Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің идеясы мен мәні

0
8691
Сәкен Сейфуллин

Сә­кен – үл­кен қо­ғам қай­рат­кер­ле­рі­нің бі­рі. Бұл «­ла­уа­зым» еш­бір жар­лық­сыз, мандат­сыз бе­рі­ле­ді. Ха­лық он­дай ұлын көк­ке кө­те­ре­ді, қа­дір­лей­ді. Осы­ның бә­рі бір Сә­кен­нің бой­ынан та­бы­луы – та­рих­та­ғы өте бір ба­қыт­ты сәт. Мі­не, осы қа­си­ет­тер Сә­кен­ді бас­қа қай­рат­кер­лер­ден да­ра­лап, та­рих бе­ті­нен жар­қы­рап кө­рі­нуі­не жағ­дай жа­са­ды. Бір қы­ры­мен емес, көп сы­ры­мен ерек­ше­ле­не­ді.
                                                                                                   Тұр­сын­бек Кә­кі­шев

Сә­кен Сей­фул­лин шы­ғар­ма­ла­ры өзі­нің идея­лық-көр­кем­дік құ­нын еш уа­қыт­та жоға­лт­пақ емес. Одан дүйім оқу­шы ру­ха­ни азық ала­ды, қа­лам­гер­лер не ту­ра­лы, қа­лай жа­зу ке­рек екен­ді­гін үй­ре­не­ді. Мі­не, Сә­кен Сей­фул­лин шығармашылығы сол үшін де бар­ша­мыз­ға қым­бат.
                                                                                                              Ға­фур Ғұ­лам

Білгенге маржан. «Сыр сан­дық» өле­ңі 1926 жы­лы жа­зыл­ған. Ақын өле­ңін «Дос­қа жа­зыл­ған хат» деп ата­ған. Ақын өмі­рін­де­гі Қы­зыл­жар қа­ла­сын­да бол­ған жағ­дай­ға бай­ла­ныс­ты ту­ған. Ха­лық ко­мис­са­ры болып жүрген кезінде Сә­кен­ді вокзалдан күтіп алып жүрген Шә­ріп­жан То­тоев деген досы кей­ін­гі бір кез­де­су­де аяқ астынан оны «та­ны­майқалады», ша­қы­рт­қа­ны­на кел­мей­ді. Сон­да Сә­кен ақын: «Үл­кен шен­ді­лер­ге та­бын­ғыш, жа­рам­сақ. Был­тыр кү­тіп, жалпылдап жүрген дос­сы­ма­ғым ұлық бол­сам ға­на шырқ
ай­на­лар со­қыр тау­ық бол­ға­ны ма?» – де­п, көңілі қатты қалған екен.
                                                                                                       Сәй­діл Тал­жа­нов

Тұң­ғыш ­«Өт­кен ­күнд­ер»­ өлең­дер ­жин­а­ғы ­Қа­зан­дағы­ «Мат­бу­ғат ­Кәр­им­ия»­ бас­пасы­н­ан ­ба­сыл­ып шыққанд­а,­Сә­кен­ Сейф­ул­лин ­жиы­рм­а ­жас­та еді. Бұл тұста бас­па­дан
кі­тап бо­лып шы­ғып жат­қан қа­зақ жазушыларының шығармалары некен-саяқ, ұлы
ақын Абай туындыларының басылғанына небәрі бес-ақ жыл болған еді.

Ақынның көңіл күй лирикасының ішінде шоқтығы биік шығармасы – «Сыр сандық» өлеңі. Өлең құрылысы жеті-сегіз буынды, шалыс ұйқас түріне жатады. 1926 жылы жазылған бұл өлеңді Сәкеннің өзі «Досқа жазылған хат» деп атағанымен, кейін келе халық арасында «Сыр сандық» деген атпен әйгілі болды. Өйткені осы өлеңдегі:

Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара, сырласым.
Сым пернені басып қара,
Басып қара, жырласын! –
деген өлең жолдары афоризмге айналып, халық арасына кең тарағандықтан,
өлең «Сыр сандық» деген атпен ақын жинақтарына енгізіле бастады.
«Сыр сандықтың» басты идеясы – дос қадірін білу, достыққа адалдық. Шынайы достық туралы терең толғанған ақынның жан дүниесі таза, ешкімге қиянаты жоқ. Адалдық пен арамдық, мансап пен ар-ұждан, достық пен қастықтың аражігін аша жазып, адам үшін құнды байлық – достықты жырлайды. Дос көңілін тау шыңындағы алтын
сарайға, ондағы баға жетпес қоймаға балайды.

Ал таудың құзар басына шығу оңай ма екен? Десе де, адам баласының қолынан келмейтіні жоқ, тау шыңына да шығуға болады. Бірақ тау шыңына шыққанмен, ол жерде кез келгеннің қолы жете бермес алтын қойма бар. Ал тілін, құпиясын
таппаған адамға алтын қойма ашыла қоймайды.

Сонда қойманы қандай адам ашуға тиіс? Мәселе осында. Өйткені ақынның айтуынша: «Сол қоймада қымбат жасау, Қымбат жасау сақталған», –
дейді. Ал енді өресі жеткен адам сол қойманы ашты делік. Міне, сол кезде адам қолына «беті өрнектелген бір сандық» ілінеді. Бірақ «ол сандықта бір сандық» тағы бар болғандықтан, оқиға түйіні «Сырдың кілті қолсандықта» екені және соны тапқан адамда болып отыр. Қолсандық ашылған кезде «Сандық іші қызыл-жасыл, Жасыл жібек перделі. Толған қымбат сақтаулы асыл» екенін көреміз.

Оның ішінде тағы
«Асыл сым бар пернелі» дейді ақын.
Сұлу жанды сұлу сүйген,
Сұлу сүйген, сыршылым.
Жібек талдап, түйін түйген,
Түйін түйген, түршілім, –
деп ақын сыр сандықты ашқан адамды ерекше бағалай келе, бар болмысымен,
таза көңілімен ақтарыла үн қатады:
Сұлу сымда перне әуені,
Перне әуені жыр айтар.
Көңіл ашар тербеу әні,
Тербеу әні сыр айтар.
Шыққанбыз, дос, шыңға талай,
Талай сырды ойланып,
Ақтарарлық алтын сарай,
Алтын сарай қойманы.

Сұлу пернелер – адам болмысының әсем қасиеттері. Ал перне деген не? Тура мағынасында ол – музыкалық аспапқа тән термин. Бір нотадан жаңылысып,
басқа пернені бассаң, әдемі әуеннің әуезін бұзасың. Ақынның айтпағы да осында. Адамның жан дүниесін дөп басып, достың қадір-қасиетін түсіне білу – бір
ғанибет. Өлеңде осындай шынайы достарға «қолыңда жемің барда шырқ айналып, жем таусылса, жалт беретін жанама достар» қарама-қарсы қойылған.

Қазақ поэзиясында достық туралы ерекше ой айтып, оны шың басына
шығарған Сәкеннің бұл өлеңі тың жаңалық болуымен ерекшеленеді. Сонымен
бірге мұнда еріксіз би билеткендей сазды әуен, сұлу пернеде полифониялық
тербеліске құрылған көркем сөздің әсем ырғағы бар. Ал «Ырғақсыз айтылған
сөздердің сәні болмайды» (Цицерон). Сондықтан да «Сыр сандық» өлеңі – тербелістерге, сан алуан қызық күйлерге толы адам жан дүниесінің сырлы әлемі.
Ақынның бұл өлеңінде жай қайталаудың үлгілері бар.

Ақын белгілі қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақовқа арнаған «Мұң» деген өлеңінде:
Ешкім жоқ, шер тарқатып көңіл ашар,
Жүректің күйіп-жанған дертін басар.
Мұңымды жұртқа айтпаған саған шақтым,
Жүрек – от, көңіл – дария, халім нашар,
– дегеніндей, ақын адал достықты үнемі жоғары бағалап, ерекше қадірлей білген. Ақын көңіл күйі «от», «дария» деген метафоралар арқылы ашылған. «Өнердің ең алды – сөз өнері. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге, таныстыруға болады.

Бұл өзге өнердің қолынан келмейді» (А.Байтұрсынұлы), «Көз жетпегенге ой жетеді, тіл жетпегенге үн жетеді» (Б.Момышұлы) дегендей, С.Сейфуллин достық деген қасиетті ұғымның, сұлу сезім, айнымас дос, адал махаббаттың жаршысы болды.

Дереккөз:  Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. Р.Зайкенова,
Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова, 2020 жыл.

Ұқсас материал:

 

  1. Сәкен Сейфулиннің өмірі мен еңбек жолы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ