Балаларды Мұзафар Әлімбаевтің «Әдептілік әліппесі» өлеңімен таныстыру

0
1165
Иллюстрация: Freepik.com

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Мұзафар Әлімбаевтің «Әдептілік әліппесі»өлеңімен таныстыру.

Мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: әдеп, әдептілік, сыпайылық.

Көрнекілік: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер .

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

Әрекет кезеңдері

 

        Тәрбиешінің  іс -әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Ұйымдастырушы-оятушылық кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.

Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.

Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейрімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.

 Балалар зейіндерін аударып, мұқият тындайды.
Ұйымдастырушы ізденушілік кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ал енді балалар, кезекті мақал- мәтелдерге берейік.

«Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

— «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс- әрекетті айтамыз?

— Балалар, бүгін біз сендермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез-келген жағдайды кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.

Мақал-мәтелдер жаттайық;

Әдепті бала- арлы бала,

Әдепсіз бала- сорлы бала.

 

Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені.

 

Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,

Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.

Балалар хормен:

Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,

Үйренеміз жақсы мінез әдептен.

 

— Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей- ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.

— Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір- бірімізге кешірімді болу керек, ол да- әдептілік.

Рефлекстік түзету кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау

 

 

 

Өзін-өзі бағалау

 

 

 

 

«Жалғастыр» ойыны:

«Не істеуге болмайды?» деген сөзді тәрбиеші айтады, балалар әрі қарай өздері жалғастырады.

1. Үлкендердің алдын-

2. Кішкене баланы-

3. Құстарды-

4. Қыз баланы-

5. Сабақтан-

6. Үйге жүгіріп-

7. Үлкен кісіні-

8. Оқу –құралдарын-

9. Сыныпта айғайлауға-

10.Ысқыруға-

11.Құстың ұясын-

Сабақты сұратар қою арқылы балалардың түсініктерін тексеру.

 

 

 

Сендер жақсы жауап бердіңдер, шапалақтау.

 

 

Не істеу керек?

— Үлкендерді сыйлау керек

— Ата- аналардың тілін алу керек

— Тәртіпті болу керек

— Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек

— Сабақты жақсы оқу керек

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже: Зейіндерін қойып тындау.

Білу керек: Әдептілік туралы білулері керек.

Түсінігі: Әдепті адам жамандықты жақсылыққа баурап, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек екенін түсінді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей- ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсету керек екенін меңгерді.

Басқа материал:

  1. Оралхан Бөкейдің шығармашылық әлемі қандай?
  2. Талас­бек Әсем­құ­лов­тың өмірі туралы мәлімет
  3. Тұманбай Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы
  4. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы
  5. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  6. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  7. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
  8. Ілияс Есенберлиннің өмірі туралы мәлімет
  9. Сәкен Сейфулиннің өмірі мен еңбек жолы
  10. Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің идеясы мен мәні
  11. «Қайталау» теориясы туралы түсінік

ПІКІР ҚАЛДЫРУ