«Дарабоз» (Сыныптан тыс спорттық шара)

0
1054

Түйіндеме: «Дарабоз» интеллектуалды шарасының мақсаты салауатты өмір салтын ұстануда спорт туралы теорияны тыс қалдыра отырып, тек іс жүзінде жүзеге асыру. Бүгінгі шара салауатты өмір салтын ұстанудың теория негізінде өтті.

Оқушының логикалық ой-өрісін, зейінін дамыту, оқуға қызығушылығын, шығармашылығын дамыту, жеңіске ұмтылуға және қарсыластарын құрметтеуге тәрбиелеп оқушының бойына еліне, жеріне деген патриоттық, махаббат сезімдерін дарыту.

Спорттық интелектуалдық турнирдің негізгі мақсаты төмендегідей:

-Оқушылардың спорт туралы білімін теория жүзінде байқау;

-ойлау қабілеттерін жетілдіру;

-салауатты өмір салтын насихаттау.

Көрнекілік: интерактивтік тақта, презентация, т.б.

Сабақтың барысы:
I ші тур: Бәйге. Викториналық сұрақтар.
II ші тур: Көкпар. Пирамидадағы сұрақтарды таңдау.
III ші тур: Жорға. 30 секунд ішінде сұрақтарға жауап беру.
Ескерту! I-ші және III-ші турда әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1-ші тур. Бәйге:

1. -О, спорт! Сен әділ де, ақсүйексің, бекзатсың. Тек жеңіс жолында таза, ашық, адал күрескенді ғана марапаттайсың. Сен мінсізсің. Жоғары рухани тазалықты, әділдікті, сатылмауды талап етесің,-деп айтқан бүгінгі олимпиадалық қозғалыстың негізін салушы, көрнекті француз ағартушысы кім?
A) Жюль Риме В ) Пьер де Кубертен
С) Томас Бах D) Франц Беккенбауэр

2.Нигерия елінде өткен футболдан жастар арасында әлем чемпионатына жас қазақстандық футбол құрама командасын бастап барған кім?
А)Вахид Масудов В)Владимир Фамичев
С)Леонид Пахомов D)Талғат Байсуфинов

3.Қызыл бұршақ жемісіне ұқсас доппен мұзда ойналатын командалық ойын:
А)Допты хоккей В)Кѐрлинг
С) Шайбалы хоккей D) Бобслей

4.Әйгілі Баркер кубогы қандай спорт түрінің үздігіне табысталады?
А) Шайбалы хоккей В) Футбол
С) Теннис D) Бокс

5.Футбол алаңында қанша ойыншы қалғанда ойын тоқтатылады?
А)7 ойыншы В) 6 ойыншы
С) 8 ойыншы D)9 ойыншы

6.Олимпиадада жеңіл атлетикадан кейін жүлдесі көп сарапқа салынатын спорт түрі?
А)Спорттық гимнастика В)Жүзу
С)Академиялық ескек есу D)Семсерлесу

7.Тоғызқұмалақ ұлттық логикалық ойынындағы 2-отауды не деп атайды?
А)Тек тұрмас В)Құйрық
С)Ат өтпес D)Маңдай

8.Футболда «покер» термині қандай мағынаны білдіреді?
А)бір ойында қатарынан 4 доп қатар соғу
В) бір ойында қатарынан 3 доп қатар соғу
С) бір ойында қатарынан 2 доп қатар соғу
D) бір ойында қатарынан 1 доп қатар соғу

9. «Қазақстан барысы» турнирі жобасының авторы:
А)Шалқар Жоламанов В)Жақсылық Үшкемпіров
С)Арман Шораев D)Елсияр Қанағатов

10.Лондон олимпиадасында ең алғаш ел қоржынына алтын медаль салған спортшы кім?
А)Александр Винокуров В)Серік Сапиев
С)Майя Манеза D)Илья Ильин

II. Көкпар:
Спорттық ойындар

30 ұпай.
Футболдан ең алғашқы әлем чемпионатына шыққан қос ұжымды және чемпионды
атаңыз?/Уругвай 4-2 Аргентина/

20 ұпай
1.Рио олимпиадасында ерлер арасында футболдан жеңімпаз атанған қай елдің құрама командасы болып табылады? / Бразилия/

2.Баскетбол ойынында «Дреблинг» термині қандай ұғымды білдіреді? /допты еденге ұрып алып жүру/

10 ұпай
1.Гандбол сөзі қандай мағына білдіреді? /Ганд-қол, бол-доп/

2.2016 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық турнирінде қанша команда өнер көрсетті? /24 команда/

3.АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям 1897 жылы спорттық ойынның қай түрінен «10 шартын»  ұсынған? /Волейбол/

Жекпе-жек
30-ұпай
1980 жылғы Мәскеу олимпиадасында грек-рим күресінен 57 келіге дейінгі салмақта ойын көрсетіп,олимпиада ойындарының чемпионы атанған қазақ палуаны кім? /Шамиль Сериков/

20-ұпай
1.Бокстан тұңғыш қазақтан шыққан олимпиада ойындарының жеңімпазы кім? /Бекзат
Саттарханов/

2.Василий Жиров қай олимпиада ойындарында 81 келіге дейінгі салмақта бақ сынап алтыннан алқа таққан еді? /АҚШ,Атланта,1996/

10-ұпай
1.Күш атасы Қажымұқан жарысқан спорт түрі — /грек-рим күресі,классика/

2.Лондон олимпиадасының чемпионы С.Сапиевтің жаттықтырушысы,Баркер кубогының иегері кім? / Александр Стрельников/

3.2017 жылғы «Қазақстан барысы » турнирінің жеңімпазы кім?/Еламан Ерғалиев/

Әртүрлі
30-ұпай
Қазақ жерінде тұңғыш рет 1913 жылы Семей қаласында құрылған футбол командасы қалай аталды? /Ярыш/

20-ұпай
1.Қазақ боксінің негізін салушы кім? /Шоқыр Бөлтекұлы/

2.Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан құрама командасы неше рет жазғы олимпиада ойындарына қатынасып үлгерді? /6 рет /

10-ұпай
1.Шахмат ойының үш бөлігін атаңыз — / Дебют, Миттилшпиль, Эндшпиль/

2.Рио олимпиадасында Қазақстан жалпы командалық есепте нешінші орынға табан тіреді? /22-ші орын/

3.Қазіргі ФИФА ұйымының президенті кім? /Джанни Инфонтино/

Жеңіл атлетика
30 ұпай
Жеңіл атлетикадан алты дүркін КСРО чемпионы, өз заманында 100 м және 200 м қашықтыққа жүгіруден КСРО-ның бірінші рекордын жаңартқан ағамыз кім? /Әмин Тұяқов/

20 ұпай
1.Лондон олимпиадасының чемпионы О.Рыпакова секіру түрлерінің қай түрінен алтын медальға қол жеткізді? /үш қарғып секіру/

2. 2004 жылғы Афины олимпиадасында қазақстандық сайысшы Д. Карпов нешінші орынға табан тіреді? /3-ші орын/

10 ұпай
1.Жүру мен жүгірудің қандай айырмасы бар? /жүгіруде ұшу сәту болады/

2.Стаер қандай спортшы? /ұзақ қашықтыққа жүгіруші/

3.Марафондық жүгіру қанша шақырым және қанша метрден тұрады? /42 шақырым          195 м/

III.Жорға

1.Бокс алаңы қалай аталады? /Ринг/
2.Футболшы Энду Арантис Ду Насиментудың лақап аты? /Пеле/
3.Футболдан соңғы Еуропа чемпионы — /Португалия/

4.Волейбол сөзінің қазақша мағынасы — /әуе доп/
5.З.Зидан қандай спорт түрімен танымал? /Футбол/
6.Мұзға сырғанайтын аяқкиім — /Коньки/
7.Медаль жиынтығы — /алтын,күміс,қола/
8.2017 жылғы Қазақстан футбол одағының ФИФА-ға кіргеніне — /25 жыл болды/
9.Тур Де Скей қандай жарыс? /шаңғымен жарыс/
10.Лев Яшин кім? /қақпашы/

II

1.Доп пішіні қандай? /дөңгелек,домалақ/
2.Голкипер сөзінің мағынасы- /қақпашы/
3.Футболдан соңғы әлем чемпионаты қай елде болды? /Бразилия/
4.Боксшы Ермаханның тегі ? /Ибраимов/
5.Волейболдағы раунд қалай аталады? /партия/

6.2017 жылы Қазақстан футбол одағының УЕФА-ға кіргеніне -/15 жыл/
7.Тур Де Франц қандай жарыс ? /Велосипед жарысы/
8.Универсияда сөзінде қанша әріп бар? /11 әріп /
9.Дзюдошының киімі /кимоно/
10.Олимпиада сақинасы нешеу? /5-еу/

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ