Тұманбай Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы

0
6623

Адам ру­хын кө­те­рер, оның ой­ын мар­қай­тып, жы­ры­на азық бе­рер –
өмір де­сек, Тұ­ман­бай жыр­ла­ры сол өмір­дің алу­ан түр­лі сы­рын, он­да­ғы
өз­ге­ріс­тер­ді шы­найы бей­не­лей­ді. Ол өз­ге­ріс­тің не­гіз­гі куәге­рі бо­лып ақын
өлең­де­рі­нің ли­ри­ка­лық қа­һар­ма­ны­ның тағ­ды­ры тұ­ра­ды.

Се­рік Қи­ра­ба­ев

Тұ­ман­бай – са­бақ­тас­қан се­зім, әре­ке­ті қа­бат­тас­қан өмір кө­рі­ніс­те­рі. Оның поэ­зиясы еш­кім­ге ұқ­са­май­тын өз­ге­ше әлем. Са­ры­ны­нан жа­ңыл­май­тын, са­ға­сы­нан асыпта­сып шық­пай­тын, са­быр­лы да саялы, жа­ға­сы­на мәң­гі көк­тем ор­на­ған да­рия­дай сұ­лу дү­ние.

Кә­кім­бек Са­лық

Тұ­ман­бай өң­шең шең­гел­дің ор­та­сы­на шық­қан жал­ғыз жау­қа­зын­дай қа­зақ жыр алқа­бы­ның жа­ңа­ша көк­теп, жа­ңа­ша құл­пы­ру­ының ба­сы си­яқ­ты бол­ды.

Әбіш Ке­кіл­ба­ев

Тұ­ман­бай Мол­да­ға­лиев – қа­зақ жы­рын­да­ғы ли­ри­ка­лық поэма­ның хас ше­бер­ле­рінің бі­рі не­ме­се бі­ре­гейі.

Не­сіп­бек Айтұлы

Тұ­ман­бай Мол­да­ға­лиев – оқыр­ман­дар­дың ға­на емес, әріп­тес­терінің де ыс­тық
ықы­ла­сы­на бө­ле­ніп өт­кен ақын. Мә­се­лен, Жүр­сін Ер­ман жас ке­зін­де оның өлең жа­зу
сти­лін, жү­ріс-тұ­ры­сын, тіп­ті кө­зіл­ді­рі­гі­не дей­ін ұна­тып, қат­ты елік­те­ге­нін, көп­ке дей­ін
«тұ­ман­бай­шыл­дық­тан» ары­ла ал­ма­ға­нын ес­те­лік­те­рін­де ай­та­ды.

Ақын қай өңір­де ту­ып-өс­ті?

Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Жарсу ауылында дүниеге келген. Әкесі Молдағали Ұлы Отан соғысында қаза болып, Тұманбайды атаәжесі мен анасы Қымқап тәрбиелеп өсіреді. Әкеге деген сағынышы, анадан көрген мейірімі, жетімдік тағдыр ақынның көптеген өлеңдеріне арқау болған.

Тұманбай ауылдағы мектеп табалдырығын 1942 жылы аттап, 1951 жылы Есік қаласындағы орта мектепті тамамдайды. Сол жылы  қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға оқуға  түседі.

Тұ­ман­бай Мол­да­ға­лиев­тің ең­бек жо­лы қа­лай бас­тал­ды?

Еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналының редакцияларында әдеби қызметкер болудан бастаған. 1959–1970 жылдар арасында «Жазушы» баспасында аға редактор, 1970–1973 жылдары «Балдырған» журналында жауапты хатшы болып істеген.

1973–1984 жылдары «Жалын» альманахының бас редакторы, 1984–1986 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы  басқармасының хатшысы, өмірінің соңына дейін «Балдырған» журналының  бас редакторы қызметтерін атқарған.

Ақын қа­ла­мы­нан ту­ған өлең­дер сы­ры қан­дай?

1954 жылы тырнақалды өлеңінің облыстық газетке жариялануы Тұманбайға шабыт береді. Ақынның алғашқы жастық жырлары «Студент дәптері» деген атпен жинақ болып басылады. Шығармаларының негізгі тақырыбы – туған жер, табиғат, махаббат, достық, жастық, адамгершілік. Тұманбай – өлеңдерін лирикалық жанрда жазған сыршыл ақын.

1968 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықты, 1992 жылы Физули атындағы Халықаралық түркі дүниесі ақындарының сыйлығын иемденген. Қаламгердің өлең, поэмалары жеке кітап ретінде де, сонымен қатар жинақ түрінде де бірнеше рет жарық көрді. Тұманбай Молдағалиевтің ақындық сыры оның өзіне ғана тән шеберлікпен «қиыннан қиыстыратын» стилінде, шынайы адамдық қасиеттеріне толы сезімінде. Сондықтан да ақынның оқырманы көп.

Т.Молдағалиевтің жыр жинақтарының ішінде балаларға арналған өлеңдерінің тәрбиелік мәні зор, ол зілсіз ишарамен ибалы болуды ұқтырады:

Құралай деп қойыпты саған да атты,
Сол есім атаңды көп алаңдатты.
Жүрісің мен тұрысың, есімің де,
Ұнап бара жатыр-ау маған қатты.

Толар еді-ау шаттыққа көзі бір сәт,
Балалықтың айтылар сөзін ұқсақ.
Қойып кеттің қорықпай, суға жүздің,
Құралайдай тәтеңнің өзіне ұқсап.

Қарсы алып бір қалың ел құрметпенен,
Көп қарар-ау көзіңе нұр кетпеген.
Мүмкін ғылым қуарсың сол тәтеңдей,
Бақытыңа жетерсің ол жетпеген.

Бәрі мүмкін, Құралай, мүмкін бәрі,
Сағынышын самалдың гүл тыңдады.
Көз алдыма келеді сені көрсем,
Жаздыгүнгі даланың құлпырғаны.

Әжеңді сен ұмытпа, бала баққан,
Қолыңнан ап ауылды аралатқан.
Жеріңді сүй, Құралай тәтең құсап,
Еліңді сүй ертеңге бара жатқан.

Т.Молдағалиев көптеген әндерге өлеңдер жазды. Мәселен, оның мұң мен терең сырға толы мәтіндеріне жазылған «Құстар қайтып барады», «Әнім сен едің», «Ертіс вальсі», «Бақыт құшағында», «Шақырады көктем», «Қаздар қайтқанда», «Күзетеміз» тәрізді әндері ел арасына кеңінен таралған.

«Құстар қайтып барады» өлеңінде:
Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.
Зымырайды менің бала кезімдей,
Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей…
…Ал адамдар күліп бастап өмірін,
Кетерінде жылай да алмай, жылай да алмай қалады.., –
деп адам өмірінің терең философиясына үңіледі.

Ақынның «Я – сын Семиречья», «Первая встреча», «Новая тетрадь» атты жыр
жинақтары орыс тілінде, сондай-ақ т.б. көптеген өлеңдері өзге тілдерде кітап болып
шыққан. Жекелеген шығармалары басқа да әлем елдерінің тілдерінде (ағылшын,
француз, неміс, араб, грузин, молдова, украин, беларусь т.б.) жарық көрген.

Т.Молдағалиев Дж.Байронның, А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Т.Г.Шевченконың, Е.Евтушенконың, Р.Ғамзатовтың, Ғ.Ғұламның, Ұйғынның т.б. туындыларын тәржімеледі.

Дереккөз: Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. Р.Зайкенова,
Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова

Ұқсас материал:

  1. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы

  2. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ

  3. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  4. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
  5. Ілияс Есенберлиннің өмірі туралы мәлімет
  6. Сәкен Сейфулиннің өмірі мен еңбек жолы
  7. Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің идеясы мен мәні
  8. «Қайталау» теориясы туралы түсінік

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ