ҰБТ мен КТ бейінді пәндері көрсетілген жоғары білімнің мамандықтар тізбесінің
ЖОБАСЫ
ҰБТ мен Кешенді тестілеудің жаңа форматы бойынша мектеп түлектері 5 пәннен тест тапсырады. Олардың 3-еуі барлық жоғары білім мамандықтарына түсу үшін міндетті пәндер болып табылады, ал қалған 2 пән әрбір нақты мамандықтарға сәйкес болады (бейіндік пәндер).
ҰБТ немесе Кешенді тестілеуге қатысқысы келетіндер емтиханға дайындық барысында байқау-сынақтарынан онлайн және бланк арқылы тестілеу бойынша өтуіне болады. Бланк арқылы тестілеу түріндегі байқау-сынақтарынан ҰТО филиалдарында, ал онлайн режимдегі байқау-сынақтарынан ҰТО сайтында өтуге болады.
Таныстыру мақсатында Сіздердің назарларыңызға ҰБТ мен КТ бейінді пәндері көрсетілген жоғары білімнің мамандықтар тізбесінің жобасын ұсынамыз. Сіз жоғары білім мамандықтарының ішінен кез-келген мамандықты таңдап, соған сәйкес тестілеуден өтуге арналған бейіндік пәндерді таба аласыз.
|
Бейінді пәндер комбинациясы |
|||
|
№ |
1 бейінді пән |
2 бейінді пән |
мамандықтар саны |
|
1 |
математика | физика |
52 |
|
2 |
математика | география |
18 |
|
3 |
биология | химия |
22 |
|
4 |
биология | география |
12 |
|
5 |
шет тілі | тарих |
10 |
|
6 |
география | шет тілі |
4 |
|
7 |
тарих | Адам. Қоғам. Құқық |
5 |
|
8 |
тарих | география |
7 |
|
9 |
химия | физика |
5 |
|
10 |
оқыту тілі және әдебиеті | тарих |
7 |
|
11 |
шығармашылық емтихан | шығармашылық емтихан |
33 |
|
БАРЛЫҒЫ |
175 |
||




