Жұлдызды аспан көгінде

0
1559

Жұлдыздар туралы айтқанда адамдар көбі түнгі аспанда көзбен көруге болатын жарқыраған денелерді көз алдына елестетеді. Бірақ олардың көпшілігі жұлдыздар емес – планеталар, жұлдыздар тобы немесе жай газ бұлттары.  Жұлдыз – қызған газдан тұратын көлемді шар. Өте жоғары температурада қызатыны сондай, олар жарқырап тұрады. Жердегілерге бұл шар кішкентай болып көрінеді. Жұлдыздардың кішкентай болып көріну себебі – олар Жерден өте алыста орналасқан. Күн – бізге жақын орналасқан жұлдыз. Сондықтан ол үлкен болып көрінеді. Көптеген жұлдыздардың көлемі Күннің көлемінен көп есе асып түседі.                                         Жұлдыздардың пайда болуы                                                                             Жұлдыздар газ бұлттары мен тозаңдардан пайда болады. Тартылу күшінің әсерінен газ бұлттары тығыздалады. Оның айналу жылдамдығы мен температурасы біртіндеп көтеріледі де, олар жұлдызға айнала бастайды.                                                              Қазақ халқының тіршілігіндегі жұлдыздардың орны                                      Ежелден мал шаруашылығымен айналысып, аспан астында, аттың жалында, атанның қомында өмір сүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Сондықтан көшпелілер байтақ далада жол табуды, жыл мезгілдерін айыруды, мал төлдету, бие байлау, күзем қырқу, күйек алу мерзімдерін жұлдыздарға қарап анықтаған. Қазақтың ежелгі тайпалары Күн мен Айдың козғалысын, көптеген жұлдыздардың туатын, бататын кездерін, көрінетін орындарын жақсы білген. Сол білімдерін пайдаланып, өз тіршіліктерін реттеп отырған.

                                                                  Деректер «Энциклопедиядан» келтірілді


ПІКІР ҚАЛДЫРУ