«Үздік ұстаз» автокөлік мінді!

2
2361

Алматы облысында «Жылдың үздік ұстазы» атағын Алма Маханова жеңіп алды. Жамбыл ауданындағы А.Бейсеуов атындағы орта мектептің атынан сынға түскен жеңімпазға облыс әкімі су жаңа автокөліктің кілтін табыстады, — деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорған қаласында Мұғалімдер күні қарсаңында өңірдің білім саласына еңбегін сіңірген ардагер, зейнеткер педагогтар мен осы күнде жастарды білім нәрімен сусындатып, бар білімі мен біліктілігін ұрпақ тәрбиелеу ісіне аямай жүрген бір топ ұстаздар марапатталды.

Марапатталушылар қатарында «ҚР Білім беру ісінің үздігі» атағы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісіне» ие болғандар да болды. Салтанатты шара барысында Қарасай ауданындағы Жамбыл атындағы орта мектеп «Үздік ауылдық мектеп», ал Еңбекшіқазақ ауданындағы мектепке дейінгі «Бәйтерек» мекемесі «Үздік балабақша» деп танылды.

Қазіргі таңда Алматы облысында білім беру саласында 35 мыңнан астам адам еңбек етуде. Түрлі республикалық байқауларда облысымыздың ұстаздары жоғары нәтижелер көрсетуде. Атап айтқанда, «2018 жылдың үздік мұғалімі» республикалық байқауында Алматы облысының бір топ ұстаздары лайықты түрде «Үздік педагог» атағына ие болды.

Алматы облысының ұстаздары SKILLS ACADEMY мекемесінің жобаларына да атсалысып жүр. Martebe.kz, Qaztest.kz және Ozattar.kz сайттары арқылы өткізетін жобаларға да белсенді түрде қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. 100-ге жуық педагог мамандар Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген Ozattar — Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясына енді.

Мәртебелі мамандық иелеріне осылай сый-құрмет көрсетіліп жатқаны көңіл қуантады. Мемлекет тарапынан әрқашан Ұстаздарымыздың еңбегі елене берсін!

 


2 ПІКІРЛЕР

  1. Керемет. Барлық ұстаздарымыз осындай марапатқа ие болсын!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ