«Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырудың кейбір құқықтық мәселелері» атты дөңгелек үстел

0
870

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика   кафедрасының «Сарапшы-эксперт» студенттік ғылыми үйірме мүшелері және үйірмесінің жетекшісі, аға оқытушы Даубасова С.Ш. мен «құқық қорғау қызметі» мамандығының 4 курс 415-топ студенттеріне «Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырудың кейбір құқықтық мәселелері» атты тақырыпта Zoom бағдарламасы арқылы дәріс оқып, дөңгелек үстел өтті.

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы С.Ш. Даубасова дәрісті бастамас бұрын осы іс-шараны ұйымдастырушыларды таныстырып өтті, яғни олар 415-топ    студенттері, кафедра процессор оқытушы құрамының мүшелері з.ғ.к., доцент міндетін атқарушы Н.С. Темірболат және О.Н. Тлепбергенов.

Дәріс барысында криминалистика кафедрасының аға оқытушысы С.Ш. Даубасова жедел іздестіру қызметін жүргізетін орган арасындағы өзара қатынасының шынайы сипатын жасыру үшін бірқатар шараларды қабылдайды және олармен ынтымақтасатын тұлғаларды астыртын шараларға үйретеді. Бұл мынадай шаралар болуы мүмкін: оларды қылмыстық құрамдарға енгізуді; кездесулерді және алынған жедел ақпаратты беруді ұйымдастыру үшін арнайы орындарды, жағдайларды және тәсілдерді пайдалану   тиянақты   аңыздау   шаралары,  сонымен қатар Қазақстан Республикасының ведомстволық нормативті актілерінде көзделген басқа шаралар туралы толық айтып, ал 415- топ студенттері аса белсенділікпен тақырыпты талқыға салды.

Тақырып аясында студенттерді осы уақытқа дейін қызықтырып келген көптеген сұрақтар қойылды, топпен жұмыс жасаудың тәртібі, қызметтік құпия және еліміздің заңи жүйесіне қандай өзгерістер енгізуге болатыны жөнінде қызу талқыланды.

Өз кезегінде оқытушысы С.Ш. Даубасова қойылған сұрақтарға анық та нақты жауап беріп,  қашықтықтан білім беруді жандандыру арқылы студенттердің осы салаға деген қызығушылығын оятты. «Жастар-біздің болашағымыздың кепілі, олар саналы да білімді, бәсекеге қабілетті болса, әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына кіріп, талай белестерді бағындырамыз» — дей келе, С.Ш.Даубасова дөңгелек үстелді қорытындылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің   415-топ студенттері  оқытушы   С.Ш.Даубасоваға  алтыннан да қымбат уақытын бөліп, студенттерге өз тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, олардың осы салаға деген қызығушылықтарын оятқаны үшін көптен-көп рақмет айтып, дәрісті жабық деп жариялады.

 

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті 4-курс 415-топ студенті Мұратова Алина Ерланқызы

Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, «Cарапшы-эксперт» студенттік ғылыми үйірмесінің жетекшісі Даубасова С.Ш.

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ