Зат есімнің тәуелденуі.

0
8078
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі.

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Оқушылардың тәуелдік жалғаулар туралы алған білімдерін пысықтау,яғни заттың, қандайда бір нәрсенің біреуге тән,соның меншігі екенін білдіретін, үш жағы болатынын ұғындыру, жаттығулар орындау.

2) Дамытушылық : Жаңа технологияларды басшылыққа ала отырып, сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамыту, қызығу-шылықтарын арттыру. 3) Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, татулыққа, жылдам ойлауға,

Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Түрі:аралас сабақ, жаттығу. Әдісі: пысықтау,сұрақ-жауап, ой қозғау, өздік жұмыс, топтық жұмыс. Пәнаралық байланыс: ана тілі , дүниетану. Көрнекілігі: суреттер,тірек сызба, слайдтар,интерактивті тақта,кесте.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру:Психологиялық дайындық

Балалар, сабақты жаңашыл педагог Шерхан Әленовтың тәлім сәтінен бастайық.

-Әрбір адам? — Туыс, дос, жұрағат.

-Әрбір сабақ? — Үйрену, ұғу, ұлағат.

-Әрбір ісің? — Тірлік, тірек, адамдық.

-Әрбір сөзің? – Шындық, бірлік, адалдық.

Топқа бөлу: 1- топ:Біздің 2- топ: Сынып

3-топ: Өте 4-топ: Керемет ( топ басшысын сайлау) бағалау парағын беру.

Топтың ережесімен таныстыру.

Бірін-бірі тыңдау

— уақыт үнемдеу

-белсенділік таныту

-достық қарым-қатынас

-жағымды эмоция тудыру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
: үйге 5-жаттығу:

Сурет бойынша мәтін құрастырып келу.

«Менің» және «Біздің»

Өткенді сабақты пысықтау: Зат есім.

Блиц- тур:

Балалар алдындағы сөздерді оқып жиберейік қәне . Олай болса осындай өте керемет сезімен бүгінгі сабақты бастаймыз.

ІІІ Жаңа сабақ : Ой шақыру. Мамандық иелерін сурау. Қандай сұрақ қояр едің? Кімнің ? Менің анам мұғалім, … тәуелдеп жиберейік қәне.

Мамандық иелері қоңаққа келіпті жай келмей өздерімен бірге тапсырма ала келіпті.

ІV.Балықшының тапсырмасы: Көркем жазу. К к Кітап, көрпе

V.Дәрігердің тапсырмасы:1-жаттығу. Өлеңді оқы. Қарамен жазылған зат есімдерді сөз құрамына талда. Ол сөздердің үш жақта, жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаз..

Отан — жерім, Отан — суым,

Отан – қуат , нәр береді.

Отан – ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді! Қосымша топқа суретке байланысты табиғат сөзін берем.

Құрылысшының тапсырмасы: Өздік жұмыс 3- жаттығу: Сөйлемдерді көшіріп жаз.

VІ .Сергіту сәті: Видеоролик

VІІ. Суретшінің тапсырмасы: Терме диктант. Қарамен жазылған сөздерді теріп жаз.( 4-жаттығу)

Балығы- балық құлақ- құлағың

Көрік- көрігі тәртіп- тәртібіміз

Олардың қасына сол сөздің түбірін жаз.

Шығармашылық жұмыс: Сөздерді үлгі бойынша тәуелдеп жаз.

Қозы, әке, дос, доп.

Үлгі: Менің оқулығым, ….

Сенің оқулығың, …

Сіздің оқулығыңыз,…

Оның оқулығы,…

VІІІ. Тігіншінің тапсырмасы: «Сәйкестендіру » Тәуелдік жалғаулы сөздерді тиісті сөзбен тіркестір, жеке парақшалар беру. Олардың қолғабым біздің ауласы менің мұғалімдерің сендердің мектебіміз

ІХ.Топтық жұмыс: Суреттегі заттардың атын ата. Оларды үш жақта тәуелдеп жаз.( 5-жаттығу)

ХІ.Қойшының тапсырмасы: Ойлан, тап.6-жаттығу. Жаңылтпашты оқы,көшіріп жаз.

Тұмсығы балғаға айналар, Балғасы қайлаға айналар, Қайласы қайыңға қайралар Тоқылдақ тоғайлы сайда бар. Тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талда.

ХІІ.Сабақты қорыту:

Мұғалімнің тапсырмасы: « Сематикалық карта

Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек.

ХІІІ.Үйге тапсырма: 2-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.Тәуелдік жалғаулы сөздердің қай жақта айтылып тұрғанын анықта.

ХІV.Бағалау.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ