Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың нығаюына әкелді ме?

0
4094
Сабақ тақырыбы:

Ұлы Жібек жолы халықаралық байланыстардың нығаюына әкелді ме?

Мектеп: Амантоғай ЖББОМ

Мұғалімнің аты-жөні: Бекенова Гульмира

Сабақтың мақсаты
    Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарды нығайтудағы орнын анықтау.
Оқу мақсаты

·      Барлығы:  «Ұлы жібек жолы» cөзінің шығу тарихын біледі.

·      Көпшілігі: карта да Ұлы Жібек жолының сауда тармақтарын көрсете алады;

·      Кейбірі: халықаралық қатынаста Ұлы Жібек жолының маңыздылығын  біледі.

Бағалау критерийлері
«Ұлы жібек жолы» cөзінің шығу тарихын  айтып бере алады.
Карта да Ұлы Жібек жолының сауда тармақтарын  картадан кем дегенде 4уін   көрсете алады;
Халықаралық қатынаста Ұлы Жібек жолының маңыздылығын  біледі,  қазіргі кезеңмен байланыстырып талдау жасайды
Тілдік міндеттер Пәндік лексика мен терминология:
Кіреші, архитектура;Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:
Ұлы Жібек жолы, Керуен жолы, Көш, Тауар, Жібек, Сауда, Кіреші;

Алдыңғы білім

 

Ұлы Жібек жолының қалыптасуы.
Сабақ кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекеттер
Дерек көздері
Сабақтың басы

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы

 

 

 

 

 

 

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Топқа бөлу

1) «Пазл»  қиынды суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлу.   Ол үшін оқушыларды  2 топқа бөлу. Төмендегі  суреттерді  пазл жасап, қиып  құралған суреттер  бойынша  топ жасақталады.

1-сурет:  Керуен   1-топ

«Ұлы Жібек жолы» атауының шығуы осы уақытта Батыс елдері үшін қымбат тауар – жібекпен байланысты. Жібек құртынан жібекті дайындау құпиясын қытайлықтар шамамен 5 мың жыл бұрын ашса, белгілі жібек шаруашылығын зерттеуші А.А.Тихомиров оның нақты уақытын – б.з.д. 298 жыл деп атап өтеді. Қытай аңыздары бойынша ең алғаш алынған жібек жіп Си Линг-чи патша ханымға тәуелді болды. Шай ішу кезінде патша ханым шыныаяғына ағаштан жібі шығып тұрған құрт түсіп кетеді, сосын құрттың жібін тарқатып алады, солай алғашқы жібек жіп алынады, ал Си Линг-чи император әйел осы үшін ризашылық ретінде Аспан асты империясының құдайын тұрғызды, оның құрметіне осы күнге дейін Қытайдың көптеген аудандарында жыл сайын ғұрыптық мейрамдар өткізіледі.

2-сурет: Құмыра;  2-топ

Бірқатар зерттеушілер жібек ша¬руашылығының отаны Шан-дунь провинциясы, өйткені б.з.д. 2255 жылдың өзінде-ақ қытай патша ханымына салық ретінде жібек мата төлеген деп есептейді. Әсіресе, жібек шаруашылығы б.з.д. 1-мыңжылдықтың 2-жартысында ақша, мата дайындау, салық төлеу, сауда келісімдері барысында есептесу жібектен болған кезде кеңінен дамыды. Бірқатар ғалымдар таза жібектің отаны Үндістанның таулы аудандары десе, келесі біреулері – Батыс Гималай, тіпті Иран деп есептейді. Дегенмен, бомбикстің отаны, осы күнге дейін жібек құртының жақын аталасы – теофиль мандарин көбелегі өмір сүретін Солтүстік Қытай болып табылады.

 

2) Миға шабуыл: «Суретке  қарап әңгіме құрастыру» әдісі

Критерийі:

—           эссе тақырыбының мазмұнындағы мәселелерді түсінуі;
—           эссе тақырыбына мазмұнының сай келуі;
—           эссенің мазмұны өзекті мәселе бойынша жеке ойын білдіруі тиіс.

 

3) Бейнесюжет. You tube  «Ұлы жібек жолы тарихы» бейнесюжет көріп   мынадай сұрақтарға  жауап  береді

·         Ұлы Жібек жолы қай ғасырға жатады?
·         Ұлы жібек жолында қаңдай сауда жолдары бар?
·         Сауда жолында қаңдай тауарлар тасымалданды?
·         Қазақстан жерінде шығысқа шығатын негізгі қақпа?
·         Қазақстан жерінде батысқа шығатын негізгі қақпа?
·         Ұлы Жібек жолында қаңдай ортағасырлық қалалар бар?

4) Картамен жұмыс.  2 топқа карта таратылады. Ұлы жібек жолының сауда тармақтарын картаға түсіреді:

7 минут

5)  Ұлы Жібек жолымен саяхат. Өзінді Түркістаннан Қытайға тауар керуенімен атанған саудагермін деп ойла.

Ø  1 – топ. Маршрут сал: Қандай қалалар арқылы өту керек екендігін көрсет.

Ø  2 – топ. Қытайдан сен алып кететін тауарларды ата және оларды сипатта…

Дескриптор
1. Картамен жұмыс жасай алады
2. Тауар айналымын сипаттай алады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Video 2018-12-12 at 18.35.05.mp4

 

 

 

Сабақтың соңы

 

8 минут

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

Қорытынды «Тақырыптың түйінді сөзі» әдісі
Берілген қалалардың қайсысы қазақ жеріндегі Ұлы Жібек жолындағы қалаларға жатады? (оқушылар «Сөздер банкісінен» дұрыс қалаларды «Біздің тақырып банкасына» ауыстырады)

Рефлекция:    
3-2-1

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат

1

2

3

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 сұрақ

1

2

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет 1

 

Үй тапсырмасы.

Эссе жазу:  «Ұлы Жібек жолының қазақ елі үшін маңызы» — тақырыбына ой – түйін жазу (60-70 сөз)

 

 

 

Қосымша ақпарат
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Теңге арқылы бағалау.     География,

Интербелсенді  тақтамен                    жұмыс болды.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

 

Ұлы Жібек жолының бағыттарын білді, картамен жұмыс жасады, өз ойларын ортаға салды.

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ