Ыбырай Алтынсарин. Таза бұлақ

0
4993

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин. Таза бұлақ
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мағлұмат беру, әңгіменің мазмұнын жан — жақты ашу.
Міндеттері: 1. Білімділік. Ы. Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына тоқталу, әңгіменің тақырыбы мен идеясын, мазмұнын меңгерту;
2. Дамытушылық. Дүниетанымын, ойлауын, өзіндік көзқарасын, таным процестерін дамыту. Сөз саптауын жетілдіру;
3. Тәрбиелік. Рухани тазалыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түріізденіс сабағы 
Әдіс — тәсілі: проблемалық ізденіс, талдау, модульдік оқыту технологиясы әдістері, СТО әдістері 
Көрнекілігі: слайд, Ы. Алтынсарин портреті, перфокарта
Пәнаралық байланысөзін — өзі тану 
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.
Ұжымдық психологиялық іс — әрекет.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Көл» өлеңінің мазмұнын сұрау.

  • Қазақстандағы қандай көлдерді білеміз?
-Бурабай, Алакөл, Балқаш, Есіл өзені.

Оқушылар осы көлдер туралы айтып береді. Суреттерін қорғайды.

-Көл өлеңіндегі теңеу сөздер қай шумақта кездеседі?

Жатыр әсем көл тұнып

Көзіндей жас ботаның.

Қозылардай жамырап

Құстар ұшып келеді.

  • Өлеңдегі көлдің таңғы әдемілігі қай шумақта айтылып тұр?
  • Күндізгі әдемілігі қай шумақта тауып оқы.
  • Кешкі әдемілігі ше?
  • Кім жатқа айтып береді?
  • «Поэзия минуты» бір сәт ақын боламыз. Оқушылар мақалдарын, өлеңдерін оқиды суға байланысы.

III. Бір сәт көзімізді жұмайық. Музыка әуенімен бұлақтың сылдырын тыңдату.

  • Көз алдарыңа не елестеді? Оқушылардың жауабы.
  • Бұлақтың сылдыры.
  1. Бұлақ сөзіне ассоциация. ( су, мөлдір, салқын, ауз су). Оқушы тақтаға жазады.
  • Бұлақтың суын неге ішуге болады? Біз дүниетану сабағынан білеміз.

— Ненің суретін көріп тұрсыңдар?
— Суы қандай?
Бұлақ туралы түсінік беру.
Бұлақ – жер бетіне шығып жатқан табиғи жер асты суы. Бұлақтың 3 түрі болады.
1) ыстық бұлақ – санаторияларда адамдарды емдеу үшін пайдаланылады.
2) ащы бұлақтардан тұз өндіріледі.
3) тұщы бұлақтар ауыз су ретінде пайдаланылады.

IV. Жаңа сабақ
1. Ендеше бүгін біз Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесімен танысамыз.
(Дәптерге күннің ретін тақырыпты жазу)
Сабағымыздың мақсаты мәтіннің мазмұнын түсіну, автордың әңгімені не мақсатта жазған ойын білу.
2. Ой қозғау
Ы. Алтынсарин кім?

Ы.Алтынсарин педагог, қоғам қайраткері, алғаш қазақ балаларына арнап әліппе жазған. Мектеп ашқан.

— Қандай шығармаларымен таныспыз?

Өлеңдері: «Өзен», «Жаз» Әңгімелері: «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейтқұл», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» т. б.

Слайд. Ы. Алтынсарин.

V. Қорытынды.

Бағалау.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ