Республикалық педагогика олимпиадасы жалғасуда

71
11392

«SKILLS ACADEMY» мекемесі Qaztest.kz интернет сайтында
республикалық педагогика олимпиадасын ұйымдастырады. Олимпиадаға колледж, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен балабақша қызметкерлері қатыса алады. Олимпиада республикамызда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

Олимпиаданың мақсаты: педагог мамандардың «педагогика және
психология» пәні бойынша білім деңгейін тексеру және республикамыздың үздік
ұстаздарын анықтау.
Өткізілу уақыты: 20 қазаннан 30 қараша аралығы – іріктеу кезеңі,
1 желтоқсан мен 14 желтоқсан аралығында – ІІ кезең. Олимпиада нәтижесі 2-
кезеңнен кейін сайтта жарияланады.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ең үздік білім сайты»
аталымының жеңімпазы Martebe.kz сайты олимпиаданың ақпараттық демеушісі
және ұйымдастырушысы болып табылады.
Үздік педагогтар «Озаттар – Қазақстан білімділерінің электронды
энциклопедиясы» жобасына енуге мүмкіндік алады.

Педагогика олимпиадасын өткізу туралы ереже

 Осы ереже республикалық педагогика олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу
тәртібін анықтайды;
 Олимпиада тапсырмаларын білікті жоғарғы оқу орнының оқытушылары
дайындады;
 Олимпиадаға жоғары оқу орны, колледж, жалпы білім беретін мектептер мен
балабақша қызметкерлері қатыса алады;
 Олимпиаданың іріктеу кезеңі 20 қазаннан 30 қараша аралығында, 2-кезең: 1
желтоқсан мен 14 желтоқсан аралығында өткізіледі;
 Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;
 Тестілеудің нәтижесін қатысушы тестті орындағаннан кейін бірден біле алады.
 Қатысушылардың сертификаттары автоматты түрде электронды почтасына
жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Менің сертификаттарым» бөлімінде
сақталады.

Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

 Педагог мамандардың «педагогика және психология» пәні бойынша білім
деңгейін тексеру;
 Білім саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру;
 Республикамыздың үздік білім беру саласы қызметкерлерін анықтау.

Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

 Іріктеу кезеңі 25 сұрақтан тұрады. 2-кезеңнің ережелері іріктеу кезеңі біткеннен
кейін сайтта жарияланады;
 2-кезеңге іріктеу кезеңінен 15 ұпайдан жоғары алған қатысушылар өтеді;
 Іріктеуден өткен қатысушылардың есімі сайтта жарияланып отырады;
 Іріктеуден өткен қатысушы 1-14 желтоқсан аралығында ақтық сынға қатысуы
керек;
 Олимпиада жүлдегерлері екінші кезеңнің қорытындысы бойынша (1-кезең
есепке алынбайды) анықталады;
 Тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;
 Бір адам бірнеше рет тапсыра алады. Қатысушының ең жоғарғы нәтижесі есепке
алынады;
 Тестілеуден өту үшін қатысушыға 60 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен
кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады.

Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:
 Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;
 Жауаптың өзі дұрыс деп шешкен нұсқасын белгілегенде мұқият болғаны абзал;
 Барлық берілген сұрақтарға жауап беруге міндетті;
 Олимпиада барысында «кері» батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға
болмайды;
 Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;
 Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;
 Тестілеу қатысушының іс-әрекетінен кейін аяқталып қалғаны үшін
ұйымдастырушылар жауап бермейді;
 Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия
құрылмайды;
 Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru почтасына қабылданады.
Іріктеу кезеңінде 15 ұпайдан жоғары алған қатысушылар екінші кезеңге
жолдама алады. Іріктеу кезеңіне қатысқан барлық қатысушыларға
сертификат беріледі. Ақтық сын 1 желтоқсаннан 14 желтоқсан аралығында
өтеді.

Олимпиаданың іріктеу кезеңіне қатысу бағасы: бір реттік тест – 900 теңге, екі
реттік мүмкіндік – 1500 теңге, үш реттік мүмкіндік – 2000 теңге.

                      Олимпиаданың марапаттау рәсімі
Олимпиаданың нәтижесі финалдық кезеңнен кейін анықталады. Екінші кезеңде
жоғары нәтиже көрсеткен қатысушыларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі. Ең
жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Сыйлық қоры: 1 ноутбук, 2 смартфон, 5 планшет.

Төлем киви терминал арқылы (Басқа қызметтер→qaztest.kz) және кез келген банк
картасымен интернет банкинг арқылы жүзеге асырылады. Төлем жасау туралы
түсіндірме qaztest.kz сайтының «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 978 59 22
Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00 ден 18:00-ге дейін.

Олимпиадаға қатысушыларға көмекші құралды жүктеп алыңыз!

Қатысушыға көмек (Сақтау)


71 ПІКІРЛЕР

  1. Жақсы олимпиада тек шынайы өтсе болғаны

  2. Сәлеметсіз бе! Тіркеле алмай отырмын, көмек керек.

  3. саламатсызба. киви кошолекке толеймизба. кандай номер жазып жибересиздер ме?

  4. Өте жақсы бастама. Қазақ тілінде ұйымдастырылатын мұндай олимпиадалар көп болса. Істеріңізге сəттілік

  5. Сəлеметсіз бе! Жоқ киви терминал арқылы Qaztest деген біздің провайдерге эмэйліңізді енгізу арқылы жасайсыз

  6. Қайырлы түн! Олимпиада тек қазақ тілінде жүргізіледі ма? Қазақ мектебінің орыс тілі жəне əдебиеті мұғалімі едім, қазақша баяу қабылдап, орысша тез түсінемін.

  7. Қайырлы күн! Сайт қазақ тілді болғаннан кейін тестілеу де тек қазақ тілінде жүргізіледі. Қазақша баяу қабылдасаңыз, сізге қиындық тудыруы мүмкін

  8. Бүгін сайт туралы бірінші рет естіп мәз болдым. Игі бастамаларыңыз жалғасын тауып, өркендей берсін!!!

  9. Өте жақсы бастама екен. Сұрақтар пəн бойынша бола ма? Мен бастауыш сынып мұғалімі едім.

  10. Саламатсыз ба! Кеше 23-қазан күні сіздердің сайттарыңыздан республикалық ғылыми жинақ жарық көретіндігін оқып едім. Қабылдаудың соңғы күні 30-қараша 2017 жыл делінген. Өкінішке орай бүгін таппай қалдым. Көмектесесіз бе???

  11. Сәлеметсіз бе! Тек педагогика психология бойынша сұрақтар беріледі

  12. Сәлеметсіз бе? Егер 15ұпай жинай алмаса сертификат беріле ме?

  13. Сəлеметсизбе.жақсы бастама екен.мен балабақшада ағылшын тілі мұғалімі едім.болашақта əр пəннен олимпиадалар ұйымдастырылса жақсы болар еді.

  14. Сәлеметсіз бе! Алдағы уақытта ұйымдастыруға болады. Ұсынысыңызды толықтырып жазсаңыз. Балабақша қызметкерлері үшін қандай олимпиадалар ұйымдастыруға болады? Пікіріңізге рахмет! Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды

  15. Дене шынықтыру нұсқаушыларына арналған конкурс болса жақсы болушеді.

  16. Здравствуйте, олимпиада только на казахском языке? Можно на русском языке?

  17. Сәлеметсіз бе? Ғылыми жинаққа материал жіберейін деп едім. Соңғы күні қашан? Сайттан айдың аты дұрыс оқылмай жатыр, әріптері шашылып. қазан ба, әлде қараша ма?
    Осындай конкурстар туралы хабарламаларды электронды поштаға жіберіп отыру қызметі болса, тіпті жақсы болар еді.

  18. Cәлеметсізбе! мен тіркелген едім, құпия сөзімді ұмытып қалдым. енді кіре алмай отырмын

  19. сәлеметсіз бе, қазақ тілі мен әдебиеті мұғаліміне қатысуға бола ма?Әлде тек психологтар ғана қатыса ма?

  20. Қайырлы күн! Ия, балабақша қызметкерлеріне арналған арнайы тесттер бар. Қатыссаңыздар болады

  21. Сәлеметсіз бе! Бізге хабарлассаңыз болады. Мәселеңізді шешіп береміз. 87009785922

  22. Қайырлы күн. Жинаққа қабылдау уақыты бітті. Қалған конкурстарды почтаңызға жіберіп отырамыз. Пікіріңіз үшін рахмет

  23. Саламатсыздар ма. Жаксы байкау екен.катысуга болады екен.сразу 2000 толеп койса уш рет катысуга бола ма. Казпочтага толеуге бола ма.себеби ауылдык жерде турамыз банкомат жок. Алдынала рахмет жауап берсениздер.

  24. Cәлеметсіз бе! Әрине, болады. 3 мүмкіндікті екі кезеңдеқолдансаңыз болады. Банк картасы арқылы онлайн төлем жасауға болады. Мына жерден қарап көріңізші http://qaztest.kz/video

  25. Мен 1кезенен оттим.енди 2кезен тоже тест боладыма?

  26. Ия, екінші кезеңнің ережесін сайтта жариялаймыз және почталарыңызға жібереміз!

  27. Қатысқым келеди уақыты біттіме əлде мүмкіндік барма?

  28. Сизден көмек сұрайын дегем төлем картасына бардым салайын десем қате деп тұр қайтадан қалай тіркеле аламын

  29. Қайырлы күн! Сізге телефон арқылы түсіндіре аламыз. 87009785922 біздің номер. Немесе өз номеріңізді қалдырыңыз, кері хабарласамыз

  30. Саламатсыз ба!Тест сұрақтары ақшасын төлеген бойда ашыла ма?

  31. Қайырлы күн! Бірінші сайтқа тіркелесіз. Одан кейін киви терминал арқылы qaztest провайдеріне өз эмайліңізге ақша саласыз. Одан кейін сайтқа қайта кіріп, «сатып алу» батырмасын басып, сатып аласыз. Тестті содан кейін ғана бастай аласыз!

  32. Қайырлы күн! Бірінші сайтқа тіркелесіз. Одан кейін киви терминал арқылы qaztest провайдеріне өз эмайліңізге ақша саласыз. Одан кейін сайтқа қайта кіріп, «сатып алу» батырмасын басып, сатып аласыз. Тестті содан кейін ғана бастауға мүмкіндігіңіз бар

  33. төлем төленді сайтқа қалай тіркеле алмай жатырмын.

  34. тестке төлем төленді сайтқа тіркеле алмай жатырмын.

  35. Сәлеметсіздер ме мен сайтқа тіркеле алмай отырмын Сіздердің көмектеріңіз қажет.

  36. себебі почтаңыз қате) Дұрыс почта енгізбегенсіз, дәл қазіргі почтаңыз да қате. Мұқият тексеріп шығыңыз. Сосын дұрыс почтаны жазыңыз мен сізге жіберемін

  37. Cәлеметсіз бе!Бізге qaztest.kz@mail.ru деген почтамен жазып хабарласыңызшы. Біз сізге қалыпқа келтіріп береміз. Уайымдамаңыз!

  38. сайттан тестті сатып алу парақшасына кіре алмай отырмын көмек керек тез

  39. Сайтқа қалай тіркелемін

  40. Республикалық байкаудан алган жулдеме лайықды дипломды алдым көп- көп рахмет ,

  41. Сәлеметсізбе! Жинақ пен сертификатты алдым. Көп рахмет. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!

  42. Байқауға қатысқым келеді.Төлемді банк картасы арқылы төлесек болама.қандай шотқа төлеу керек және қалай?

  43. Сəлеметсіздер ме мен тіркеле алмай қойдым қалай тіркелсемде жауап жоқ түсіндіріңізші

  44. Сәлеметсіз бе! Бұл сайтқа емес qaztest.kz сайтына тіркелуіңіз керек. Дұрыс почта енгізсеңіз міндетті түрде хат барады. Сол хаттағы ссылкадан өтуіңіз керек. Өтпейінше сайтқа кіре алмайсыз. Мұқият болыңыз!

  45. Сәлеметсіз бе! Төлемді киви терминал арқылы немесе через карточка төлеуіңізге болады. Барлығы сайттың жоғарысындағы Видеонұсқау бөлімінде көрсетілген

  46. Ссылкадан калай оту керек, хат келди аргарай не истеу керек

  47. Енди балабакшага арналган конкурстар кашан болады

  48. Отетин конкурстардын оту мерзими мен такырыбынын кестесин жариялайсыздар ма?

  49. Алдағы уақытта конкурстар мен олимпиадаларды почталарыңызға жіберетін боламыз!

  50. Бул сайттың мұғалімдер үшін көмегі көп. Келесі өтетін конкурстар мен олимпиадалар жайлы почиам жиберип отырсаңыздар өтініш

  51. Бул сайттың мұғалімдер үшін көмегі көп. Келесі өтетін конкурстар мен олимпиадалар жайлы почтама жиберип отырсаңыздар өтініш

  52. Пікіріңіз үшін рахмет! Міндетті түрде жіберіп отырамыз. Сізге де сәттілік тілейміз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ