«Ынтымағы жарасқан – Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты

0
8864
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Ынтымағы жарасқан – Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты

Тәрбие сағаттың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт — дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт — саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.

Тәрбие сағаттың көрнекілігі: «Ынтымақ галереясы» атты плакат, тақырыбы, слайд — суреттер, балалардың әр ұлт өкілдерінің киім үлгілері.

Тәрбие сағаттың барысы:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар мен құрметті ата — аналар қауымы. Бүгінгі біздің «Ынтымағы  жарасқан — Қазақстан»- деп аталатын мәдени — мектеп ішілік  ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Жаса елім, жаса достық бірлікпен,

Көштен қалма, қалма және тірліктен.

 Елім менің – Қазақстан Отаным,

 Алға өрле үшінші мың жылдықпен

Тек достықпен, өзгеде ел — халықпен — деп бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

    Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде. әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату — тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді.

1-мамыр ынтымақ, бірлік мерекесі баршамызға құтты болсын!

Ортаға ынтымақ  күніне арналған өлең шумақтарын арнауға оқушыларды шақырамыз.

(0-4 кл оқушалырының тақпақтары)

Бүгінгі біздің мектепалды даярлық және 1 – 4  сынып оқушыларымен бірге ұйымдастырып отырған ертеңгілігімізде оқушыларымыз шама — шарқына қарай  әр түрлі ұлттың өнерімен, халқымен, салтымен, ұлттық тағамымен өнер көрсетеді.

 1 — топ: «Қазақтар» 2 — топ: «Орыстар» 3 — топ: «Украин»  4- топ «Өзбектер» 5-топ: «Үнділер» 6 – топ: «Татарлар»

Жүргізуші: 1 — ші кезеңінде ортадағы халықтар өздерін таныстырып өтсін.

 Алғашқы топ: Мінезі бар салмақты,

 Алғашқы топ «Қазақты»

Қарсы аламыз бәріміз,

 «Қазақ» деген халықты.

Ортада «Қазақтар» тобы өздерінің таныстыруларымен.

 

 Жүргізуші: Көршімізді сыйлаймыз,

 Қонақ келсе қимаймыз,

 Қасымызға алып — ап,

100 күндетіп тойлаймыз,- дей келе ортағы «Орыстар» тобының таныстыруын тыңдайық.

 

Жүргізуші: Кім сүймейді ет жақынын, туысқанын,

 Украина туысымның бірісің.

Тұрды биік туымыздай бұл достық,

 Ел басына төнгенде де ұлы сын.- дей келе ортаға «Украин» тобының таныстыруны тыңдайық.

 

Жүргізуші: Көшіп — қонып жүретін,

Ала дорба асынып,

 Киноларға түсіріп,

Шаршамайтын өмірден

 Ортада «Өзбектер» тобы өздерінің таныстыру өлең шумақтарымен.

 

Жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан. – дей келе «Үнді» ұлтының таныстыруын тыңдайық

Жүргізуші: Ортақ бізге бір Отан,
Еңбек ортақ, жыр ортақ.
Ортақ бізге барлығы,
Байлықтың ең үлкені — халықтар достығы. – дей келе ортаға «Татар» ұлтының таныстыруны тыңдайық.

 

Жүргізуші: Бүкіл дүние жүзі бойынша қазақтардың саны – 12 млн. Бүгінде шет елдерде тұратын қандас бауырларымыздың саны 3, 5 млн адам. Қазақстанда 130 — ға жуық ұлт өкілдері тұрады. Олардың ішінде ең көп санды орыстар — 30%, украиндар – 3, 7%, өзбектер – 2, 5% құрайды. Адам санының өсімі мен дамуы жағынан Қазақстан БҰҰ — на мүше мемлекеттер қатарында да қомақты орын алады. Даму жағынан қазіргі күні ТМД — ға кіретін мемлекеттердің ішінде алдыңғы орында. Қазақстанда 84 қала, 200 кент, 2036 аудандық округ, 7684 ауылдық мекендер бар. Қазақстан тұрғындарының 56%- ы қалада, 44%- ы ауылдық жерлерде тұрады.

 Қанша ұлт болсын,

Қанша салт болсын,

 Ынтымағы жарасқан

Мәдениетті ел болсын,-

Жүргізуші: әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегі, аңыз, салт — дәстүрлер ұрпақтан — ұрпаққа беріліп отырады. әр халықтың өзінің ұлттық ертегісі, бесік жыры бар. Бірақ олардың бәріде бір атаның баласындай бақыт, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін өмір сүреді. Бұл мақсат бәрінің басын біріктіреді. Біздің еліміз ынтымағы жарасқан, бірлігі нығайған үлгілі елдердің біріне айналды. Халық әрқашан бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарған қиындықты бірге бөлісіп, қандай жағдайда да өздерінің бірліктерін көсетіп келеді

Хор: Әрқашан күн сөнбесін!

Жүргізуші: Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар,

Қазағымның елін, жерін қорғайтын

Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.

 Міне, осындай егеменді еліміз,

Кең жазира, ұлан — байтақ еліміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін,

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз — дей келе барлықтарыңызға алғыс білдіреміз.

 

Акимова Гулшат Амановна

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, С.Оразалин атындағы ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ