Трэвел журналистика

0
793
Заманның дамуы мен технологиялық жетістіктердің арқасында ғылым тереңірек зерттеліп,қай саланың болсын жаңа тармақтары пайда болуда. Дәл осындай негізде журналистика саласында бұрыннан түсінік қалыптастырған,қазіргі таңда жаңашыл атпен дамып келе жатқан бағыттардың бірі — трэвел журналистика.Ал нақтырақ келгенде,трэвел журналистика дегеніміз не? Оның мақсаты мен міндеттері қандай? Тарихи қалыптасу жолы бар ма?

Трэвел журналистика көпшіліктің ойынша креативті,яғни көңілашар бағыттағы БАҚ саласы. Алайда,бүгінгі трэвел журналистика белгілі бір елдің сұлулығы мен көрнекті жерлерін сипаттайтын қолжазба, не бейнежазбалармен шектелмейді. Керісінше,миллиондаған ақша айналымы бар туризмнің барлық тармақтарын қамтиды. Мысалы,трэвел журналистиканың әлеуметтік аспектісі белгілі бір мемлекеттің құрылымы,тарихы, ділі мен тілі жайлы кеңінен хабарлайды.


Ал экономикалық тұрғыда мемлекеттің инфақұрылымы әлеуметтік жағдайы,иннов
ациялық жаңалықтары жайлы толыққанды мәлімет береді. Аталмыш сала осындай ерекшеліктеріне байланысты,түрлі жанр қалыптастырушы пішімдерге ие. Олар:репортаж,жолсапар очергі,жолжазба,ұсыныс(аналитикалық сипаттағы көрерменге саяхаттауына қажет кеңес).

Осы бағыттардың қалыптасушы кезеңіне үлес қосқан Шоқан Уәлихановтың Ыстықкөлге, Қашқарияға саяхаттауы туралы жолсапар очерктерін негізге ала аламыз.

Саяхат арқылы көрші мемлекеттер бір-бірінің әскери қуаты,тұрмыс-тіршілігі,ішкі ахуалы жайлы ақпарат алу үшін сауаты бар,тіл білетін адамдарын саудагер кейіпінде жіберетін болған. Оның ең жарқын мысалы ретінде, Ұлы Жібек Жолы арқылы жолжазба жазып,ақпарат жинаған Қытай саудагерлерін айтамыз.

Еліміздегі трэвел журналистика 

Елімізде туризмді дамыту,саяхат журналистикасын жетілдіру,халықтың туризм бойынша білімін арттыру мақсатында арналар түрлі шоулар мен бағдарламалар түсірген болатын.

Мысал ретінде Қазақстан ұлттық арнасында көрсетілген “Жиһанкез”, жетінші арнадағы “Аян дала аңыздары” шығарылымдарын айтуға болады. Бағдарлама аясында Еуропа мен Азияның көптеген

елдеріне саяхаттап, базарлары мен дүкендеріндегі жергілікті бағаны еліміздегі бағамен салыстырады.

Теледидардан бөлек,заман ағымына сай электронды БАҚ-та трэвел журналистика бағытына жіті назар қояды.Оған дәлел Массагет порталында саяхат, әлемтану сынды рубрикалардың болуы. Саяхатты жоспарлау,билеттерді қолжетімді бағада алу,сапар кезіндегі лайфхактар,кеңестер жазылады. Демек,бұл саланың ел аумағында жақсы қарқынмен дамып келе жатқандығына көзіміз жетті. 

Телеарналардың басты мақсаты-туризмді,ашық ауада демалуды,ұлттық спорт пен мәдениетті танымал ету. KazakhTV” телеарнасы да саяхат тақырыбында өзіндік бағдарламасын түсірген.“OutDoorKZ” атауымен жарық көрген шығарылым Қазақстан өңіріндегі жабайы табиғат пен әсем жерлерді түсіріп,қызықты мәліметтер мен бөлісті.“OutDoorKZ” бағдарламасының бір шығарылымын алып көрейік. Әлемдегі ең ірі көлдердің арасында төртінші орынға ие болған Балқаш көлінің бойын жағалап,экспедиция өткізген.

Түсірілім тобы катермен,көлікпен,жаяу да небір шытырман оқиғаларды бастан өткізеді. Өрт сөндіруге қатысып,тоғай бұғылары қаптаған,жұмбағы мол шатқалдардан өтеді.Тамашалау барысында көрермен түрлі эмоция мен ақпаратқа кенелетіні анық.Трэвел журналистиканың ерекшелігі де сонда,әдебиетпен емес ақпаратпен жұмыс жасайды.

Қазақстандық туризм-ел аумағындағы шексіз далалар,жартасты таулар,көркем табиғат,көлдер мен өзендер,сәулет ескерткіштерімен бағаланады. Мәселен, Шымбұлақ тау шаңғы курортын алайық. Ол Іле Алатауы шатқалынан 2510 метр биіктікте орналасқан.Таудағы керемет көрініс,таза ауа,жұмсақ климат әсіресе қыс мезгілінде туристермен толысады.

Мұнда демалыстың басқа түрлерінен гөрі,шаңғы мен сноубордқа әуес қала тұрғындары мен туристер жиілеп келеді.Ондағы тау баурайлары мен шаңғы жолдарының арқасында шаңғыға алғаш тұрғандар да өздерін ширақ сезінеді.Шымбұлақ курорт орталығында мейрамхана,қонақ үй,боулинг,монша сияқты қажеттіліктер қамтылған.

Ал жаз мезгілінің шуақты күндері,мыңдаған демалушылар арнайы көтермелермен Талғар асуына шығады.Талғар асуынан альпенистер шыңдарды бағындырады.Ал одан да биік –тек жұлдыздар.Жұлдыздардың ғажап көрінісіне мөлдір таза суымен,шыршалы тұмса табиғатымен көрікті Көлсай көлінде куә болу тіптен керемет.Бұл әсем көрініс бүгінде маңызды туристік нысан.Тұп-тұнық болып көздің жауын алатын Көлсай көлі шынымен де ғаламат.Айналасы жасыл шыршамен көмкерілген табиғаттың тамаша туындысы.

Туристерге арналған коттедждер,ұлттық нақыштағы киіз үйлер,катерлер мен ескекті қайықтар,салт атпен серуендеу қарастырылған.Оған қоса ауылдың құрт-майы,қымызы мен шұбаты келушілердің сұранысына ерекше ие.Бұл біздің ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге үлкен үлесін қосуда.

Туризммен бірге ұлттық құндылықтарымыз дамыса,оны халыққа паш ету жолында трэвел журналистика жандана түседі.Мұндай мүмкіндіктердің келешекте арта берері сөзсіз.Дәл осындай қарқынмен трэвел журналистика әлем мен қоғамның ең ірі салаларының біріне айналады деп нық сеніммен айтуға болады.

Әсел Зейнуллина


ПІКІР ҚАЛДЫРУ