Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа ережелері

0
2196

Ұлттық бірыңғай тестілеу — жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.

ҰБТ — ағымдағы жылы мектеп бітіруші түлектер үшін.

Өткізу формасы: тестілеу.

Өткізілетін орны: тест өткізу пункттері.

Өткізу мерзімі: Өтініш қабылдау — 10.03-10.05.

Тестілеу — 20.06 — 01.07.

Бақылаушылар: Министрлік өкілдері.

Апелляция: қарастырылған.

ҰБТ форматы: 5 пән (3міндетті + 2 таңдауы бойынша).

Барлық тест тапсырмалар саны —120.

Тестілеудің жалпы уақыты: 3 сағат 50 минут (230 минут)

  Тестілеу пәндері Тапсырмалар саны Тапсырмалар формасы Бағалау формасы

1 блок

Математикалық сауаттылық

20

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс 1 дұрыс жауап = 1 балл
Оқу сауаттылығы

20

(4 мәтін)

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс 1 дұрыс жауап = 1 балл
Қазақстан тарихы

20

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс 1 дұрыс жауап = 1 балл

2 блок

1 бейінді пән

20

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс 1 дұрыс жауап = 1 балл

10

Көп жауаптың ішінен бірнеше дұрыс жауабы бар Барлық дұрыс нұсқаны таңдау – 2 балл

Бір қате (бірнеше дұрыс жауаптан 1 қате кетсе) – 1 балл

2 немесе одан көп қате – 0 балл

2 бейінді пән

Жоғары балл саны: 140

Шекті деңгей балы: 50

Бейінді пәндер таңдайтын мамандыққа байланысты таңдалады

Шекті балды алмаған жағдайда, ақылы негізде оқуға түсу үшін тестілеуді қайта тапсыру қарастырылған (тамыз 2017).

ПІКІР ҚАЛДЫРУ