«Жүрегімнің  жылуын  сыйлайыншы  анама» мерекелік кеш сценариі

0
1776
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Жүрегімнің  жылуын  сыйлайыншы  анама»

Балалар музыкамен аналарын орындарына отырғызады.

Би  суреттермен.

1-Жүргізуші:   Сай – саладан   су  ағып

Жер  ұйқыдан   оянды.

Аналардың    тойына

Көктем  келді  құлпырып.

2-жүргізуші:             Жыршы   құстар  көп  келді

Гүлдер жапты бөктерді

Кел балалар әнмене

Қарсы алайық көктемді.

Хор:  «Көктем»

1-Жүргізуші: тәрбиеші:

Қайырлы күн ақ жаулықты әжелер, аяулы  аналар, қымбатты апайлар,ару қыздар.

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықара-лық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің орны бөлек.

2-жүргізуші: тәрбиеші

Мынау  тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса

Бүгінгі «Жүрегімнің жылуын сыйлайыншы анама.»атты мерекелік ертеңгілігіміз.     Аналар өздеріңізге арналады.

1-Жүргізуші: Қымбатты әжелер, аналар, апайлар,қыздар Сіздерді 8наурыз мерекесімен құттықтаймыз.Сіздерге зор денсаулық,мол бақыт тілейміз.Мерекелеріңіз құтты болсын.

2-жүргізуші: Милые мамы, дорогие бабушки, уважаемые воспитатели! От всей души.     Поздравляем вас весенним праздником 8 марта.Желаем вам здоровья, счастья,иуспехов во всем.

1-Жүргізуші: Ана десем шешек ашып жанары

Өмірімнің бастау алар ажары

Ана деген тіршілікке пана боп

Әрбір үйге жұлдыз болып жанады.

-Алғашқы мерекелік тілек кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Жанат Қуанышқызына  ұсынамыз.

2-жүргізуші: Лебізіңізге  рахмет,  апай.

Ардақты  аналар сіздердің   құрметтеріңізге Ақжол  мен Анельдің  орындау- ында «Тойға тілек.» әнін тарту етеміз.

1-Жүргізуші:Достар  бүгін  ерекше  күн  ғой  өйткені  аналарымыздың  төл мерекесі.

2-жүргізуші: Олай  болса  аналарымызға  жылы  лебізімізді  білдіріп  қуантып   тастайық.

Тақпақтар: Бибарыс Ана десем сезім билер тым ыстық.

Жарасымды аналарға туыстық

Бір адамға ана берсе мейірім

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Ақжүрек:  Қүрметтейік, о адамдар аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой

Ойлауменен істелік әр қадамды.

Анель:                         Ана десем алғыс алам халқымнан

Aна десем теңіз болам шалқыған

Ана десем ашылады қабағым

Ана десем әділеттілікті ұғамын.

Әзім:         8 марта день  торжественный

День  родости  и  кросаты

На  всей  земле  он дарит

Свой   улыбки  и цветы.

Ақжол:                        Встану утром рано

Поцелую маму

Подарю я ей букет

Лучше мамы друга нет.

1-Жүргізуші: Әзім , маған  қарашы  мен  әдемімін  бе?

2- Жүргізуші: И… и… Мәди саған не болған?

1-Жүргізуші:Не болушы еді , қазір біздің қыздар  өнер көрсетпекші.

2- Жүргізуші: Ия, өмір зымырап бара жатыр ,ал біздің  қыздар  күннен күнге құлпырып бара жатыр.

 1-Жүргізуші: Ия…

2- Жүргізуші: И Мәди күрсінбе ,ол қыздармен әлі мектепте кездесеміз ғой.

Бірге: Олай болса Қыздардың өнерін тамашалайықшы.

Би: «Радуга»

1-Жүргізуші: Мәди  Рахмет қыздар өнерлерің  үстем  болсын.

2- Жүргізуші: Әзім.  АHа құдірет тіршіліктің тірегі.

Анa өмірдің жұдырықтай жүрегі

Ана — бақыт ,Ана – деген ақ арман

Ана – сізге бақыт үшін жаралған.

Келесі  кезектегі  мерекелік  тілек  балабақшамыздың  әдіскері  Клара Тоғамысқызына беріледі.

1-Жүргізуші: Мәди  Лебізіңізге рахмет апай.Зарина қызымыз сіздерге «Көз Қуаныш.» әнін шырқап береді.

2- Жүргізуші: Әзім.  Құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап  бүгінгі  Мерекемен құттықтаймыз.Менің әжем жырәжем Шуағы мол нұр әжем  деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі мерекелік тілек әжелерімізге арналады.

Тақпақтар: Арай: Әжелерді мейрамымен құттықтаймын.

Айтатын ән ,беретін гүлім дайын

Әжетай сені жақсы көремін деп

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

Аида: Әжем менің мейірімді

Әлпештейді әлемді

Әке-шешем анасы ол

Әркез тілер өмірімді.

Айса:  Мені жақсы көретін,

Ертегі айтып  беретін

Көп  жасасын ақ  әжем

Үйге  шуақ  төгетін.

1-Жүргізуші  Мәди: Ақ әжелер сіздерді шаттандырып қуантып Роза апай екеуміз сіздерге  «Менің әжем.» әнін орындап  береміз.

Айым:  Әжелерді ардақтап қуантатын келді күн,

Құттықтаймын қуанып мейрамымен мен бүгін

Бөбегіңнің тілегін қабыл алшы.

Ұзақ өмір,жүз жасап жүрші әже қамықпа

Аяулы әжелерім мен сіздерге ән айтып берейін.

Жеке ән: «Немереміз  сүйкімді»

1-Жүргізуші: тәрбиеші: Ару –ана еліміздің асылдары

Жайнаған көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй ,жыр менен би

Сіздер үшін мереке шашулары.

2Хор: «Анам – әжем.»

2- Жүргізуші: Әзім          Бүгін  бізде  мереке

Сұлулуықтың негізі

Әдемі  сөз  адамның

Анаға  айтар  лебізі.

Достарымыздың  аналарға  арналған  жылы  тілектерін  тыңдайық.

Нұрлыжол:    Әлдилеген  анамның

Аясыында шалқыдым.

Ұғып,  тыңдап  аламын,

Бақыт  тілін,  бал  тілін.

Бекбосын:   Айналайын  анажан

Қомқор  болған  панадан

Теңдесі  жоқ   әлемде

Жетпес  оған  жан  адам.

Нұрбақыт:  Бал  бөбегін  баптаған

Анам  үшін  мақтанам

Аялайтын  біздерді

Көп  жасасын  жақсы  адам

     Құдірет:   Анаң  болса  қасыңда

Басқа  бақыт  не  керек

Аналардың  жүрегі

Мейірімді  ғой  керемет

      Заңғар:   Мен анамды  сүйемін,

Құшағына  енемін

Мәпелеген  анамды

Қуантсам  деп  келемін.

1-Жүргізуші:  Тәрбиеші Ана  деген  адамзаттың  данасы

Ана  деген  сәбилердің  панасы

Aна  деген  жарық  жұлдыз  шырығың

Ана  деген  қайнар  ыстық  бұлағың

Aна  деген  өмірдегі  қамқорың

Ана  деген  сүйенерің  жан  құрбың – Құрметті  аналар  Арай  бүлдіршініміздің  сіздерге  «Ақ  мамам»  әнін  тарту  етеді.

Тәрбиеші: Рахмет, өнерің  үстем  болсын.

Барлығы  бірге: Жамандықтан  сақтандырған

(хормен)              Жақсы  ісімді  мақтан  қылған

Біздер  үшін  қиындықтан

Ешуақытта  жасқанбаған.

Анамызға  мың  алғыс!

2-жүргізуші: тәрбиеші:Аналар  балаларымен  бақытты,  ал  балалар  аналарымен  бақытты . Олай  болса  Ана  мен  бала  бақытына  қазір  куә боласыздар.

Би: Аналарымен

        Зарина:   Почему  8  марта

Солнце  ярко  светит

Потому  что  наши  мамы

Лучше  всех  на  свете.

             Айым : Маму  крепко  поцелую,

Обниму  мою  родную

Очень  я  люблю  ее

Мама —  солнышко  мое.

Хор: « Ел  жатқанда  жатпаған.»

1-жүргізуші: Мәди:  Көңілді  ән-бисіз

Мерекенің  сәні  кірмес

Ал  тосын –сыйларсыз

Бұл  кештің  мәні  кірмес.

Апай  біздің  тобымыздағы  сұлу  қыздарға  әзірлеген  тосын  сыйымыз бар еді.

1-жүргізуші: тәрбиеші: Жарайды  жарайды  кәне  көрейік,  ал  қандай  тосын  сый.

Жігіттіер  әні:

Тәрбиеші: -Ой,керемет,Міне ұлдардың қыздарға деген тосын сыйлықтары қандай әдемі болды. Рахмет балалар .Міне бүгінгі күн   қандай тамаша, әсерлі, көңілді болды.Солай емеспе қыздар!

Қыздар: иә.

Тәрбиеші: Ал, енді жігіттерге не айтуымыз керек?

Қыздар : Рахмет!

Ақжүрек:  Апай мен қыздарға арнап ән айтқым келіп тұр!

Тәрбиеші:Ал, айта ғой!

«Қайда?» әні   -Ақжүрек

2 —  жүргізуші: тәрбиеші: Құрметті  аналар ,  сіздерді  мереке мен  құт-тықтай  отырып,  балаларыңыздың   тап-  таза, пәк  жүректерімен  дайындаған  құрмет  сыйлықтарын  қабыл  алыңыздар. Мерекелеріңіз құтты  болсын.  Әзімнің  орындауындағы  әсем  ән  сіздерге  арналады.

Тәрбиеші: Осымен  құрметті  аналар,  әжелер. Біздің  балаларымыздың  дайындаған  мерекелік  ертеңгілігіміз  аяқталды.  Келесі   кездескенше  сау болыңыдар.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ