Көліктер кептелісі

0
3227
Иллюстрация: Freepik.com

Күні:                            

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Көліктер кептеліcі.

Мақсаты: Балаларды көлік түрлерімен таныстыру. Жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру. Жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу. Көз қимылын дамыту.

Қажетті құралдар: Көлік түрлері суреттері. Бағдаршам, жол белгілері.

Сөздік жұмыс: баған, аспалы, сым жол

Іс әрекет кезеңдері Педагогтың іс — әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Балалар бір біріне жақсы тілектер айтып, жылы лебіздерін білдіреді. Педагог балаларға көліктің түрі көп екенін айтады.

— Алыс жолға, саяхатқа шыққанда қандай көліктермен жүреміз?

Балалар бір біріне жақсы тілектер айтып, жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдастырушылық — ізденістік Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмып, көз алдарына саяхатқа қалай шығатындарын елестетеді. Жеңіл көлікпен аялдамаға жетеді. Аялдамадан атобусқа мінеді. Вокзалдан пойызға мініп, портқа жетеді. Кемемен жүзіп отырып әуежайға, әуежайдан ұшаққа отырып демалатын жерге де жетеміз. Көзімізді ашамыз. Қандай сезімде болдыңдар?

М. Әлімбаевтың «Троллейбус» өлеңімен таныстыру.

Бағанға ілінген Аспалы сым жолы бар,

Көшелерде жүгірген троллейбус жолығар

Сым жолымен зулайды,

Басқа жаққа бұрылмайды.

—         Троллейбусқа мініп көрдің ба?

—         Троллейбустың автобустан айырмашылығы қандай?

—         Сым жолымен қалай жүреді?

—         Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қанатымызды жаямыз.

Ұшақ болп ұшамыз,

Суда жүйіткіп жүземіз,

Кемелерді түземіз.

Жол тәртібін сақтап,

Троллейбусқа мінеміз.

Дидақтикалық ойын:

«Жолдан өте білесің бе?» Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Көліктер, жаяу жүргіншілер. Бірінші топ көліктерге мінеді, екінші топ жаяу жүргіншілер. Бағдаршамға жол белгілеріне қарап жолдан өтулері керек.

Жұмбақ шешу:

Төбесінде ебелек,

Ұшады өзі керемет.

 

Табанында жолы бар,

Төбесінде қолы бар.

Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмып, көз алдарына саяхатқа қалай шығатындарын елестетеді.

 

М. Әлімбаевтың Троллейбус» өлеңімен танысады.

 

 

Өлең бойынша сұрақтарға жауап береді.

 

 

Балалар қимыл  қозғалыс пен сергіту жаттығуын орындайды

 

 

«Жолдан өте білесің бе?»

Дидактикалық ойынын ойнайды. Балалар екі топқа бөлінеді.

Жұмбақтардың шешімін табады.

Тікұшақ

Трамвай

 

Рефлекциялық –түзетушілік —         Қандай көлік түрлерін білесің?

—         Алыс жол жүріп көрдің б?

—         Өзің қандай көлікті ұнатасың?

—         Суретін салып әңгімеле.

Балалар қорытынды сұрақтарға жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Балалар көлік түрін білу керек.

Болу керек: Жолда жүру ережесі туралы білімдері болу керек.

Үйрену керек: Жолда жүру тәртібін сақтауға үйрену керек.

Қуатова Айгүл Әлменқызы
№26«Самұрық» бөбекжай-бақшасы, Шымкент қаласы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ