Ұмыт бола бастаған қазақ дәстүрлері

0
4277

Көпшілік адамдар халқымыздың ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан асыл дәстүрлерін білсе де, оларды күнделікті өмірде мүлдем қолданбайды. Сондықтан да біз қолданыстан шығып қалған дәстүрлердің кейбірін еске алуды жөн санадық.

Ерулік

Ерулік — бұл жаңа қонысқа көшіп келгендерді үйге шақыру дәстүрі.  Жаңа көшіп келгендердің тосырқамай, өздеріне тез үйреніп кетуі үшін жасалатын ырым. Ерулік көршілердің арасын жақындастырады. Шақырушы тарап қонақтарды жылқы етінің ең сүбелі болып есептелетін қазы-қарта, жал-жаясын, сондай-ақ қой етін беріп сыйлайды.

Ат тергеу

Қазақ дәстүрі бойынша әйелдер күйеуінің туыстарының атын атамаған. Бұл сыйластықтықтың көрінісі. Қазақ әйелі күйеуінің аға және әпкелеріне, ет жақын туыстарына көпшілік жағдайда «мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым» деген сияқты ат қойған.

Құрсақ той

Құрсақ той, құрсақ шашу — бұл өзінің келінінің аяғы ауыр екендігін білген ене достарын, туыстарын, көршіқолаңдарын шақырып, мол дастархан жаю дәстүрі.

Бұл шараның мақсаты жүкті болған келіннің көңілін аулау. Үлкендер жағы болашақ анаға баталарын берсе, құрбылары, жеңгелері өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөліседі.

Жарыс қазан

Аяғы ауыр әйелдің қиналмай босануы үшін жасалатын ырым. Ырымға сәйкес оның ет жақын туыстары, көпшілігі әйелдер қонақтарға арнап ет асулары керек. Қазанға салынған ет піскенше әйел де босанады деген сенім қалыптасқан.

Сүйек жаңғырту

Сүйек жаңғырту дегеніміз құдалықты жалғастыру, яғни бір құда тағы да бір рет құдаласу дәстүрі. Дәстүр қыз бен жігіттің келісімі бойынша жүргізіледі.

Селт еткізер

Қандай да бір салтанатты шара алдында қыз өзі ұнатқан жігітке Ұйқыашар тағамын береді. Мұның қайтарымы ретінде жігіттер жағы қыздарға айна, тарақ пен әшекей бұйымдар сыйлайды.

Абысын асы

Бұрыңғы кезде қазақ келіндері ерлерінің рұқсатынсыз көңіл көтермеген. Ерлері тойға, айтқа кеткен кезде ауылда тек әйелдер ғана қалған. Осы кезде олар дәмді еттерін асып, самауырынға шәйлерін қойып, бастарын бір жерге қосып әзіл-әңгімелерін жарастырған. Бұл қазақ әйелдерінің береке-бірлігін, татулығын арттырған. «Абысын асы» әйелдердің татулықта өмір сүруіне тәрбиелейді.

Асату

Көпшілік аузы дуалы, елге сыйлы ақсақалдар өз қолымен табақтың түбінде қалған асты өзінің балаларына берген. Бұрыңғы кезде балалар қонақ шақырған үйді айналшықтап жүрген, өйткені оларды кез келген уақытта асқа шақырып қалуы мүмкін. Әйгілі жазушы Сәбит Мұқанов өзінің шығармаларында бұл дәстүрлі насихаттаған болатын.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ