Шет елдік жаңалықтардың Қазақстанда таралуы

0
530
Қазіргі таңда еліміздің тәуелсіз жаңалық порталдары кеңінен ашылуда. Бұл да Қазақстанның бір жетістігі болар. Шет елдік ақпараттарды ақиқат сүзгісінен өткізу арқылы «хайп» қуғандарды шындық жолына түсіру қазіргі БАҚ өкілдерінің міндеті.

Жаңалық таратқандардың барлығы журналист емес. Қоғамдық пікірді қалыптастырып, әлемдік жаңалықтардағы дәйектерін тексеру, зерттеу арқылы Қазақстандағы таралып жатқан әлем ақпараттарын бір арнаға түсіруге болады. Мысалы, шоу-бизнестен бөлек ғылым мен білім жағынан таралып жатқан Қазақстанның жетістіктері туралы ғана емес, әлемдегі новаторлық жаңалықтарды бастаған қазақтар туралы да көптеп ақпарат берсек те болады.

Алайда,  шет елден еліп Қазақстанда вирустан тез тарайтын фейк ақпараттар өте көп. Сондықтан, жеке зерттеу арқылы Қазақстанда таралған жаңалықтардың негізгі бағыттары туралы статистика жүргізіп көрейік.

Елімізді жайлаған ақпараттар 30% шоу-бизнес және бизнес туралы, 26%- әлемдегі саясат туралы. 22% — табиғат туралы, 12%-спорт жаңалықтары  ал қалған 10%-ы әртүрлі арналардағы жаңалықтар.

Бұл пайыздық көрсеткіш тек Қазақстандағы БАҚ туралы емес. ТМД елдері арасындағы медиа және телеақпарттар кеңістігін зерттейтін халықаралық журналистер орталығының тәуелсіз ұйымдары бекіткен. Әлемдік жаңалықтардан қалыс қалмау үшін,еліміздің ақпарат порталдары шет елдік БАҚ өкілдерімен ақпарат алмасуда.

Олар бірыңғай журналистиканың этикалық кодексіне сүйене отырып бір-бірінің ақпараттарына сілтеме бере отырып ақпараттармен жұмыс жасайды. Ал, дәл қазір ақпараттың ақиқат не фейк екенін табу үшін Фактчек.кз секілді тәуелсіз ұйымдар көбейіп, Қазақстандағы  ақпарат саласын жалған ақпараттардан тазартуда.


Қорыта айтқанда, жаңалық жаршылары бүгінгі оқиғаны ертеңгі тарихқа айналдырып отырады, болашақ ұрпаққа тарихтың ақиқатын жеткізу жаңалық жаршыларының ақиқатқа деген ізденісінде.

                                                                                             Мадияр Бабахан


ПІКІР ҚАЛДЫРУ