Қызыл телпектің жаңа жылғы саяхаты. (сценарий)

0
3802
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Қызыл телпектің жаңа жылғы саяхаты.

Зал іші жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген. Ортаға орта шырша орналасқан.

Бірінші эпизод:

(Музыка әуенімен қатарласа, қолдарына шар ұстап, балалар кіреді. Шыршаны бір- екі айналып, орындарына отырады. )

Ұлу:

  • Сәлеметсіздерме балалар, мен ескі жыл иесі ұлумын. Сендермен бірге жаңа жыл иесін қарсы аламын. Бірақ бүгін біздің шыршамыз жарқырамай тұр. Енді не істейміз?

(Залда жарық өшіп қалады, Жарқыраған шамы бар Фея келеді. Ол өзінің сиқырлы таяғымен шырша жарығын жандырады. Залда свет жанады.)

Фея:

  • Сәлеметсіздерме, балақандар. Мен сиқыршы феямын. Мен сендермен жаңа жылды қарсы алуға келдім. Шырша тойын бірге тойлаймыз. Қазір мен өзімнің жақсы көретін тамаша ертегімді айтып беремін. Ал сендер жақсылап тыңдап, қарап отырыңдар.
Екінші эпизод:

Фея:

  • « Баяғы бір заманда бір қыз болыпты.Ол үнемі басына қызыл түсті телпек киіп жүреді екен. Сол себепті ол қызды барлығы Қызыл телпек деп атап кетіпті. Бір күні қызыл телпекті анасы. «Айгөлек» балабақшасына Жаңа Жыл мерекесін қарсы алуға жібереді.

Анасы:

  • Қызым сен бүгін «Айгөлек» балабақшасына барып қайт. Ол жақта балалар Жаңа Жыл мерекесін қарсы алып жатыр.

Қызыл телпек:

  • Жарайды ана, мен өзімнің достарыммен бірге барсам болады ма?

Анасы:

  • Әрине болады. Бірақ орманнан өткенде байқап жүр.

(Қызыл телпек ұялы телефонмен ормандағы достарына қоңырау соғады.)

Қызыл телпек:
  • Алло, Қоян сәлем. Мен Қызыл телпекпін. Сен ормандасың ба. Сол жақта бол мен қазір келемін. Барған соң айтамын

Фея:

Сөйтіп, Қызыл телпек әжесінің үйіне кетуге дайындалады.

( Жолда Қызыл телпектің алдынан қасқыр шығады.)

Қасқыр:

  • Қызыл телпек қайда бара жатсың?

Қызыл телпек:

  • Балабақшаға бара жатырмын. Жаңа жылды сол жақта қарсы аламын.

Қасқыр:

  • Маған сенімен баруға болады ма?

Қызыл телпек:

  • Жоқ болмайды. Ол жаққа тек қана менің достарым ғана барады. Ал сен менің досым емессің.
Қасқыр:
  • Жарайды. Қызыл телпек, сен мына жолмен жүрсең әжеңнің үйіне тезірек жетесің.

Қызыл телпек:

  • Рахмет, мен кеттім. Сау болыңыз, Қасқыр.

Фея:

Осылай Қасқыр Қызыл телпекке балабақшаға баратын өте ұзақ жолды көрсетіп, өзі қысқа жолмен аттанады. Енді, балалар, жолда қызыл телпек өзінің достарын қалай кездескенін тамашалаңдар.

(Жолда қызыл телпектің алдынан қоян шығады)

Қызыл телпек:

  • Қоян, сәлем, жүр менімен балабақшаға қонаққа барайық.

Қоян:

  • Ой жақсы болды. Жүр кеттік. Жолда аю мен түлкіні де ерте кетейік.

(Қоян мен Қызыл телпектің алдынан Қатты бақырып жылаған қонжықты кездестіреді. Қасында Аю мен түлкі жұбата алмай тұр екен.)

Қызыл телпек:
  • Мына жерде не болып жатыр?

Түлкі:

Қызыл телпек келгендерің жақсы болды ғой. Қонжықты мүмкін сендер жұбата аласыңдар. Ол бізден Жаңа жыл мерекесіне келетін Аяз ата мен ақшақардың келгенін сұрайды.

Аю:- Енді не істейміз. Оларды қайдан табамыз?

Қызыл телпек: — Қонжық, жыламашы. Мен саған сыйлық беремін. Барлықтарың менімен бірге балабақшаға жүріңдер. Сол жақта Жаңа жылды тойлаймыз. Аяз ата да келеді.

(Барлығы қуана Қызыл телпекпен әжесінің үйіне жолға шығады, Алдарынан, аяқ астынан Мыстан кемпір шыға келеді. Барлығы қорқып Қызыл телпектің артына тығылады. Қоянды ғана Мыстан кемпір ұстап үлгереді)

Мыстан кемпір:
  • Ия, барлықтарың жиналып қайда бара жатсыңдар?

Қызыл телпек:

  • Айтпаймыз.

Мыстан кемпір:

  • Айтпасаңдар, мен қоянды тасқа айналдырып жіберемін.

Қызал телпек:

(достарына сыбырлап айтады) Мен қазір «қаштық» деген де, айтқанда, менімен бірге жүгіре жөнеліңдер.

Қызыл телпек:

  • Жарайды, қасқыр мен айтамын, әуелі сіз қоянды босатыңыз.

Қызыл телпек:

  • Қашыңдар.

(Мыстан қоянды босатады. Барлығы мыстаннан қашып кетеді. Ол ашуланғанда жарық өшіп –жанып тұрады. Осы кезде қасқыр келеді.)

Қасқыр:

-Мыстан, не болды сізге, соншама қатты ашуланатындай. Орманның бәрін дүркіретіп жібердің ғой.

Мыстан:
  • Қызыл телпек пен оның достары мені алдап қашып кетті. Қайда бара жатқанын айтпады. Мені ешкім ешқашан алдаған емес.

Қасқыр:

  • Мыстан кемпір ашуыңды бас. Олардың қайда бара жатқанын мен білемін. Қызыл телпек мені де , өзімен бірге алып кетпеді. Сондықтан мен оған ормандағы ең ұзақ жолды сілтеп жібердім. Ал біз екеуіміз мына қысқа жолмен жүрсек Қызыл телпектің бара жатқан балабақшасына тезірек барамыз.

Мыстан:

  • Жүр тезірек. Мен оларға алдағанды көрсетемін.

Фея:

  • Балалар, Қасқыр мен Мыстан, Қызыл телпектің әжесіне қысқа жолмен кетеді. Ал, Қызыл телпек достарымен бірге ұзақ жолмен жүрсе де, балабақшаға Мыстан кемпір мен қасқырдан бұрын келіп жетеді.
Қызыл телпек:
  • Ой, достар, мына үлкен шыршаға қараңдар.

(Барлығы шыршаға таңырқап қалады.)

Қоян:

  • Ой, Қызыл телпек Мына жерде көп балалар отыр.

Аю:

  • Өздері қандай әдемі киімдер киіп алыпты.

Қызыл телпек:

  • Сәлеметсіңдерме, балалар, біз сендермен бірге Жаңа жылды қарсы алуға келдік.

Фея:

  • Қош келдіңдер қызыл телпек, орман тұрғындары. Біз келген қонақтарға әрқашанда қуанамыз. Төрлетіңіздер.

Қызыл Телпек:

  • Рахмет, балалар. Қонжық, көрдің бе, бұл жерге қазір Аяз атада келеді.
Фея:
  • Дұрыс айтасыңдар. Бірақ, Аяз атамен ақшақар келмей жатыр. Бізге Аяз ата мен Ақшақарды шақыруға көмектесіңдер.

(Барлығы бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды шақырады. Залға музыка әуенімен Аяз ата келеді)

Аяз ата:

Ау, амансың ба ұлдарым!

Амансың ба,қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың.

Асаулармен жарысқан,

Асау желмен жарысқан,

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Фея:

Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып,

Аяз ата келіп тұр,

Ақ күпіге оянып.

Көрдің бе аяз атаны,

Аппaқ екен сақалы,

Аппақ екен шапаны,

Аппақ екен мұрты да.

(Балалар Аяз атамен амандасады.)

Қызыл телпек:

  • Аяз ата, Ал Ақшақар біздің мерекеге келмейді ме?

Аяз Ата:

  • Балалар, Ақшақар екеуіміз сендерге арналған сыйлықтарымызды орман ішімен алып келе жатыр едік. Алдымыздан қатты ашуланған мыстан кемпір мен қасқыр шыға келді. Амандасып үлгерген жоқпын, олар сыйлық тұрған шананы ұрлады да кетті. Сол сыйлықтарды Ақшақар іздеуге кетіп еді. Келетін уақыты да болып қалды.

(Залға Ақшақар, сыйлықтар салынған шананы сүйретіп келеді)

Ақшақар:
  • Сәлеметсіздер ме, Менің кішкентай достарым, орман тұрғындары, келген қонақтар.

Аяз ата:

  • Ақшақар қызым келдің бе? Сыйлықтарды тауып алдың ба?

Ақшақар:

  • Ия, ата, сыйлықтарды таптым. Бірақ, Қасқыр мен Мыстан кемпір менен қашып кетті.

Фея:

  • Ал, балалар, Қызыл телпек , орманнан келген достар, Аяз атамыз бен Ақшақарымыз да келді, сыйлықтарында орнында. Олай болса Жаңа шылды қарсы алу мерекемізді, шырша тойын бір әсем әнмен бастасақ.

Ән: «Жасыл шырша»

(Барлығы қол ұстаса, шыршаны айнала ән айтады)

Ақшақар:

Ал, келіңде, келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер,

Жомарт Аяз атадан,

Сыйлық алып көріңдер.

Өлең, тақпақтар:

Мерей:Қызыл ала шапаны, Сақалы аппақ күмістей,

. Сағындым Аяз атаны. Тістері аппақ күріштей.

Жылдамырақ келсе екен. Қызыл ала шапаны,

. Бізге ойыншық берсе екен. Сағындым Аяз атаны.

Алан:Жаңа жылды біз тойлап, Аяз: Әдемілеп біз ілген.

Шаттанамыз, бәріміз. Ойыншықтар тізілген.

Өлең де әзір, ән әзір. Қандай жақсы шыршамыз,

Ойын де әзір-бәрі әзір. Ән шырқайық баршамыз.

Ибраһим: Жаңа жылмен, жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді анамызды.

Қонақтардың бәрінде.

Шыршамызда керемет,

Ойыншықтар тағылған.

Алыс жақтан келіп тұр,

Аяз ата сағынған.

Даниял: Келіп қалды, қараңыз. Бек: Аяз ата келіп тұр,

Жарқ-жұрық етіп шапаны, Бізге сәлем беріп тұр.

Шашуға толы даламыз. Бір қолында шоколад

Бір қолында мармелад.

Алтынай: Жаңа жыл, Жаңа жыл, Әмір Арнұр:тамаша, тамаша

Жаңа жылда-жаңа жыр. Шыршамыз тұр жараса.

Жасыл шырша жанында, Басында әсем жұлдызы.

Билеп барлық бала жүр. Көз тоймайды қараса.

Ботажан:Келіңдер,Келіңдер. Уалихан: Қуанып елді.

Тақпақ айтып беріңдер. Жаңа жыл келді.

Жомарт Аяз атадан, Өсетін болдым.

Сыйлық алып көріңдер. Бір жасқа енді.

Мерекеге келдік. Жаңа жылда, жаңа жылда.

Тақпақ айтып бердік. Жаңаша тақпақ айтамыз

Ойыншықтарды тізген, Болсын риза балаша.

Шыршаныда көрдік. Аппақ біздің атамыз.

Жарқынай: Аяз ата келді,

Тамашаны көрді,

Риза болып қуанып,

Бізге сыйлық береді.

Бар баланың қонағы

Төрлет ата жоғары.

Барлық бала өзіндей,

Қашан риза болады.

О, алақай, тамаша.

Шыршамыз тұр жараса.

Жаңа жылда біріміз,

Ән айтамыз жаңаша.

Іңкәр:Аппақ тонға оранып, Айжан: Жасыл желек жамылған

Базарлықты мол алып. Асыл моншақ тағылған.

Келді алыс сапардан, Келді сұлу шыршамыз,

Аяз ата оралып. Көптен түскен сағынған.

(Аяз ата балаларға сыйлығын беріп, мадақтайды.)

Түлкі:

Маған жетер ешкім жоқ,

Мен сұлумын орманда,

Кәнеки бірге таласа,

Ортаға шығып , балалар,

Би билейік жараса.

Би: « Санта клаус биі », «Балапан биі»

Аю:

Түлкі жан мен балалар,

Биді бұл бір керемет,

Биледі сәнді жараса,

Менімен де, балалар,

Ойнасын ойын тамаша.

Ойын:

Қоян:

Мен қоянмын, қорқақтау,

Кішкене тілім, шорқақтай,

Әнді сүйіп тыңдаймын,

Бірге айтсақ шыңдаймын.

Ән:

(Залға музыка әуенімен Буратино кіреді.)

Буратино:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын! Жаңа жыл қайда ? Келмеген бе әлі?

Фея:

  • Сәлеметсіңбе, Буратино. Қош келдің біздің шырша тойымызға. Көңіл күйің өте тамаша екен. Жаңа жыл әлі келмеді. Жолда кездестірген жоқсың ба?

Буратино:

  • Ия, мен Жаңа жыл иесі Жыланды көрдім.Ол менен балабақшаның қайда екенін сұрады. Мен жолды көрсетіп жібердім. Келетін уақыты да болып қалды.
Қызыл телпек:
  • Буратино, онда жаңа жыл иесі келгенше, екеуіміз, балалармен бір әсем би билесек қалай қарайсың.

Буратино:

  • Әрине, билейік. Мен билегенді өте қатты жақсы көремін.

(Залға музыка әуенімен Мыстан кемпірмен Қасқыр келеді. Барлық кейіпкерлер шыршаның артына тығылады.)

Мыстан кемпір:

  • Ап бәлем, ұсталдыңдар ма? Балабақшаға барлығың тығылып қалыпсыңдар. Бірақ біз қасқыр екеуіміз сендерді тауып алдық.

Қасқыр:

  • Мыстан кемпір, бұлар өздері Жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр екен.

Мыстан:

Болды. Енді мереке болмайды. Мен барлықтарыңды тасқа айналдырамын.

(Мыстан сыпырғышпен сілтейіндеп жатқанда, Фея өзінің таяқшаларымен оны тоқтатады.)

Фея:

Абрака -дабра өздерің тасқа айналыңдар.

(Мыстан кемпір мен Қасқыр бір орында қатып қозғалмай қалады.

Бірақ сөйлей алады.)

Мыстан кемпір:

  • Фея сенің сиқырың менің сиқырымнан күшті болды ғой.

Қасқыр:

  • Енді не істейміз?

Фея:

  • Егер де бәрінен кешірім сұрап, енді зұлымдық жасамаймыз деп уәде берсеңдер, мен сендерге жасаған сиқырымды алып тастаймын.
Мыстан мен қасқыр:
  • Балалар, Қызыл телпек, орман тұрғындары, Аяз ата, Ақшақар, Фея бізді кешіріңдерші. Енді жаман болмаймыз.

Фея:

  • Балалар, айтыңдаршы, кешіреміз бе?

Балалар:

  • Ия, кешіреміз.

Фея:

  • Абра-кадабра босаныңдар.

Мыстан кемпір мен қасқыр:

  • Ой,рахмет, сендерге балалар.

Ақшақар:

  • Барлығы жақсы аяқталды. Мыстан кемпір , Қасқыр бізбен бірге жаңа жылды қарсы алуға қалыңдар.
Қасқыр:
  • Алақай, бізде мерекеге қатысатын болдық.

Фея:

  • Біздің, балалардың тағы бір тамаша биін қабыл алыңыздар.

Би: «Гномиктер»

Фея:

Әуеледі әніміз,

Жаңа кірді сәніміз,

Ақшақарды ортаға алып,

Би билейік бәріміз.

Би: «Ақшақарлар»

Ұлу: -Ал, балалар, меніңде сендермен қоштасатын уақытым келді. Жыл бойы сендермен бірге болдым. Менімен бірге сендердің ой-өрістерін өсті, бойларын да өсіп қалыпты.Көп-көп жетістіктерге жеттіңдер.Өнерлерін тамаша екен.Ал балалар келесі кездескенше сау сәләмәтті болыңдар.

Буратино:

  • Алақай, балалар,Жаңа жыл иесі Жыланды қарсы алайық.Балалар сендер жыланды білесіндерме? Ол қандай болады? Түсі қандай, ол ұзын ба?

Жылан: Мен жаңа жылмын,

Мeн бақыт жылымын

Мен жаңа күнмін,

Мен шаттық гүлімін.

Аяз Ата :

Мен батамды берейін,

Үстем болсын мерейің

Әрқашанда бұл елге,

Қуанышқа келейін.

Жақсылық елден кетпесін,

Жамандық, келіп жетпесін.

Қызыр болсын жолдасың.

Әр уақтар қолдасын!

Қара ниет дұшпаның,

Бұл жалғанда оңбасын.

Аман болсын, мал басың,

Адал болсын жолдасың.

Бейбітшілік заман болсын.

Ел іргесі аман болсын.

Осы айтқаным қабыл болып,

Батам менің тәммам болсын!

Әумин!

Жаңа жылдарың құтты болсын!!!

Барлығы бірге:

Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жыл әні орындалады.

Кеш соңы бимен ұласады.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ