Туған жерім — Қызылорда (шығарма)

0
3819
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

                        Туған жерім — Қызылорда

Жоспары: 

1.Тәуелсіздік-менің асқақ аңызым

2.Ана тілім-мақтанышым 

3.Достығы жарасқан қазақ жері    

               Ұсақ болма,ірі бол, 

               Өз ортаңның гүлі бол!

               Кім болсаң да,әйтеуір,

               Азаматтың бірі бол.

               Туған елдің  ұлы бол!-

деп ақын атамыз Несіпбай Айтов айтқандай,туған жердің қасиетін сезініп,үлкейгенде өз Отанымызға қызмет жасауымыз керек.

      «Туған жердей жер болмас ,туған елдей ел болмас»деген екен ата-бабаларымыз.Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап кіндік қанымыз тамған жермен байланыстымыз.

       Атырауда орналасқан Бейбарыс сұлтанның қызыл мәрмәрдан соққан ескерткішін өзім оқыған тарих сабағынан білемін. Он үш жасында құлдыққа сатылып кетіп,мәмлүктердің көсемі болған Бейбарыс атамыз өмір бойы жусан иісі аңқыған қазақ даласын аңсап өткен екен.Жалғыз ауыз «көке» деген қазақ сөзін ұмытпай ,туған өлкесіне жете алмай өтіпті.Міне,туған жер қасиеті осында! 

     Әр ұлттың  өзіндік құндылықтары бар.Менің Отаным Қазақстанның бірден-бір құндылығы -өз Тәуелсіздігіміз,ұлтты сақтап қалар Тіліміз деп білемін. Ерлан Жүністің  «Менің атым-Тәуелсіздік!»өлеңін оқи отырып,тәуелсіздікке жету жолындағы қиындықтар мен ұлттық батылдықты жүрегіммен сезіндім.

     …Тәуелсіздік ше?

     Ол-менің тегім,ұлдарыма оны дарыттым.

     Тәуелсіздік-мен,ол-менің асқақ аңызым,

     Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған,Жарық Күн!

деген сөзден оңайлықпен келмеген Тәуелсіздіктің қадірін түсіне білдім. Ата –бабамызға  аңыз болған, қазіргі кезде қарыштап дамып келе жатқан Отанымның мен де бір мүшесімін.

     Өзім тұратын «Сыр елі-жыр елі»деп аталатын Қызылорда қаласындағы  «Шұғыла» мөлтек ауданында Бұқарбай батыр бабамның ескерткіші орнатылған.Батыр бабам халық тағдырын ойлаған ,ерен ерлігі аңызға айналған батыр.Ол елін  жауға бермеген ,күні-түні тыным көрмеген батыр болыпты.Мектепке бара жатып, ескерткіштің қасынан өткен сайын, күш-қуат алғандай сезінемін.Бойыма батылдық,ұлттық ер жігітке тән намыс енеді. Біз,бүгінгі заман ұрпақтары ,қаһарман қайсар атамызды мақтаныш етеміз.Тарихи тұлғаларды құрметтеп,ұмытпау- біздің борышымыз. 

            Ал ,  ұлы Абайдан, Шоқаннан,Әуезовтей ұлы тұлғалардан мұра болған тілімнің қасиетін ешқашан ұмытпаймын.Өзге тілде сөйлегенін мақтан тұтатын аға –апалардан,кейбір достарымнан өзімді артық санаймын.Ана тілімде сөйлей алатыныма,ана тілімде білім алып жатқаныма,өз ойымды еркін жеткізе алатыныма шын қуанамын.

       Білім ордамыз Көмекбай  Қаракөзов атындағы 235 орта мектебімде мектеп мұражайы орналасқан. Мұражай ішінде сақталған салт -дәстүрімізді айғақтайтын заттар бізді өз ұлтымыздың әдет-ғұрпын білуге тәрбиелейді. Мұражайға мектебіміздің ардагер ұстазы Алматшаева Күләш апай иелік етеді. Ата-бабаларымыз ,апа-әжелеріміз ұстап тұтынған құрал –саймандарды,тұрмыстық заттарды майын тамыза әңгімелеп, көрсетуден жалықпайтын Күләш апайға алғысымыз шексіз. Мұражай ата- бабамыздан қалған ескерткіш. Тәрбиелеп отырған оқушыларымызға үлгі-өнеге,өсиет екені анық.

       Қазақ халқы қай кезде де шығар күн сияқты кімге де болса достық құшағын кең ашқан. «Түрі басқа –тілегі бір,Жүзі басқа жүрегі бір» өзге ұлт өкілдері Асан қайғы атамыз іздеген  Жерұйықты біздің қазақ жерінен тапқан сияқты. Әрдайым ел алдында  адал болуды,біреудің ақысын жемеуді,үлкенге

 ізет көрсетіп,кішіге қамқор болуды үйретіп отырады.Осы бір ақыл-кеңесті тыңдай отырып,ата-анамды қазақтың ұлы ақыны Абайды сүйіп оқыған ба деп қаламын.Ақын атамыздың  «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінде:  

                                            Адам болам десеңіз, 

                                           Бес нәрседен қашық бол, 

                                           Бес нәрсеге асық бол ,-деп өсектен,өтіріктен,мақтаншақтықтан,еріншектіктен,босқа мал шашудан аулақ болуға үндейді. Керісінше, талапты болуға,еңбексүйгіштікке, қанағатшылдыққа, рақымшылдыққа,терең ойлылыққа шақырады. Мағынасы 

терең осы сөздер бізді қазақ халқындай кеңдікке жетелейді. Мейірбан қазақ халқының айт мейрамына қызығамын деген»,-басқа ұлт өкілдерінің айтқан сөздеріне  қуанып,марқайып қалдым.

       Жерлес  ақын атамыз Ә.Тәжібаев:

        Жазса Тарас Днепрді,

        Жазса Пушкин Еділді,

         Неге маған жырламасқа,

Сырда туған  елімді,-деп осыдан жарты ғасыр бұрын жазған еді.«Сырдария» өлеңін  біздің сыр елінің әрбір ұрпағы  қасиетті бойтұмардай  қастерлеп,туған жердің туындай ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді. «Сыр-Алаштың анасы» деп бекер айтылмаған.

       Асты кенге ,үсті шежіре ,жырға толы Сыр елімді мақтан тұтамын. 

                             

Караманова Кигаш Тулеуовна


ПІКІР ҚАЛДЫРУ