Қызыл кітап құпиясы

0
3108
Иллюстрация: Freepik.com

Күні:                   

Тақырыбы: Қызыл  кітап  құпиясы.

Мақсаты:

  1. Қызыл кітап туралы түсінік беріп, қоршаған ортаны қорғау, оған қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру.
  2. Жануарлар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғатын себептерді түсіндіру.
  3. Табиғатты аялауға баулу.

Сөздік жұмыс: сындырылған ағаш, саны сиреп бара жатқан жануарлар, өсімдіктер.

 

Іс – әрекет бөлімдері Педогогтің іс — әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Ынталандыру. Сезімді ояту Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Балалар өлең жолдарын қайталап, бір-бірімен амандасады.
Ізденістер. ұйымдастыру 1.     Қызыл кітап туралы түсінік беру.

—         Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан-жылға азайып не хойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі.

2.     Сергіту сәтін өткізу.

Көбелек те, гүл де бір

Қызыл-жасыл күллі өңір.

Аспан төрі ақша бұлт,

Бау-бақшада барша жұрт.

Саңқылдаған саз әні,

Көлде құстың базары.

3.     Әліппе-дәптермен жұмыс.

—         Дәптерде бейнеленген Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың аттарын атайды.

—         Қызыл кітапқа енген құстарды туып, оларды бояу.

Балалар педагогті мұқият тыңдап, сұрақтарына жауап беруге тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңге қосылып, сергіту жаттығуын жасайды.

Қорытын — дылау. Өзін – өзі бағалау 4.     «Қызыл кітап» дидактикалық ойыны.

5.     Педагог сұрақ-жауап және көрнекілік әдістері арқылы балалардың сабақта алған білімдерін пысықтайды.

 

Күтілетін нәтиже: туған өлке табиғаты туралы түсініктерін жетілдіру.

Білуі тиіс: табиғат жанашыры туралы ұғымы болуы.

Түсінігі: жануарлар мен өсімдіктерді қорғау.

Көрсете білуі: жануарларға қамқорлық көрсету, өсімдіктерді күтіп-баптау.

Турлыбекова Сагира Кокановна
№26«Самұрық» бөбекжай-бақшасы, Шымкент қаласы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ