аузын тығыз етіп жауып тастады. Онда ешқандай өзгеріс байқалмады, ал аузы ашық ыдыстағы сорпаның бірнеше тәуліктен соң ашып кеткендігі байқалды. Ол кезде микроазғалар жөніндегі ғылыми деректер мардымсыз болатын. Виталистік (латынша — vitalis» — тірі, тіршілігі бар деген ұғым) көзқарастағылар: «аузы жабық ыдысқа «тіршілік күші» кіре алмағандықтан тіршілік пайда болмады, сорпаны қайнатқан кезде «тіршілік күші» өледі, — деген қарсы пікірді ұсынды.\r\n\r\nТіршіліктің пайда болуы туралы теориялар.Тіршіліктің пайда болуы жайында, негізінен, бір-біріне қарама- карсы екі көзкарас қалыптасқан. Оның  біріншісі — тіршілік өлі табиғаттан пайда болған деген абиогенездік теорияға келіп тіреледі. Екінші көзқарас — биогенездік теория. Бұл көзқарас бойынша тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Тіршіліктің пайда болуы жайындағы бұл екі көзқарас арасындағы өзара келіспеушілік пікір осы күнге дейін жалғасып келеді.Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеу үшін 1860 жылы француз ғалымы, микробиолог Луи Пастер (1822—1895 жж.) арнайы тәжірибе жасады. Ол ұшы латынның S-әрпі тәрізді шыны түтікті қолданды. Л.Пастер шыны ішіндегі қоректік ортаны кайнатып, оны иір иінді түтікпен жалғастырды да, түтіктің ұшын ашық қалдырды. Түтік ішіне ауаның еркін кіруіне мүмкіндік жасалды. Микроорганизмдердің споралары шыны түтіктің иір иініне жиналып, қоректік ортаға түспегендіктен, шыны ішіндегі ерітінді ұзақ уақыт таза қалпында сақталды. Л.Пастер қарапайым ғана тәжірибесі арқылы ағза тек тірі ағзадан ғана пайда болады деген биогенездік теорияның дұрыстығына көз жеткізді.\r\n\r\nАбиогенез теориясын жақтаушылар Л.Пастер тәжірибесінің дәлелділігін мойындамады. Олардың бір тобы жер бетіндегі тіршілік мәңгілік әрі оны жаратушы күш бар деген пікірді ұсынды. Бұл көзкарас креационизм (латынша «creatio» — жаратушы) деп аталады. Осы көзқарасты К.Линней, Ж.Кювье, т.б. колдады. Жер бетіне тіршілік тұқымы басқа ғаламшарлардан метеориттер арқылы үнемі таралып тұрады деген де көзқарастар болды. бұл көзқарас ғылымда панспермия теориясы (грекше «pan» — барлық және «sperma» — тұқым) деген атпен белгілі. «Панспермия теориясын» 1865 жылы алғаш неміс ғалымы Г.Рихтер ұсынған. Оның пікірі бойынша жер бетінде тіршілік бейорганикалық заттардан пайда болмайды, яғни тіршілік басқа ғаламшарлардан таралған. Бұл көзқарасты сол кездегі көрнекті ғалымдар Г.Гельмгольц, Г.Томсон, С.Аррениус, П.Лазарев, т.б. қолдады.\r\n\r\nТіршілік мәңгі, ол ғарыш кеңістігінде кеңінен таралған. XX ғасырдың бас кезінде швед ғалымы С.Аррениус (1859—1927 жж.) панспермия тұжырымын колдады. «Ол тіршілік ғарыш кеңістігінде күн сәулелерінің қысымы арқылы бір аспан денелерінен екіншісіне ауысып отырады,»— деп түсіндірді. бұл тұжырымды қолдаушылар тіршілік Жерге метеориттер арқылы келуі мүмкін деген пікірде болды.\r\n\r\nТіршілік жер бетінде мәңгілік деген теорияны 1880 жылы неміс ғалымы В. Прейер ұсынды. бұл көзқарасты аса көрнекті орыс ғалымы В.И. Вернадский де жақтады. бұл теория: «Тірі организмдер мен өлі табиғаттың арасында ешқандай айырмашылық жоқ»,— деген пікірге келіп тіреледі. Тіршіліктің пайда болуы деген ұғым тікелей тірі азғалар туралы деректердің кеңеюімен жене тереңдей түсуімен тығыз байланысты. Бұл салада неміс ғалымы Э. Пфлюгердің (1875 ж.) нәруызды заттардың шығу тегін зерттеуінің маңызы зор. Ол нәруыздың цитоплазма құрамының негізгі бөлігі екендігіне ерекше мән беріп, тіршіліктің пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіндіруге тырысты.\r\n\r\nЖер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі  кездегі  көзқарас биопоэз теориясы деп аталады (биохимиялық эволюция теориясы деп те атайды). Бұл теорияны 1947 жылы ағылшын ғалымы Дж. Бернал ұсынды. Дж. Бернал биогенездің үш кезеңін ажыратты. Оның\r\n\r\nбірінші кезеңі — биологиялық мономерлердің абиогендік жолмен пайда болуы.\r\n\r\nЕкінші кезеңі — биологиялық полимерлердің түзілуі.\r\n\r\nҮшінші кезеңі — менбраналы құрылымдар мен алғашқы ағзалардың (протобионттардың) пайда болуы.\r\n\r\nҚазіргі кездегі биология ғылымының жетістіктеріне сәйкес тіршілік деген ұғымға көптеген анықтамалар беріліп жүр. Солардың ішінде орыс ғалымы М.В.Волькенштейннің берген анықтамасы ғылыми тұрғыдан дұрыс деп есептеледі. Бұл анықтама бойынша: «Жер бетінде тіршілік ететін тірі организмдер — нәруыздар мен нуклеин қышқылдарының биополимерлерінен тұрады және олар өзін — өзі реттеп отырады. Тірі организмдер артына өзі тектес ұрпақ қалдырып, тіршілік үнемі жалғасып отырады». Бұл анықтама әлем кеңістігіндегі басқа да ғаламшарларда жер бетіндегі  тіршіліктен  өзгеше  тіршіліктің  болуын  жокка  шығармайды.\r\n\r\nСоңғы ғылыми деректер бойынша Жердің жасы — 4,6 млрд жыл. Ғаламшардың терең қабаттарында заттардың өте баяу, бірақ төтенше күшті балқымалы қозғалыстары үнемі өтіп жатады. Жанартаудың атқылау белсенділігі, тау түзілу және континенттердің ығуы осыған байланысты жүзеге асады. Бұдан басқа ғаламшарлар қойнауында физикалық қана емес, орасан зор химиялық үдерістер жүріп жатады. Ғалымдар бүгінгі күні ғаламшарымыздың геологиялық белсенділігі біртіндеп жоғала бастауы жанартау өрекетінің көмескіленуімен толық дәлелдеді. Қоршаған ғарышка жылу беру төмендеп кетті. Қазіргі замандағы жанартау газының 15%-ы — көміркышкыл газына, 75%-ы — су  буы, калған 10°/о-ында метан СН4, аммиак NH3, күкірт косылыстары H2S және SO2, сондай-ақ «қышқыл тұман» және инертті газдардың үлесіне тиеді. Миллер өз тәжірибелерінде дәл осы қоспаларды пайдаланды. Мұндай атмосфераның қазіргі заманғыдан өте маңызды айырмашылығы бар, онда оттегі мен озон болмайды. Сондықтан тотығу (бүлдіру) үдерістері ағзалык және өзге заттардың оттегімен қосылуы болмайды. Ал озон кабатынсыз (қағарғысыз) ультракүлгін сәуле шашу түріндегі орасан мол Күн радиациясынан Жер беті быт-шыт болар еді.\r\n\r\nТіршіліктін қалыптасу кезеңдері\r\n\r\n1-кезең. Ағзалық заттардың абиогенді синтезі. Бұл үдеріс Миллердің өз құтысында   қолдан жасағанындай алғашкы мұхитта және алғашқы  атмосферада өтті. Химиялық реакциялардың  энергия көзіне найзағай, ультракүлгін (атмосферада озон болмайды ғой) және ғарыштық сәуле шашу, радиоактивті белшектер, метеориттердегі соқпа толқын және жанартау белсенділігі  нәтижесіндегі  ғаламшар бетіндегі жоғары температура пайдаланылды. Кейін нәруыз түзе отырып, май, көмірсу және аминқышқылдар синтезделді. Тұңғыш мұхитта осы ағзашалардың (органика) бәрі болды. Мұхитта май, пептид, көмірсу және өзге ағзалықтар тамшысы болды емес пе, сондықтан А. Опарин дамудың бұл сатысын алғашқы сорпа (бульон) деп атады. Ағзашалар оттегінсіз тотыға алмайды. Бүгінгі кезде ашу және шіру үдерістерін қамтамасыз ететін бактериялар мен саңыраукұлактардың болмауынан заттардың ыдырауы болған жоқ. Мұндай ерітінділерде ағзалық молекулалар шексіз ұзақ жинакталып өмір сүре алатын болды.\r\n\r\n2-кезең. Коацервация үдерісі.\r\n\r\n2-кезең. Коацервация үдерісі. Жинақталған ағзашалар ұйымаға — коацерваттарга жинала бастады. Ерімейтін майлар қасиеттері және молекулалардың әр түрлі заряды есебінен тосқауылдар калыптаса түсті. Майлардан тұратын тірі зат жарғакшасының калыптасуы арқасында қоршаған ортадан құрылысы және энергетикалық деңгейі бойынша ерекшеленетін болды.\r\n\r\n3-кезең. Коацерваттар эволюциясы, тірілік қасиеттердің көрініс беруі.\r\n\r\n3-кезең. Коацерваттар эволюциясы, тірілік қасиеттердің көрініс беруі. Ферменттік белсенділігі бар коацерваттар қалыптасу соңынан сірә олардың «өсу» және «көбею» үдерістері басталатын болса керек. Коацерваттар мұхиттағы май, нәруыз, көмірсу молекулаларын «сіңіріп», соның әсерінен өсті. Белгілі көлемге жеткен соң бөлініп, еншілес 2 «тамшыға» айналды. Біраз уақыттан соң даяр ағзашалар жеткіліксіз бола бастады. Кептеген ғалымдар тіршілік бұл қалпында бірнеше рет пайда болды деп те үйғарады. Даяр ағзашалардың барлығын «жеп», соңынан аштықтан қырылуы және жаңадан пайда болуы мүмкін. Коацерватты тамшылар шындығында тірі болған жоқ бірақ олар бәсекелесу және табиғи сұрыпталу жағдайларында өмір сүру үшін күрес жағдайында болып шықты. Сұрыптау аса тиімді, тез және қалдықсыз жүйеде жүргізілді.\r\n\r\nКоацерваттардың барлық 3 кезеңде қалыптасуы және қызмет атқаруы үлгілік тәжірибелерде сынақтәжірибелік қолдау тапты.\r\n\r\n4-кезең. Алғашқы прокариотты жасушалардың пайда болуы.\r\n\r\n4-кезең. Алғашқы прокариотты жасушалардың пайда болуы. А. Опарин жазғандай, «протобионттардан өте қарапайым бактерияларға дейін табиғатта жүріп өткен жолы… амебадан адамға дейін жүріп өткен жолдан тіпті де кем емес». Бұл тіршілік қалыптасуындағы ең сыры белгісіз және күрделі кезең. Жай ғана тірілік қасиеті емес, алғашкы нағыз тірі ағзалар — прокариотты (ядросыз) жасушалар пайда болды.\r\n\r\nТұқым қуалау ақпаратын сақтап, тасымалдау үдерістері табиғи жолмен қалыптасқандығы туралы жанама дәлелдеулер өте кеп. Солардың бірі- ғаламшарымыздағы ағзалардың генетикалық кодының біртұтастығы. Бұдан басқа биохимиялық үдерістердің табиғи эволюциясына гликолиздің (глюкозаның оттегінсіз ыдырау үдерісі) химиялык тұрғыдан ағзалардың барлық тобында бірдей болу дерегі дәлел бола алады. Осы кезеңде энергия алу жолы ретінде фотосинтез пайда болды. Фотосинтездейтін пигменті бар цианобактериялар күн жарығы энергиясын пайдалана алды. Бұл биоcфераның ағзалык заттардың абиогендік синтезі үдерісіне бір рет қана емес, мүлде тәуелсіз болуына мүмкіндік берді.Фотосинтездеушілер тәрізді  гетеротрофты  прокариоттар шоғырлы формалар түзді. Көптеген шоғырлы бактериялар мен көк-жасыл балдырлар осы күнге дейін ойдағыдай емір сүруде. Алайда прокариоттарға кепжасушалылардын, жолымен дамудың сәті түспеді.\r\n\r\n5-кезең. Эукариотты, көпжасушалылардың пайда болуы, тірі ағзалардың дүниеге бөлінуі.\r\n\r\n5-кезең. Эукариотты , көпжасушалылардың пайда болуы, тірі ағзалардың дүниеге бөлінуі. Эукариоттың (ядролы жасушалардың) пайда болуын нағыз дәлелдейтін көңілге қонымды теория — эндосимбиоз теориясы. Бұл теория бойынша ірі прокариотты, бәлкім жыртқыш жасуша тым ұсақ бактерияны, мүмкін дианобактерияны жұтып жіберді.\r\n\r\nӘлдеқандай себеппен ол қорытылмай ұзақ жатты да едәуір уақыт жасуша ішінде тіршілік етті. Цианобактерия фотосинтездеді және артық мөлшердегі ағзашаны (энергияны) ірі жасушаны қоршаған цитоплазмаға бөліп шығарды. Мұндай бірлесіп өмір сүру өзара пайдалы болып шықты — хлоропластары бар алғашқы жасушалар түзілді. Басқа желінген бактерияның фотосинтезге бейімділігі болмады, бірақ ол ірі жасушаның коректік заттарын тиімді қорытты. Шамамен митохондрия осылай пайда болды.\r\n\r\nБұдан кейін эукариоттардың әр түрлі энергия көзін пайдаланатын өсімдіктер мен жануарларға бөліну үдерісі басталады. Бұған қатарлас эукариоттың шоғырлы формалары мөлшерін ұлғайтуға ұмтылып, цитоплазмаларын біріктірді. Осының нәтижесінде көпжасушалылар пайда болды.\r\n\r\nҚорыта айтқанда, Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болуының алғышарттарына — ғаламшардың қажетті мөлшері, энергия және белгілі температуралық жағдайлар жатады. бұл айтылған алғышарттар тек Жер ғаламшарында ғана болғандығы ғылыми дәлелденген. Тіршіліктің пайда болуы, адам баласын өте ерте кездерден бастап- ақ толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Ол жайында көптеген болжамдармен көзқарастар бар. Аристотель,ертеде ғылыми деректердің аздығынан тіршіліктің пайда болуы туралы түрлі көзқарастар қалыптасты. Ежелгі грек философы Аристотель (б.з.д. IV ғ.) бит — еттен, қандала — жануар шырынынан, шұбалшаң — балшықтан пайда болады деген көзқарасты ұстанды.Фалес және т.б., органикалық дүниенің негізін қоршаған ортадағы әр түрлі заттардан іздеді. Фалес ондай негізгі зат су деп есептеді және содан өздігінен тіршілік пайда болды деп корытынды жасады. Орта ғасырларда да ғылыми деректердің жинақталуына қарамастан тіршіліктің пайда болуы жайлы түрлі көзқарастар орын алды.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nСұрақтар:\r\n\r\n1.Л.Пастердің: «Ағза тек тірі ағзадан ғана пайда болады деген биогенездік теорияның дұрыстығына көз жеткізген» тәжірибесі айтыңыз ?\r\n

    \r\n

  1. Биологиялық полимерлердің түзілуі Дж. Берналдың үш кезеңінің қайсысында айтылады ?
  2. \r\n

  3. Тіршіліктін қалыптасу кезеңдерін  атаңыз.
  4. \r\n

  5. Эукариоттың (ядролы жасушалардың) пайда болуын нағыз дәлелдейтін теория қалай аталады?
  6. \r\n

  7. Орыс ғалымы М.В.Волькенштейннің берген анықтамасы.
  8. \r\n

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nПайдаланылған  әдебиеттер:\r\n\r\nМ.Х.Шығаева, Ә.Т.Қанаев. «Микробиология  және  вирусология».\r\n\r\nБиология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. — Алматы: Атамұра, 2009.\r\n\r\nҒаламтор  желісі.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ