Қыз Жібекке хат

0
3486

Қыз жібек жыры бәрімізге таныс. Мектепте білім алып жүріп, Қазақ әдебиеті сабағынан жарыса оқып, таласа мазмұндап, сол кездегі махаббат оқиғасына бірге саяхаттап келетінбіз. Қыз Жібектің бейнесін көз алдымызға елестетіп, бір еліктеп алғанымыз да рас. Сол себепті, бүгін мен бірге оқыған сыныптастарымның Қыз Жібекке жазған хаттарынан үзінді ұсынбақпын. Сіз де мектеп шағында осындай хаттар жазған боларсыз?!

“Қыз Жібек, мен сенің әр қылығыңа, мінезіңе таң қаламын. Мен сенің ибалылығың, сұлулығың, нағыз қазақ қызына тән әдептілігіңді көз алдыма елестетіп, саған ұқсауға тырысамын. Сенің мөлдір, пәк махаббатың Төлегеннің жүрегін жаулаған болатын. Өткені, сенің бойыңда шынайылық, адалдық, мнйірімділік, адамгершілік деген барлық жақсы қасиеттер жинақталған. Әрі сенің сол ақылыңа көркің де сай. Сондықтан мен сенің бойыңдағы бар қасиеттерді өз бойыма сіңіруге тырысамын. 
Сәлеммен сен жайлы жырды оқып, ерекше әсер алған 9 сынып оқуышысы Құмарбаева Аида.”

”Сәлем Қыз Жібек. Мен сені бұрыннан бері танитын едім. Сені мен ғана емес, бүкіл әлем таниды. Тіпті сен секілді сұлу, ақылды болғысы келетін ару қыздарымыз өте көп. Соның бірі ол- мен. Менің аты-жөнім- Ертай Әмина.
Сенің заманың өте қиын заман еді. Бірақ сендей сұлу, ару қыз қиын заманда өмір сүргені өкінішті. Қазір біз өте тыныш заманда өмір сүріп жатырмыз. Бұның бәрі сенің заманыңдағы батыр ата-бабамыздың арқасы. Мен сіз секілді ақылды, әдемі болмауым да мүмкін, дегенмен аздап өлең шығаратыным бар еді. Сізге арнап қысқа өлең жаздым. Соны ұсынамын:

Қыз Жібексің, айдай сұлу арусың,
Жігіттерге қол жетпейтін қарусың.

Ақылымен, көркіменен әрдайым,
Отбасын берік ұстар жанбысың.”

“ Қыз Жібек, сенің махаббатқа деген адалдығың, Төлененге деген сезімің, ақылың адамды ерекше тәнті етеді. Мүмкін сенің заманыңда бұндай сезім ешкімді таң қалдырмаған болар. Ал, қазіргі жалған сезімдер жайлаған қоғамда өмір сүріп жатқан бізге бұл оқиға ерекше әсер етті. Саған деген шексіз ықыласпен Абиева Айниса. 

Қыз Жібектей сұлуды ел-жұрт бұрын көрмеді,

Төлегеннің сезімін бір көргеннен сезіп еді,

Әттең, осы сұм тағдыр екеуін бірге қоспады,

Төлегеннің өлгенін жырғып талай жоқтады.”

“ Сәлем, Қыз Жібек! Мен Бектенова Гүлім, 9 сынып оқушысы, сіз туралы жазылған “Қыз Жібек” жырын оқып, көптеген өзіме керек мағлұматтар алдым. Қазақ халқының түрлі дәстүрлерімен, бұрынғы өмір салтынмен таныс болдым. Мен сізді шын өмірде көрмегеніме мұңлымын. Қазіргі заманда сіздей әдемі, иманы түзу, ақылына көркі сай қыздар көп болса екен деймін.”


ПІКІР ҚАЛДЫРУ