“Толағай” ( Отбасылық  сайыс )

0
5954
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

“Толағай” ( Отбасылық  сайыс )

Мақсаты: Салауатты өмір салтын дәріптеумен, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Қимыл қозғалыс ойындарын ойнату арқылы отбасымен ынтымақтастықты нығайту; жарыс арқылы отбасы мүшелерін  өзара түсіністікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу; осындай шаралар арқылы  ата-аналарды  балабақша өміріне араластыру.

Қажетті құралдар:Доптар,гимнастикалық отырғыш,арқан,матрац,велосипед,қапшық,батут,арқан.

Жүргізуші:-Қадірменді ата-аналар, балалар, балабақша қызметкерлері!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай,

“Салауатты өмір салтын” үстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының,балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау,сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы “Толағай” атты отбасылық топаралық сайысына қош келдініздер. Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап,ортаға шақыралық.

                     Қатысушылар  кіреді.

Сайыс болған жерде сайысты бағалайтын әділқазы мүшелері болады.Әділқазы мүшелерімен таныс болайық:  1.   медбике -Дузбаева Майра Турстаевна

2._әдіскер- Джумагалиева Карылгаш Аманжоловна_

3._ата-ана- Алтынай Талапкалиевна_

Әуен қосылып ортаға Сайқымазақ келеді .

Сайқымазақ :-Сәлеметсіздерме балалар мұнда не мереке болып жатырған мен жоқта?

Жүргізуші:-Біздің балабақшамызда бүгін спорттық шара өтпекші,бұл шараға балаларымен қоса ата-аналарымызда қатысады,сенде қатысуға қалай қарайсын?

Сайқымазақ:-әрине менсіз сайыс болушыма еді?ал ендеше жаттығу жасай аламызба?

Балалар:-Жасай аламыз.

Әуен қосылып барлық балалар орнынан тұрып,әр топ әр түрлі құралмен сайқымазақ көрсеткен қимылды қайталайды.

Сайқымазақ:Балалар өте жақсы орындадыңдар,сендер спортшы екенсіңдер ғой?

Жүргізуші:-Біздің балаларымыз өте мықты?ендеше біздің жарысымызды тамашалауға

қалай қарайсыз?

Сайқымазақ:-Қарасақ қарайық.

Жүргізуші:-Бала өсірген ата-ана,Бала болып ойнайды,

Бала тәрбиелеген тәрбиеші,

Бала болып ойлайды- деп сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

                 «Сіздерге жеңіс тілейік», – дей отырып ортаға төрт топты шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
 1.Таныстыру (Топтың аты,ұраны эмблемасы)

І топ «СҰҢҚАР»                                                  Биікте алға

Сұңқардай самға

Қанатың талмай

Ешқашан қалма

ІІ топ «ЖІГЕР»                                               Жас жігер алға

Биікке самға

Ешкімнен қалма

Шағайық алға

IІІ топ «СМЕШАРИКИ»                      Чтоб расти и закаляться

Будем спортом заниматься

ІV топ «СМАЙЛИКИ»                           Используй ловкость и настрой

Победа будет за тобой

  1. «Көңілді доп» сайысы.
Ойынның шарты: Сайысты әкелер бастайды, олар допты мәреге дейін аяқпен теуіп барып, айналып келу керек, сайысты аналар жалғастырады, допты бір қолмен жерге ұрып, айналып келу. Ең соңынан балалар допты қолдарына ұстап, айналып жүгіріп келу.

Жүргізуші:-Қалма жүрттың соңында,

Қажет болса мың атта.

Аздық етер оныңда,

Жету үшін мұратқа.

3.“Ойлан тап” сайысы.

Шарты:Сайысты әкелер бастайды,гимнастикалық орындық үстінде жыланша жорғалау, кедергілерден жыланша жүру,ілулі тұрған есепті шығарып анасына береді, анасы жалғастырады,баласы кедергілерден өтіп келеді.

Жүргізуші:- Кімдер жүйрік,өнерпаз білеиікші.

Ептісі деп сайыстың жүрейікші.

  1. Жүргізуші:-Сайыс топ басшысыз болмайды,сайысымызда кімдер топ басшы арине әкелер,

әкелеріміздің күшін сынап көрейік.Ортаға әкелерімізді шақырамыз.

“Күш сынасу” сайысы .

Шарты: Ортаға үш команданың ұлдарымен қоса әкелері шығады. Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен  орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқастырады.Кім білекті столға жықса  сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.

Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады. Ойынға 1 минут уақыт беріледі.

  1. «Кім жылдам»

    Шарты:Жарысты балалар бастайды,балалар велосипедті теуіп келеді,аналары доппен секіріп келеді,әкелері қапшықпен белгіленген жерден айналып секіріп келеді.

6.Жүргізуші: -Мақтанам дәстүрі бар жұртымызға,

Сан жүйрік сынға түсті сайысуға.

Дәм берген тәуелсіздік арқасында,

Қайта оралдық қазақтың төл салтына!-,дей келесі сайысымызды

Қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартысқа»берелік.

Сайқымазақ: -Балалар өнерлеріңді көріп тәнті болдым,папа,мамаларыңда өте жақсы ойын өрсетті.

Ал енді әділқазылар бағасын бергенше менімен ойнауға қалай қарайсыңдар?

Папа, мамаларыңды да бірге шақырамын.

Балалар:-Ия ойнаймыз! Алақай!

Сайқымазақ:-Олай болса ойын шартын тыңдаймыз.Мен және папа мамаларымыз көпіршіктерді жібереміз ал сіздер сол көпіршіктерді  ұстау керекпіз,келістікпе?

Балалар:-Ия ойнаймыз!

Сайқымазақ:- Балалар маған жарыс өте қатты ұнады меніңде қайтатын уақытым болды ,сендерге әкелген   сыйлықтарым бар, қабыл алаыңыздар! Қош сау болыңыздар балалар!

Жүргізуші:                          Жарыс заңы  ежелден

Жеңімпазды  анықтау

Жеңімпаз  болу  шарты  сол

Еңбектену , жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу  артта  қалады.

Бұл  сайыстан ренжімей

Тараса  бізге  қарады —

демекші  сайысымыздың  шарттары  бойынша   қорытынды  шығарып    жеңімпазды  анықтап, марапаттау  сөз  әділқазыларға  беріледі. Жарысқа  қатысушы  ата-аналар мен  бүлдіршіндерге  арналған  сыйлықтарын  табыс етпекші.Қабыл  алыңыздар! Уа,халқым  назар  аудар денсаулыққа!

Өмірде  бақыттысың  денің  сауда.

Денсаулық  терең  бақыт  деген  сөзді,

Құр  айтпаған  ұлы  Абай  данамызда –

Отбасымызбен аман болып,деніміз сау болсын деп-бірлігіміз осылай жараса берсін!

Келгендеріңізге  көп-көп рахмет!

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ