Мақсаты: Балалардың танымдық білімдерін және спорттық қимыл қозғалыстарын тиянақтау. Жан – жақты сауатты,дарынды, озық, қабілетті бала тәрбиелеу.Ойын арқылы логикалық қабілетін, танымын дамыту. Жылдамдылыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Сұрақтар жинағы.Тірек сызбасы,арқан, шелек пен кружка,орамалға түйілген теңгелер, жұмбақтар,мақалдар,білім кілтінің макеті. Ойын барысы:
Ұйымдастыру:
Сәлем бердік, сайысымыз көрермені Алдарыңызда болашақ өрендері Молайтар ой – санамызды сайысымыз Біліммен достасуға біз дайынбыз
Хормен: Өнерлі боп өсеміз, Өмір сырын шешеміз Өсіріп ой – сананы Қуантамыз сіздерді.
Кіріспе:
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі «Жүзден жүйрік» танымдық спорттық ойынымызға хош келдіңіздер!Өз біліміміз бен ептілігімізді екі топқа бөліне отырып көрсетеміз.
І топ: «Сұңқар» Ұраны: Ұшақтанда ұшқармыз Желден озған жүйрікпіз
ІІ топ: «Тұлпар»
Ұраны: Қиындықтан қашпаймыз Алған беттен қайтпаймыз
«Жүзден жүйрік» танымдық спорттық сайысымыз 4 бөлімнен тұрады.
1 – Бөлім: «Нар тәуекел» , «Таным» саласы бойынша «Түнгі аспан» ойыны. «Денсаулық» саласы бойынша, «Су тасу»ойыны.
2 – бөлім: «Артық болмас білгенің» «Таным» саласы бойынша екі топқа бірдей сұрақтар:Жеті қазына,жеті күн, жеті ата, төрт түлік, төрт мезгілді атау. «Денсаулық» саласы бойынша: «Теңге ілу»ұлттық ойыны 3 – бөлім: «Зерек болсаң, шешіп көр» «Таным» саласы бойынша жұмбақ шешу. «Денсаулық» саласы бойынша «Секіргіштер» ойыны 4 – бөлім: «Ойлы болсаң, озып көр» Таным саласы бойынша «Мақалды жалғастыр»ойыны. Денсаулық саласы бойынша: «Жаяу аударыспақ»ұлттық ойыны
Тәрбиеші :«Жүзден жүйрік» танымдық спорттық ойын бастар алдында, жеңізпаздарды анықтау үшін әділ- қазылар алқасын тәрбиешілерден сайлап ойынымызды бастаймыз.
Ойын бөлімдері: 1 – бөлім: «Нар тәуекел». «Түнгі аспан» ойыны екі топтан бір – бірден бала шығады да,аспандағы жұлдыздарды сан ретімен белгілеп шығады. «Су тасу» ойыны. Шарты: шелектен келесі шелекке су тасып жарысу (топпен) 2 – бөлім: «Артық болмас білгенің» екі топқа да бірдей сұрақтар қою. Бұрын жауап бергеніне ұпай саны белгіленеді. «Теңге ілу» ұлттық ойыны. Шарты:Атқа шауып барып, кідірмей, жердегі бет орамалды «Теңгені»іліп әкету.(топпен)
Басқа материалдар:
- Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
- «Денсаулық басты байлық»
- «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
- «Дарабоз» (Сыныптан тыс спорттық шара)
- Спорт бойынша біліміңді тексер (Тест)
- «Спорт-өмір серігі» спорттық сайыс