Ынтымақтастық орта қалыптастырудағы топтық жұмыстың маңызы

0
1255
«Күн дидарлы-Қазақстан!»
Коуч мұғалім Сахуалина Узилдик
Коучинг тақырыбы Ынтымақтастық орта қалыптастырудағы топтық жұмыстың маңызы
Мақсаты Әріптестерге топтық жұмысты ұйымдастыра отырып,оны оқу процесіндеде пайдалану оқушы білімін дамытып, ынтымақтастық орта қалыптастырудада маңызды роль атқаратындығын көрсету
Күтілетін нәтиже Коучинг арқылы мұғалімдер топтық жұмыстың маңызын түсініп, топтық жұмыстың оңтайлы жақтарын тәжірибесінде пайдалануға тырысады;
Ортада жайлы әрекеттестік орнатады, өз идеяларын зерделеп, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасайды.  Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастыққа қол жеткізеді
Түйінді идея Топтық жұмыс және ынтымақтастық
Әдіс-тәсілдер АКТ,СТО,Қалай оқу керектігін үйрену модульдері, диалогтық әдіс.топпен жұмыс
Ресурстар Сурет,түрлі түсті қағаздар,маркер,стикер
Коучингтің өту барысы:
Коуч іс-әрекеті Әріптестердің іс-әрекеті

Әріптестерді түстерді таңдаулары арқылы топқа бөлу

Таңдаған түстері арқылы жақсы сипаттамалар беру

Әріптестер топтарға бөлінеді

АКТ-ы пайдаланып тақырыпқа байланысты сурет көрсету:

-Топтық жұмыс бізге не береді?

-Бұл суреттен не көріп отырсыздар деп тақырып мақсатын ашқызып алу

-Ендеше суретті негізге алып сіздерге постер қорғау ұсынылады

  • Топтық жұмыс не үшін қажет?
  • Топтық жұмыс жасауда мұғалімнің ынтымақтастық орта қалыптастыруда ролінің маңызы неде?
  • Сіз топта қалай жұмыс жасар едіңіз?
  • Мақсатқа қол жеткізу үшін түйткі сұрақтар қойылып отырады:

-Неге бұл тақырып проблема болып отыр деп ойлайсыздар?

-Сіз топтық оқыту ынтымақтастыққа қол жеткізеді деп ойлайсызба?

-Сіз оны сабақта қалай пайдаланар едіңіз?

-Қандай әрекеттер маған көмектесе алады деп ойлайсыз?

— Топтық жұмыс барысында оқушылардың бірлескен оқуы қаншалықты маңызды деп ойлайсыздар?

-Топтық оқытуды өз тәжірибеңізге пайдаланғанда не өзгеруі мүмкін?

-Сіз осы топтық оқыту оқушылардың білімі мен ынтымақтастығына қол жеткігенін қалай білер едіңіз т.б

Әріптестер өз ойларын айтады

Постер қорғайды,

өз ойларын еркін жеткізеді

Әріптестер

шара барысындағы тақырыптан алған әсерлерін зерделей отырып, шынайы түрде жауап береді

Сергіту сәті: «Көшбасшы құмырсқа» ролигін көрсету арқылы әріптестерге ой тастап- осы видеоролик арқылы қазақтың қандай мақал-мәтелдері естеріңізге түсті деп ой қорыту.

Мақсатым -топтық жұмыстың -ынтымақтастыққа , ынтымақтастықтың-жақсы нәтижеге жеткізетіндігін аша түсу

Мақал- мәтелдер айту

Кері байланыс

Рефлекция :

Бүгінгі коучинг туралы сіздің пікіріңіз «Бармақ»,
«Табыс баспалдағы»
Коучинг тақырыбын ұғынуда сіздерге қандай қиындықтар кездесті Коучингтен әсер алдым.Тәжірибеме көмегі тиетін болады Коучинг мақсатына жетті тәжірибеме көп көмегі тиетін болады
Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ