Тоғызқұмалақ жүрістері (дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ)

1
4884
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
Сабaқтың тақырыбы: Тоғызқұмалақ жүрістері.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынын насихаттау.

Сабақтың міндеті:

1. Оқушыларға тоғызқұмалақ ойынын үйрету.

2. Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру және өз елін сүюге тәрбиелеу.

3. Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақ өткізілетін сынып: 4

Керекті құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, тоғызқұмалақ тақта.

Сабақ

бөлімі

Сабақ мазмұны Уақыт мөлшері Әдістеме-лік нұсқау Ұйымдыс-тару нұсқау
Кіріспе

Оқушылармен салемдесу.

Оқушыларды тізім бойынша тексеру.

Сабақтың барысын айту.

Балаларды отырғызу

5 минут

Оқушыларды

екі -екіден,

қарама- қарсы,

бір-біріне отырғызу,

тақта көрінетін болсын

Балалар тәртібін

сақтау.

ойындарды

жайып қою.

 

Негізгі бөлім

Балаларды отырғызып болған соң интерактивті тақтаны іске қосып, өткен сабақты қайталау есебінде тоғызқұмалақ тақтасының құрылысын және түрлерімен таныстырдым. Содан кейін өзімнің шығарған “Тоғызқұмалақ ойыны” атты электронды оқулығын пайдалана отырып өткіздім. Пайдаланған материалдарды көрсетіп болған соң, оқушыларға жүріс жасау ережелерін өз қолдарындаға тақталарымен жұмыс жасауға шақырдым. Олар сабақты жақсы игергендерін көрсетіп, көп қателеспей жүрістерін жасады.Ойын ережесі бойынша уақыт белгілеп, құмалақтар салынған тоғызқұмалақ тақтасы дайын болған соң, ойыншылар ойынды бастап кетеді.

Бірінші жүрісте жеребе бойынша анықталған ойыншы бастайды. Жүріс сағат жүрісіне қарсы бағытта жасалады. Алғашты жүрісті ойыншы, мысалы “таңдық” пен маңдайдан жүргеніні хабарлайды. (Алғашқы жүрісті тек тоғызыншы отаудан ғана емес, басқа кез-келген отаудың бірінен жүре алады.) Жүрісті осыдан бастағаным дұрыс деп есептеген ойыншы сол отауға бір құмалақты ғана қалдырып, жүріс жасаған отаудан кейінгісінен бастап бір-бірден тастай отырып, ең соңғы құмалақты қарсыласының тоғызқұмалағы бар отауларының бірінен бір құмалақ алып, сонымен жұптап, өз қазанына салады. Демек, ойын ережесі бойынша қарсыласынан құмалақ ала отырып,өз құмалағын жұп санға келтіреді. Ойыншылар ойын барысында қарсыласына құмалақ алдырмау үшін өз отауларындағы құмалақтардың санын жұп күінде ұстап отыруға тырысады. Құмалақтарының саны жұп болып тұрған отауды“жабық отау“ деп атайды.

Сондай-ақ қарсылас ойыншылар бір-бірінің отауларындағы құмалақтар санын тақ жасауға ұмтылады. Құмалақтарының тақ болып тұрған отау “ашық отау“ деп аталады да, қарсылас бұл отаудан құмалақ ала алатын болады.
  • Ойын барысында ойыншылардың қай-қайсысы болмасын қарсыласының отауындағы құмалақтарын қолмен санауына рұқсат етілмейді.Тек отауларының ашық немесе жабық екенін және қайсысында қанша құмалақ бар екенін ғана сұрай алады.Сондықтан ойыншылардың қай-қайсысы болмасын,барлық отаудағы құмалақ санын есте ұстауға тырысады.
  • Ал ойыншының қай-қайсысы болмасын,қарсыласының қойған сұрағына дұрыс жауап беруге тиіс. Ойын барысында отауда бір құмалақ қалса және ол ойыншының жүруіне керек болса, онда ол жалғыз құмалақты қатарындағы өз отауына салады.

Бұл оның жүріс жүргені болып есептеледі.

Ойынның барысында әркімнің бір реттен тұздық (дойбыда биге шыққан сияқты) алуына болады. Ол үшін қарсыластың екі құмалағы бар отуына соңғы құмалағыңызды түсіріп, үшеу етсеңіз болғаны. Жалпы тұздық № 9 отаудан алынбайды. Бір ойыншы алдын ала тұздық алып қойса, екінші ойыншы қарсыластың тұздығы бар аттас ( номерлес) отауынан тұздық ала алмайды, яғни № 9 және номерлес отаудан басқа, кез келген отаудан тұздық алуға болады. Тұздық иесі бұдан былай тұздыққа түскен тастарды өз пайдасына алып отырады. Тұздықтың құны ұтып алған 30 құмалаққа тең деп шамаланады.

Бір ойыншының барлық отаулары бос қалып, қарсыластың жүрісіне жауап жүрісі туылса, оны атсырадыдейді. Мұндай жағдайда ойын аяқталды деп есептеледі де, жүрісі бар, демек атсырамаған жақ отауларындағы қалаған тастарды өз пайдасына алып, қазанына салады.

Кездесу соңында қазандарға жиналған құмалақты есептеп, ойын нәтижесін шығарады. Ұтып алған құмалақ саны екі ойыншыда 81 болса , ойын тең болады. Жеңіс пен ұтылыстың арасын 81 тастан асатын немесе жетпей қалатын бір – ақ тас шешетін болғандықтан, тоғызқұмалақ шахмат, дойбы ойындарына қарағанда әйтеуір бір ойыншы жеңетін өте нәтижелі ойын. Нәтижелі ойынның жарыс кезінде 97 -98 пайыз шамасына жетуі – мұның айқын айғағы.

Жүріс дәлдігі

Жүріс дәлдігі немесе айтқанда дәлдік ( атжетер ) деп, отаудың ішіндегі тастардың санына байланысты соңғы тастың дәл қай отауға түсетінін алдын ала анықтауды айтамыз.

амалымен табуға болады. Мысалы: № 3 отауда 4 тас жатса, оны көзбен таратқанда № 3, 4, 5, 6 отауларына түсетін болғандықтан, дәлдік 6 болады. Екінші жолмен анықтау үшін отаудың ішіндегі тас санына сол жақта орналасқан көрші отаудың номерін қосу арқылы дәлдік табамыз. Сондықтан алдыңғы мысалдағы дәлдік 4 +2 = 6 – ға тең екен. Отаудың саны бар болғаны 9 болғандықтан , қосуамалында қосынды 9 – дан асса, онда қарсыластың № 1 отауына 10 , № 2 отауына 11 құмалақ т.с.с. деп жалғастырып кете беруге болады.

Алу амалын қолдану да оңай. Ол үшін отау ішіндегі тастар санынан, сол отауға қарсы жатқан қарсылас отауының номерін аламыз. Мысалы № 6 отауда 7 тас жатса, онда отаудағы тастар саны боп табылатын 7 – ден, қарсы жатқан отаудың номері 4- ті алып тастаймыз. Дәлдік 7 – 4 =3 болады. Көзбен тексерсек те осы нәтиже шығады.

Енді тастардың саны 10 шамасында болса, яғни 5 – 15 арасында болған жағдайды қарастырсақ. 10 тасы бар отаудың дәлдігі қарсыластың дәл сондай номерлес ( аттас) отауында жатқаны, тақта бетінде анық көрініп – ақ тұр. Сондықтан, тастар саны 10 – нан қанша артық болса, сонша санды отау номеріне қосамыз. Егер кем болса, онда керісінше аламыз. Бір жақтағы отаудың ұзына бойынғы саны 10 тасқа есептелгендіктен, артық тас 10 тастың үстінде екінші қабатта жатады. Мысалы: 15 тастың 10 –ы астында ( бірінші қабатта ), ал қалған 5 тасы үстінде ( екінші қабат та )жатып, қосатын тас саны анық көрініп тұрады. Кем тас саны да, көзге анық көрініп тұрады. Мысалы: 7 тастың 3-і кем кем, 8 тастың2-сі кем, 6 тастың 4-і кем. т.с.с.

Енді дәлдік тауып үйренейік. Мысалы:№ 4 отауда 13 тас жатса, 10 тастан 3 тас артық болғандықтан, отау номері 4-ке 3 санын қоссақ, дәлдік 7 болады екен. Егер №5 отауда 8 тас жатса, дәлдік 5-2= 3 болады екен. Ал, алу амалын қолдансақ (қарсыластың қарсы отауы № 5 отау болғандықтан), 8-5= 3 тең.

Тастар саны 12-17 аралығында болғанда, отау номерін 10-нан асқан артық тастар есебінен 9-ға толтырып, қалған таспен дәлдік табамыз. Мысалы: 8-15 жағдайында (№8 отауда 15 тас) отау номері 8-ді 9-ға толтыру үшін, артық 5 тастың 1 тасын қосамыз. (5-1=4), қалған 4 тас дәлдік анықтайды.5-16 жағдайында дәлдік 6-4=2 болады.

Келешекте 10,19, 28, 37 (цифрларының қосындысы10-ға тең) түйін сандарын еске сақтау керек. Мұнда 10 тас жарты айналым, ал, 28 тас бір жарым айналым жасап, қарсыластың номерлес (аттас) отауында болады. Ал, 19 бен 37 тақ түйін сандардың дәлдіктері өз орнында жатады. Себебі 19 тас бір айналым, 37 тас екі айналым жасап, өз орнына түседі.

Сондықтан отаудағы тастар саны қай түйін санға жақын кекніне қарай және тастар саны осы түйін саннан қанша артық немесе кем екніне қарай, отаудың номеріне сонша санды қосу немесе алу амалын қолданамыз. Мысалы: 5-30 жағдайында (№5 отауда 30 тас) жақын түйін сан 28 және ол қарсыластың номерлес отауында болғандықтан, 5+(30-28) =7 екенін табамыз.

Түйін санды тасы бар отауларға төмендегідей ат береміз:10-кіші орда,19-орда, , 28-күміс орда,37-алтын орда.

Бұл айтылғандардан қорытындылайтынымыз- дәлдікті анықтау үшін, алғаш жақын түйін санның қайда жатқанын тақта бетінде біліп, қалғанын көзбен тапқан өте ыңғайлы екендігі.

Пайдалы кеңестер

Ойынның барысын жақсы білу үшін бастамада қателеспей, мына пайдалы кеңестерді орындаған жөн.

1. Алғашқы жүрістерді алдыңғы шептің отауларынан жүріп, ортаңғы әсіресе артқы шеп отауларының күшін сақтауға (тастарының көбеймеуіне) тырысу.

2. Жалғыз тас жатқан отауларға және қатарынан орналасқан бірнеше «бай» (тасы көп) отауларға сақ болу (байланып қалмау)

3. «Орға» (жалғыз тасы бар отаудың алдындағы отау бос болса, осылай аталады) және бірнеше жалғыз тасты отауларға (құтылмас тұздық болмас үшін) сақ болу

4. Тұздық алу немесе «бай» ұту қауіптерін төндіріп, қорға тасты аз-аздан болса да жинай беру.

5. Тұздық алмасқанда неғұрлым күштісін (№ 5 отауға жақын) алып, қарсыласқа нашарлауын беру.

6. Нашарлау тұздық ауысқанда бір-екі «байды» артық алу.

7. Тұздық орнына 30-40 тасты артық алу.

8. Тұздық алмасқаннан кейін «байларды» орнымен таратып жіберу.

9. Жалпы жағдайдың тиімділігін пайдалану үшін позицияны ұтымды пайдаланып ойнау.

10.Келешек атсырауды немесе тасты көп алып, тез 82-ге жеткізуді ойлау.

Көп құмалақ жиналған отау бай деп аталады.

Тұздық жоқ кезде көбінесе №8 отауға «бай» (көп тас) жинап, қарсыластан амалсыз (күшпен) тұздық алуға болады. Мысалы 92, 820, 75 позициясында 1,72х №1 немесе №2 отауларынан тұздық алынады. Егер 93, 821, 75 болса, 1,92х жүрісімен амалсыз тұздық береді.

Жалғыз тастың алды бос болғаны қауіпті. Себебі құтылмас тұздыққа түсіп қалуға болады. Тасы жоқ бос отаудың артындағы көрші отауда жалғыз тас жатса, онда мұндай отауды «ор» деп атайды.

Екі жерден тұздыққа түсіп қалмау керек. Мысалы: б.86, 96; қ.11 , 42 жағдайында 1,95 жүрісінен кейін, қоштаушы №1 немесе №4 отауларынан тұздық беруге мәжбүр болады.

Тас (құмалақ) ұтып алу үшін бір отауды байлап, екінші отауға қауіп төндіреді. Мысалы: б. 84,92 қ. 16,26 позициясында 1,91 жүрісінен соң, бастаушы тас ұтып алады.

Дене шыңықтыру пәнінен басқа да ашық сабақтар

1 ПІКІР

  1. Сәлеметсіздер ме маған ашық отау жабық атаудың қаншаға бөлінетінін айтыңыздаршы ??

ПІКІР ҚАЛДЫРУ