Қ. Жұмағалиев «Мен соғысты жек көрем!» (ашық сабақ)

0
3542
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Мен соғысты жек көрем!»

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: өлең мазмұнымен, идеясымен таныстыру; Қ.Жұмағалиев өмірі, шығармашылығы туралы мағлұмат беру; Мәнерлеп оқуға үйрету;

ә) тәрбиелік: отансүйгіштікке, елжандылыққа, достыққа тәрбиелеу; Үлкенді сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру;

б) дамытушылық: шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.

Көрнекілігі: деректі фильм, плакат, маркерлер,

Типі: жаңа сабақ

Әдіс тәсілдері: сұрақ жауап, топпен жұмыс

Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, математика

Сабақтың өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.

Психологиялық дайындық.

Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз.

1.Оқушыларды топқа бөліп, топ жетекшілерін сайлау. (топқа бөлу гүлдердің түрлері бойынша жүргізіледі)

  1. Қызыл гүл- 1топ; Сары гүл -2 топ; Ақ гүл -3 топ.

2. Үй тапсырмасын сұрау

Н.Айтовтың «Алтын сөз» өлеңін жатқа айту

— Бата берген атасы көпке не тіледі?

— Балаға кім бол деп тілейді?

— Ата сөзі қандай сөз?

— Қандай бата сөздерін білесің

ІІ. Жаңа сабақ

-Оқушылар бүгінгі жаңа сабағымызды ашу үшін бір-бірден тақтаға шығып тілек айтайық.

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мен соғысты жек көрем»

-Балалар, «Соғыс» дегенді қалай түсінесіңдер? (Оқушылыардың пікірін тыңдау)

-«Соғыс» ұғымына түсінік беру. — Соғыс дегеніміз не? Екі ел арасындағы қарулы қақтығыс.

Соғыс түрлері

1. Дүниежүзілік соғыс- егер соғысқа 3 мемлекеттен артық араласса

2. Азамат соғысы- таппен тап арасындағы қарулы қақтығыс

3. Ұлт-азаттық соғыс- бас бостандығы үшін жүргізілетін соғыс

Ұлы Отан соғысы туралы мәліметтер

Әлемді дүрсілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22-де болған еді. Таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

-Деректі фильм көрсету.

Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында1945 жылы  9 мамырда бұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 69 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 69 жылдығы. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

-Соғысқа қатысқан аға-апаларымыз туралы толық мағлұмат беру. (суреттер бойынша жұмыс)

Ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге  қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза  тапты.

— Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды.Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты 28 гвардиялық Панфилов дивизиясы бар.

28 батырдың батальон, кейіннен дивизия әскери қолбасшысы болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.

Ұлы Отан соғысына қатысқандар: Қасым Қайсенов, Талғат Бигельдинов, Нүркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазды.Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иеміз!

Қатысқан адам саны- 34 476 700 адам

Қаза тапқандар саны- 26 600 000 адам

Шыққан шығын- 2800 млрд. доллар

Кеңес Одағы батыры атағын алғандар: Қазақстан бойынша- 98 адам.

-Соғыста пайдаланылған соғыс құралдарымен таныстыру. (зеңбірек, пулемет,танк, самолет)

— Қара бұлтқа оранбасын Күн көкте,

Барлық халық бейбіт өмір сүрмек де!

Отанымның бақыты үшін мерт болған

Батырларды есіңде ұста, құрметте! – деген ақын ағаларымыздың өсиет сөздерін есте сақтап, сол Отан үшін қаза болған батырларымызды бір сәт еске алайық!

Батырларды бір сәт үнсіздікпен еске алу

-«Мәңгілік алаумен» таныстыру. Сабақ барысында сұраққа жауап берген әрбір оқушы осы «Мәңгілік алауға » гүл шоқтарын қояды. Сабақ соңында қай топ сабаққа жақсы қатысқаны осы гүл шоқтары бойынша есептеледі.

— Соғыстың жаман екенін ұқтық. Енді осы апатқа қарсылығын өзінің өлең жолдарымен білдірген ақындарымыздың бірі – Қайрат Жұмағалиев ағамыз.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қ.Жұмағалиевтің «Мен соғысты жек көрем!» өлеңі . Автор Қ.Жұмағалиев туралы мағлұмат.

Қ.Жұмағалиев – ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы. Ол 1937 жылы, 16 – қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Бесқұдық ауылында дүниеге келген. «Туған өлкем», «Таба нан», «Кәмпит туралы баллада» атты т.б. шығармалары бар. . Қаз ҰУ — ды бітірген. Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, бірнеше кітаптардың авторы.

Оқулықпен жұмыс: -Өлеңді мәнерлеп оқып беру. — Сөздік жұмысын жүргізу. Дәптермен жұмыс: Қасірет-басқа түскен уайым, қайғы Жырақ- шалғай, алыс, қашық Ғұмыр бойы-өмір бойы

-Өлеңді тізбектей оқыту. –Сұрақтарға жауап беру.

Сергіту сәті: Ән: « Ақ көгершін»

Шығармашылық жұмыс.

1 топ: Өлеңнің мазмұнына байланысты сурет салу.

2 топ: Өлең мазмұнындағы ұйқас сөздерді пайдаланып, өлең құрастырады.

3 топ: Өлең мазмұнына байланысты шағын әңгіме құрастыру.

«Соңғы сөзді мен айтамын» әдісі бойынша

Әр топ өлеңге байланысты мақал – мәтел айтады.

а)Батыр туса – ел ырысы,

Жаңбыр жауса жер ырысы.

ә)Жүк ауырын нар көтереді,

Ел ауырын ер көтереді.

б) Отан үшін отқа түс – күймейсің

в)Болат қайнауда шынығады,

Батыр майданда шынығады.

ғ) Ердің көркі – елімен,

Отан көркі – жерімен.

г)Еліңді сүйсең – ерлік істейсің.

д)Жолдас қадірін жорықта білесің,

Дос қадірін соғыста білесің.

Ойын «Сөзден сөз тудыр»

«Бейбітшілік» сөзінен жаңа сөз тудыру.

Бейбітшілік – Бейбіт, шіл, кіл, тік, тік, шік, кіші, ішік, кілт, бейіт, іл, ілік, екі, тіл, іш, етік, шет, шеті, ет, еті, біте, тіке, бет, тек, кет, білік, білек, бекіт, Бекіш, бел.т.б.

-Әр топ өздері құрастырған сөздерді оқиды.

Сабақты қорытындылау.

— Бүгінгі сабақта қандай өлең жолдарымен таныстық?

— Ұлы Отан соғысы қай жылдар аралығында болды?

— Өлеңдегі балалардың тілегі не?

— Өзің қандай тілек тілер едің?

-Соғысқа қатысқан қандай батырларды білесің?

-Сұрақтарға «Көгершіндердің тапсырмасы» бойынша жауап береміз.

— Сабағымызды еліміздің тыныштығы үшін «Әрқашан күн сөнбесін!» әнімен аяқтаймыз.

Ән «Әрқашан күн сөнбесін!»

Бағалау:Топ басшыларының бағалауы бойынша есептеледі.

Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Ақтөбе қаласы
№65 ЖББОМ
бастауыш класс мұғалімі
Шағырова Венера Бейбітқызы

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ