| Коуч мұғалім | Сахуалина Узилдик | ||||
| Коучинг тақырыбы | Ынтымақтастық орта қалыптастырудағы топтық жұмыстың маңызы | ||||
| Мақсаты | Әріптестерге топтық жұмысты ұйымдастыра отырып,оны оқу процесіндеде пайдалану оқушы білімін дамытып, ынтымақтастық орта қалыптастырудада маңызды роль атқаратындығын көрсету | ||||
| Күтілетін нәтиже | Коучинг арқылы мұғалімдер топтық жұмыстың маңызын түсініп, топтық жұмыстың оңтайлы жақтарын тәжірибесінде пайдалануға тырысады; Ортада жайлы әрекеттестік орнатады, өз идеяларын зерделеп, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасайды. Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастыққа қол жеткізеді |
||||
| Түйінді идея | Топтық жұмыс және ынтымақтастық | ||||
| Әдіс-тәсілдер | АКТ,СТО,Қалай оқу керектігін үйрену модульдері, диалогтық әдіс.топпен жұмыс | ||||
| Ресурстар | Сурет,түрлі түсті қағаздар,маркер,стикер | ||||
Коучингтің өту барысы: |
|||||
| Коуч іс-әрекеті | Әріптестердің іс-әрекеті | ||||
|
Әріптестерді түстерді таңдаулары арқылы топқа бөлу Таңдаған түстері арқылы жақсы сипаттамалар беру |
Әріптестер топтарға бөлінеді | ||||
|
АКТ-ы пайдаланып тақырыпқа байланысты сурет көрсету: -Топтық жұмыс бізге не береді? -Бұл суреттен не көріп отырсыздар деп тақырып мақсатын ашқызып алу -Ендеше суретті негізге алып сіздерге постер қорғау ұсынылады
-Неге бұл тақырып проблема болып отыр деп ойлайсыздар? -Сіз топтық оқыту ынтымақтастыққа қол жеткізеді деп ойлайсызба? -Сіз оны сабақта қалай пайдаланар едіңіз? -Қандай әрекеттер маған көмектесе алады деп ойлайсыз? — Топтық жұмыс барысында оқушылардың бірлескен оқуы қаншалықты маңызды деп ойлайсыздар? -Топтық оқытуды өз тәжірибеңізге пайдаланғанда не өзгеруі мүмкін? -Сіз осы топтық оқыту оқушылардың білімі мен ынтымақтастығына қол жеткігенін қалай білер едіңіз т.б |
Әріптестер өз ойларын айтады Постер қорғайды, өз ойларын еркін жеткізеді Әріптестер шара барысындағы тақырыптан алған әсерлерін зерделей отырып, шынайы түрде жауап береді |
||||
|
Сергіту сәті: «Көшбасшы құмырсқа» ролигін көрсету арқылы әріптестерге ой тастап- осы видеоролик арқылы қазақтың қандай мақал-мәтелдері естеріңізге түсті деп ой қорыту. Мақсатым -топтық жұмыстың -ынтымақтастыққа , ынтымақтастықтың-жақсы нәтижеге жеткізетіндігін аша түсу |
Мақал- мәтелдер айту |
||||
|
Кері байланыс Рефлекция : |
Бүгінгі коучинг туралы сіздің пікіріңіз «Бармақ», | ||||
| «Табыс баспалдағы» | |||||
| Коучинг тақырыбын ұғынуда сіздерге қандай қиындықтар кездесті | Коучингтен әсер алдым.Тәжірибеме көмегі тиетін болады | Коучинг мақсатына жетті тәжірибеме көп көмегі тиетін болады | |||



