Тыныс алу мүшелерінің құрылысы

0
4748
Freepik.com

Тыныс алу аппаратына мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек  жəне өкпе жатады. Мұрын қуысының негізі сүйек пен шеміршектен түзіліп, терімен жабылып, ішкі беті кілегейлі қабықшамен астарланып жатады.

Мұрын қуысының жоғарғы, төменгі жəне екі бүйір қабырғалары болады.Жоғарғы қабырғасы мұрын сүйектері мен шеміршектерінен түзілген. Екі жақ шеміршектері танау тесігін қалайтын танаудың шеміршектеріне жалғасып жатады. Мұрынның ортаңғы пердесі мұрын қуысын тең екі бөлікке бөледі.

Оның өзі артқы бөлігі сүйектен, алдыңғы бөлігі шеміршектен тұрады. Төменгі қабырғасы қатты жəне жұмсақ таңдайдан түзілген. Мұрын қуысының кілегейлі қабаты қан тамырларына өте бай, оның беті көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен жабылған. Сонымен қатар, көптеген бездерден тұрады. Мұрынға енген шаң-тозаңды эпителий микроорганизмдерді өлтіріп отырады. Мұрын қуысының бүйір қабырғасында жоғарғы, ортаңғы жəне төменгі қауашақтарының бар екендігін байқаймыз.

Осы қауашақтар жəне төменгі ауа жолдары жатады. Соның нəтижесінде, алған дем тыныс жолында, мүшелерге тікелей өтпей, осы ауа жолдары арқылы маңдай, жоғарғы жақ, ортаңғы құлақ жəне сүйектер қуыстарына жатады. Олар өзара өте тығыз
байланыста. Мұрын қуысы арқылы ауа мұрынның артқы тесіктерімен əуелі
жұтқыншаққа, одан əрі көмекейге өтеді.

Көмекей тыныс жолының ғана емес, сонымен бірге, сөйлеу аппаратының да бөлігі болып табылады. Ол жоғарғы жағынан тіл асты сүйекке, төменгі жағынан кеңірдекке жалғасады. Көмекей мойынның алдыңғы жағында жатып, алдынан жəне екі
бүйірінен бұлшық еттермен жабылған.

Көмекейдің қалқандық қыры тері астында бөлініп жатады. Оның шеміршектері өзара бұлшық еттермен байламдар арқылы қозғалмалы түрде қосылған. Оның жақ шеміршектеріне қалқанша шеміршектер жатады.

Қалқанша шеміршек – көмекей шеміршектерінің ішіндегі ең ірісі. Олардың алдыңғы шығыңқы келген жерін ер кісілерде көмекей қыры деп атайды. Шеміршектің жоғарғы шеті ойыс келеді. Ал, артқы шетінен жоғарғы жəне төменгі мүйізшелері басталады. Жоғарғы мүйізшелері тіл асты сүйекке сіңір байламдары арқылы бекиді, ал төменгі мүйізшесі оймақ тəрізді шеміршекке бекіп, көлденең білік арқылы айналатын буын түзеді.

Оймақ тəрізді шеміршек сырт пішіні дөңгелек, жүзік тəрізді. Оның артқа қарай кеңейе келген жеріне екі қалақша шеміршегінің төменгі мүйізшесімен байланысады. Төменгі жиегі сақиналы сіңір байламы арқылы кеңірдекке жалғасады.

Қалақша шеміршек – үш қырлы жұп пирамида тəріздес. Ол оймақ тəрізді шеміршекпен тік бөліктен айналатын буын құрайды. Оның алға қараған дыбыс өсіндісі жəне артқа қарай бағытталған ет өсіндісі болады. Осы шеміршектің дыбыс өсінділері мен қалақша шеміршектің арасында дыбыс сіңірі тартылған.

Ол екеуінің аралығын дыбыс саңылауы деп атайды. Дыбыс сіңірлері мен дыбыс саңылауларының жатқан жағдайына қарай дыбыс ырғағы өзгеріп отырады. Дыбыс сіңірі ер адамда жуандау келеді де,дауыс ырғағы төмен болады.

Көмекей қақпақшасы – пішіні жапырақ тəрізді өзінің төменгі жіңішкерген жағымен қалқан шеміршегінің ойысына келіп жалғасады. Оның алдыңғы беті дөңес, артқы беті ойыс болады. Көмекей қақпақшасы тамақты  жұтқан кезде тыныс жолын жауып, тағам түйірінің түспеуін қамтамасыз етеді. Тыныс алған кезде ашық тұрып, ауаның жүруіне жағдай жасайды.

Көмекей шеміршектерінің қимылға келуі буынды қосылыстармен бірге бұлшық еттерінің жиырылуына байланысты. Бұлшық еттері көлденең салалы ет тінінен тұрады. Олар қызметтеріне қарай екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа тіл асты сүйегінің үстіңгі жəне астыңғы еттері жатады. Ал, көмекейдің меншікті бұлшық еттеріне, атқаратын қызметтеріне қарай тағамды жұту, тыныс алу, сөйлеу процестерінің жүруіне себепші болатын еттер кіреді.

Көмекей шеміршектері өзара буын арқылы жалғасқан. Осы буын арқылы өтетін қозғалыстар арқасында қимылға келіп, дыбыс сіңірін босатып не тартып, дыбыс ырғағын өзгертеді.

Көмекей қуысының пішіні құм сағатқа ұқсайды. Ол жоғарғы, ортаңғы жəне төменгі деп аталатын үш бөлімнен тұрады. Жоғарғы бөлімі көмекейдің  кіре беріс тесігінен басталып, дыбыс сіңіріне дейін созылады. Көмекейдің кіре беріс тесігін көмекейдің ауызы деп атайды. Ол жұтыну кезінде қақпақшасымен жабылады да, тыныс алған кезде ашық жағдайда болады.

Ортаңғы бөлігі тар, онда жалған жəне шын дыбыс сіңірлері орналасқан. Дыбыс сіңірлері шыққан деммен тербеліп, дыбыс процесінің пайда болуына себеп болады. Осы бөлімнің екі бүйір қабырғасында көмекейдің қалта тəрізді қарыншалары орналасқан. Олар əртүрлі тереңдікте болып, дыбыс жаттықтырушы қызметін атқарады. Осы ерекшеліктерге қарай көмекей көп өзгерістерге ұшырайды.

Дереккөз: Мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, Ахат Н.А, Серкешбаева Г.Н, Бейсембина А.Е, Казбекова Н.С

Басқа материалдар:

  1. Сөйлеу техникасын меңгерудің тиімді жолдары
  2. Көпшілік алдында сөйленетін сөздің ерекшелігі
  3. Пікірталас мәдениетіндегі сөз қолданыстар

  4. Пікір алмасу (дискуссия) дегеніміз не?

  5. Сөзталас дегеніміз не?

  6. Эс­се жә­не оның түр­ле­рі

  7. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері

  8. Шешендік өнер тарихы

  9. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ