«Жүйріктен жүйрік озар-жарысқанда» (ашық сабақ)

0
1937
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Тақырыбы:«Жүйріктен жүйрік озар-жарысқанда» спорттық сайыс

Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру,спортқа деген  сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың спорттық ойындарға деген қызығушылығын,қимыл қозғалыс біліктілігін арттыру,өскелең жеткіншектің қабілетінің дамуына ықпал ету,жылдамдық,ептілік,рефлексін дамыту. Өмірде белсенді ұрпақ тәрбиелеу. Оқушылар бойында жеке тұлға және қоғамдық тәртіп нормаларын қалыптастыру.

Түрі: Эстафеталық ойын

Өтілетін орны: Спорт зал

Құрал-жабдықтары мен көрнекіліктері: ысқырық,баскетбол доптары,таяқшалар,кедергілер.

Ережесі:

I.Команда құрамы: әр командадан бес оқушы қатысып,бір команда құрайды.

II.Жарысқа қатысушылар және өткізілу тәртібі:

Әр команда спорттық формасы,ұраны және эмблемасы болуы тиіс.

III.Жарысты бағалау.

Әрбір ойын 4 балды жүйемен бағаланады.Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

IV.Марапаттау.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежелі дипломмен марапатталады.

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Шынықсаң шымыр боларсың

Сауығып айдай толасың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға?

Болмасаңда ұқсап бақ

Жарысқа түсіп қалайда.

II.Негізгі бөлім

Құрметті оқушылар және ұстаздар көрермендер бүгінгі «Жүйріктен  жүйрік озар-жарысқанда» спорттық сайысына қош келдіңіздер!

Көңілді жарысқа  «Қыран», «Сұңқар», «Барыс», Тұлпар» командалары  қатысады.

Ал құрметті халайық

Жарысты енді көріңдер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын сайысымызға әділ баға беретін әділқазы алқасымен таныстырайық..

Дене тәрбие мұғалімі:

Спорттық сайысымыз  балдық жүйемен бағаланады.

Сайыстың бағдарламасы 4 кезеңнен тұрады.

І кезең: «Таныстыру»
(Топты таныстыру, ұраны)

II кезең: «Жүгіру»

(Кедергілер арасынан  жүгіріп келу)

III кезең: «Эстафета»

(Доппен  кедергілердің арасынан  өту)

IV кезең: «Арқан  тарту»

(Әр топ қатысушылар арқан тартысады)

Қорытынды:

Жарыс залы ежелден-

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену,жалықпау

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарасады

Демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды марапаттауға әділқазы алқасына сөз кезегін берейік.Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. «Денсаулық-терең байлық» деген мақалға сүйене отырып,сайысымызды осымен аяқтаймыз.Белсенділік  танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін рахмет.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ