«Қайталау» теориясы туралы түсінік

0
12432

Қай­талау – ай­шық­тау (фи­гу­ра) түр­ле­рі­нің бі­рі. Қай­талау сөз әсе­рін
кү­шей­те оты­рып, оқыр­ман на­за­рын ай­ырық­ша ау­дар­ғы­сы кел­ген нәр­се­ні
не құ­бы­лыс­ты бір­не­ше рет қай­талап, ай­тар ой­ды, ұқ­ты­рар сыр­ды ұғым­ға
мұ­қи­ят сі­ңі­ре тү­су үшін қол­да­ны­ла­ды.

Оның мы­на­дай түр­ле­рі бар: жай қайталау, ес­пе қай­талау, ана­фо­ра, эпи­фо­ра.

Жай қай­талау – бір сөз­дің өлең­нің әр жол­да­рын­да қай­тала­нуы.
Ес­пе қай­талау­да ой мен сыр түй­дек­теп, есе­ле­ніп ке­ле­ді де, ал­дың­ғы
ұғым­ның ая­ғы кө­шіп, өлең­ге әсем әуез, әде­мі әсер да­ры­та­ды.

Мы­са­лы,
Сыр сан­дық­ты ашып қа­ра, ашып қа­ра, сыр­ла­сым,
Сым пер­не­ні ба­сып қа­ра, ба­сып қа­ра, жыр­ла­сын. (С.Сей­фу­ллин)

Ана­фо­ра­да өлең­нің әр жо­лы не­ме­се әр­бір ой ұғы­мы бір сөз­ден баста­лып оты­ра­ды.
Ұйқыдан соң – Жапырақпын,
Жаңбыр шайып жаңарған.
Ұйқыдан соң – Құс­пын,
Ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған. (С.Мәуленов)

Эпи­фо­ра­да өлең­нің әр жо­лы­ның со­ңын­да­ғы не­ме­се әр­бір ой ағы­мы­ның
аяқ жа­ғын­да­ғы бір сөз бір­не­ше мәр­те қай­тала­на­ды.
Кетеген болса, түйең жау,
Тебеген болса, биең жау. (Үмбетей жырау)

Дереккөз:

  1. Қа­зақ әде­би ті­лі­нің сөз­ді­гі
  2. Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
    қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. Р.Зайкенова,
    Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова, 2020 жыл.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ