Математикадан қызықты әрі логикалық  есептер жинағы. Оқушылардың білімі мен біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

  1. 2 сантиметрлі 16 таяқша,1 сантиметрлі 12 таяқша және 3 сантиметрлі 13 таяқша бар. Осы таяқшалардан тік төртбұрыш құрастыруға бола ма?
  2. Марат екінші қабатта тұрады. Самат сол подъезде тұрады,бірақ оған 2 есе артық көтерілуге тура келеді. Бірінші қабатқа дейін баспалдақ жоқ, Самат қай қабатта тұрады?
  3. 3 минуттық және 7 минуттық құм сағаттар бар. Жұмыртқаны 4 минут пісіру керек. Құм сағаттардың көмегімен жұмыртқаны қалай пісіріп алуға болады?
  4. Дәрігер Айгүлге 3 дәрі берді.Әрбір дәріні 20 минуттан кейін ішу керектігін айтты. Дәрі қанша уақытқа жетеді?
  5. 100 турист келді. Олардың 10 адамы агылшынша да, французша да білмейді. 75 адам агылшынша біледі, 83 адамы французша біледі. Неше турист екі тілді де біледі?
  6. Такси ауылға келе жатыр.Жолда 5 жүк машинасы және 3жеңіл машина кездесті. Неше машина ауылға келді?
  7. 1кг ет бір сағатта піседі, ал жарты кг ет қанша уакытта піседі?
  8. Қоймада 5 цистернамен 6 тоннадан жағармай болды. Екі цистернадан колхозшыларға жағармай берілді. Қоймада қанша жағар жанармай қалды?
  9. 10 насос 10 минутта 10 тонна су тартады. 20 насос 20 тонна суды неше минутта тартады?
  10. Құмырска көрші илеуге қонаққа барды. Ол барарында жаяу, ал қайтқанда жолдың бірінші жартысында жұлдызқұртқа мініп жаяу барғаннан екі есе акырын жүрді, ал жолдың екінші жартысында инелікке отырды да жаяу жүргеннен 5 есе артық жүрді. Құмырсқа қонаққа барғанда аз уақыт жұмсады, жоқ қайтқанда ма?
  11. Периметрі 26 см, ауданы 12 см,кв тіктөртбұрыштың қабырғалары қанша?
  12. 3 бірдей қарбызды бірдей етіп 4 балаға бөлу керек. Аз тілік жасап қарбызды қалай бөлуге болады?
  13. Себетте алма екі таңбалы сан. Алманы бірдей етіп 2,3 және 5 балаға бөліп беруге болады. 4 балаға бөлуге болмайды. Себетте неше алма?
  14. Бөтелкеде,стақанда және құмырада және банкіде сүт, қымыз, шұбат және су бар. Су мен сүт бөтелкеде емес екендігі белгілі,қымыз құйылған ыдыс құмыра мен шұбат құйылған ыдыстың арасында тұр. Банкіде қымыз да,суда емес. Стақан банкы мен сүт құйылған ыдыстың жанында тұр.
  15. 8 наурызда екі шешей мен екі қызына,әжей мен немересіне үш орамал сыйға тартылды. Бұл қалай?
  16. Қайрат,Алма,Сәуле дойбы ойнады,Әрқайсысы 2 партиядан ойнады. Олар барлығы неше партия ойнады.
  17. Бесінші қабатқа көтерілу үшін 80 басқышқа көтерілу керек. Үшінші қабатқа көтерілуге неше басқышқа көтерілесіз?
  18. Кенгуру ата-аналарының 3 кішкентай қыздары бар. Әр кенгуру кызының екі кенгуру інілері бар. Кенгуру от басында неше мүше?
  19. Балықшыдан неше балық ұстадың десе: Жиырманың жартысын, бассыз екеуін, құйрықсыз үшеуін -деді. Балықшы неше балық ұстады?
  20. Алмұрт алмадан екі есе қымбат, 8 алма қымбатпа, әлде 4 алмұрт қымбат па?
  21. Үлестірме қағазбен 9 + 2 + 9= 20 екенін таптық. Енді осы үлестірме қағаздардың көмегімен 14 болатындай етіп қалай шығарып алуға болады?

   

Пайдаланылған  әдебиет:

  1. Ә. Наурызбайқызы,Қ Әубәкірқызы,С Мұқанбетқызы Математикадан дидактикалық материалдар мен ойындар және қызықты тапсырмалар.

Осы пән бойынша басқа да есептер жинағы мен сабақ жоспарын көріңіз. 

  1. Тапқырлықты талап ететін логикалық есептер
  2. Рационал сандарды бөлу. Математика пәнінен сабақ жоспары

  3. Аралас сандарды қосу және азайту. Математика пәнінен сабақ жоспары

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ