«Ұланға» жаздырып, ұл-қызыңызға болашақ сылаңыз!

0
2838

Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!

Сіздердің шәкірттеріңіздің, балаларыңыздың арасында өлең, әңгіме, ертегі жазатындар бар ма? Сурет салатындар ше? Ерекше өнерімен көпшіліктің көзайымына айналып жүрген балалар да бар шығар? Білім бәйгесінде топ жарып, олимпиадаларда, ғылыми жоба жарыстарында оза шауып жүрген шәкірттеріңіз болмауы мүмкін емес. Ендеше, сондай талапты да талантты балалар туралы «Ұлан» газетіне жазыңыздар. Балалардың салған суретін, жазған әңгіме-ертегілерін, өлеңдерін, жұмбақтары мен жаңылтпаштарын бізге жолдаңыздар. Оқушылар бірігіп, игі іс істеп жүрген шығар; Кітапқұмар балалар бар шығар; Ол туралы да басқаларға үлгі етіп неге жазбасқа?! Ендеше, 050013, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 175 300, 322-кеңсеге немесе npulan@mail.ru электрондық поштасына хат жолдаңыздар. 


Фейсбук әлеуметтік желісіндегі «Ұланның» ресми парақшасына, Вконтакте желісіндегі «Ұлан» – ұлағатты үнпарақ» парақшасына, Инстаграм желісіндегі balamendana парақшасына жазылыңыздар. Сондай-ақ, «Жас өркен» серіктестігінің www.zhasorken.kz сайтынан да «Ұлан» газетінде жарық көрген мақалаларды оқи аласыздар. 


Бірден айтайық, мұның бәрін жариялау ТЕГІН. Ол үшін ешкімге, ешқандай ақы төлеудің қажеті жоқ. Тек қана балалар «Ұлан» газетіне жазылса болғаны. Сыныпқа ортақ бірнеше данаға да жазылуға болады. «Ұлан» газеті бөлшек саудада жоқ, тек жазылу арқылы тарайды. Балалардың жіберген материалдарының жарық көрген-көрмегенін тек жазылған балалар ғана көре алады. Сондай-ақ, газет бетіндегі түрлі конкурстар туралы хабардар болу үшін де газетке жазылудың маңызы зор. Тіпті, балалар ештеңе жазбаған күннің өзінде, газет бетінде шет елдерде білім алу, стажировкадан өту, мамандық таңдауға қатысты көптеген пайдалы материалдар жарық көреді. Газет аптасына бір рет, сейсенбі күндері шығады.

Жылдық жазылу бағасы: қалаларда 2511 теңге 12 тиын; ауылдық жерлерде – 2734 теңге 56 тиын. Индекс: 65355. Яғни, 2700 теңгені төлеп, апта сайын газет алып отыруға болады. 

Газетке қалай жазыламыз?!

Газетке жазылу үшін кез келген «Қазпошта» бөлімшесіне бару керек. Немесе Қазпоштаның post.kz сайты арқылы онлайн жазылуға болады. Егер оған да мүмкіндігіңіз болмаса, Каспи голд арқылы ақша салып, адрес жіберіп жазылуларыңызға болады. 

Байланыс нөмірлеріміз: 8(727)2207921, 87717965416 (Таңшолпан).

Құрметпен, Республикалық «Ұлан» газеті


ПІКІР ҚАЛДЫРУ