Вирусқа байланысты әлем елдері онлайн білім беруге көшуде

0
1909

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты Қазақстан аумағында төтенше жағдай жариялады.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстанның барлық аумағында 2020 жылдың 16 наурыз сағат 8.00-ден бастап, 2020 жылдың 15 сәуір сағат 7.00-не дейін төтенше жағдай енгізілсін» делінген президент жарлығында.

Жарлықта қоғамдық орындар, мемлекеттік және стратегиялық маңызы бар нысандарда күзетті күшейту, ірі сауда орындарының жұмысын шектеу, ойын-сауық орталықтары, театр сияқты көп адам жиналатын нысандардың жұмысын тоқтату туралы жазылған. Бұған қоса, Қазақстан аумағына кіріп-шығуға шектеу қою қажеттігі айтылған.

Елімізде төтенше жағдайлардың орын алуына байланысты білім беру жүйелері жаппай онлайнға ауысуда. Qaztest.kz олимпиада сайты өз жұмысын кесте бойынша жалғастыра береді. Барлық ұстаздар мен оқушыларға карантин уақытында үйден шықпай, сақтық шараларын қатаң сақтауға кеңес береміз. 

Уақытыңызды тиімді пайдаланып, біліктілігіңізді арттыруға көмектесетін сайттағы олимпиадаларға қатысып, диплом алыңыз.

Дәл қазір сайтымызда бірнеше олимпиадалар жүргізілуде. Сайтымызда жас мамандар мен бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік олимпиадасының басталғанын хабарлаймыз.

Олимпиадалар туралы толық ақпарат

ІV республикалық «Үздік жас маман» олимпиадасының ережесі 

І Республикалық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған пәндік олимпиада ережесі

Ескерту! Бастауыш сынып олимпиадасы 4 пән бойынша Қазақ тілі, Жаратылыстану, Дүниетану және математика пәндері бойынша бөлек-бөлек өткізіледі. Бір қатысушы бір немесе бірнеше олимпиадаға қатыса алады. Олимпиадаға қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады.

БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ — САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ АШЫҚТЫҚ

Егер сізде қандай да бір мәселе болатын болса, бізге жазыңыз.

Кейбір қатысушыларда аты-жөнінен қателіктер кетіп жатады. Егер осындай жағдай кездессе, бізге хат жазып жөндеу үшін өтініш жіберуіңізге болады.

Төлем жарнасын аударғаннан кейін «Сатып алу» батырмасын басып, тесттен өтуіңіз керек.

Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 аралығы. Жұмыстан тыс уақытта хаттар мен хабарласушыларға жауап берілмейді

Құрметпен Qaztest.kz олимпиада ұйымдастыру комитеті


ПІКІР ҚАЛДЫРУ