Түнек шырмауы

0
2517

Түн. Түнгі ымырт. Қою, тұйық аспан. Қараңғылық. Сол қараңғылықта келемін адасып.Аяғыма шөгімдей тікенектер кіріп жатса да ешнəрсе сезер емеспін.Сезгім де келмейді.Айдың жарық сəулесіндей жарық тусер-деп,сенгім-ақ келед(і).Сенгімде келмейді. Алдымда көк тұман. Көз алдым бұлдыр.Көзіме ешнəрсе көрінбейді.Көргім де келмейді. Осы бір қараңғылық кесірінен өзімнің кім екенімді де ұмыта жаздаймын.Мен кіммін?!
Осы қою тұман арасында адасып жүрген жанмын ба?!
Əлде осы бір қараңғылық артынан бір сəуле пайда болад(ы)-деп,сеніп жүрген аңғал жанмын ба?!
Мен кіммін?!!
Қараңғылықтан аза бойым тік тұрып,апалаң-топалаң күй кешіп,апым кіріп,күпім шығып қобалжып келемін..
Қорқып келемін…
Мына қою көк тұман арасында қорқып келемін. Осы қараңғылықтан мені біреуің құтқарыңдаршы?!
Мына бір түнгі ымырттан құтылғанша асығып келемін.Түн артынан Күн шығуын тілеп келемін.Əйтеуір бір күні Жарық сəулесін маған шашады деп сенемін!
P.S.Біреуі болмаса біреуі бір күні мені осы түнектен құтқарады деп сенемін!

Жадыра Онайбаева


ПІКІР ҚАЛДЫРУ