Туған өлкем – Балқашым! (Эссе)

0
2562
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

Туған өлкем – Балқашым!

Дүниеге келген кезде ең алғаш анаңды, кейін жап-жарық айналаны  көресің. Ол жарық дәл сен туған жердің үстінде орналасқан. Яғни Күн арқылы жылулықты сезініп, сол мезетте сол тұрған жеріңнен бейнелеп айта алмайтын бір жансыз нәрсемен жіп сияқты байланыс пайда болады. Ол жерден кеткен сәтте – сол жіп сізді артқа тартып-тартып, шақырып тұрады. Бұл не жіп десеңіз? Бұл сіздің туған жеріңізге деген сүйсініш пен махаббаттан пайда болған берік жіп. Ол ешқашан еш уақытта үзілмейді және бұл мүмкін емес! Басқа өлкеге сапар шексеңіз, алғашқы екі-үш тәуліктен кейін тұла бойыңызды сағыныш сезімі билеп, өз жеріңіз қандай болмасын оған еш нәрсе тең келместігін түсінесіз. Арада уақыт өтіп қайтып келген кезде, құдды туғаннан бері бірге келе жатқан ескі досың сияқты жүзі жарқырап тұрады. Мен үшін:туған өлкем е оралған кезде  менің жүзімде ұялы телефонымдағы барлық смайликтерге тән сан түрлі эмоция пайда болады. Бұл құбылыс физика сабағында қарастырылмайтын тартылыс күші секілді  алып күшке тең.

Әркім туған жерің әртүрлі себепке байланысты жақсы көреді. Мен Балқашымды оның көлі үшін, қазба байлығы үшін, онда өмір сүріп келе жатқан жарқын жүзді тұрғындары үшін, оның суық қысы, шыдатпас ыстық жазы үшін және осындай ғажап жерде, керемет ортада дүниеге келгенім үшін жақсы көремін. Мeн өскен сайын туған жерім де көктемде көктеп ашылатын гүл сияқты өркендеп келеді. Мен мектепте көп уақыт аралығында оқып жүріп түрлі үлкен жетістікке жеткен сияқты, биыл Балқашымда үлкен жетістікке жетпек! Сол себепті жалпы Балқаш қаласына көптеген жаңа жаңартулар мен өзгерістер, болашақта үлкен прогресс пен алып мегаполис қаласы болып танылғанын тілеймін.

Саягуль Тажкеева

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ