«Жүзден жүйрік» зияткерлік сайысы

0
9042
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Сайыстың тақырыбы: «Жүзден жүйрік» зияткерлік сайысы
Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация, интерактивті тақта, слайд,бейне ролик.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсаты мен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен, ұранымен танысу.
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда
— дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 7- сыныптар арасынан 3 топ қатысады. Ойын 5 айналымнан тұрады.
Ойын ережесімен таныстыру.

І.Бәйге ІІ.Кім тапқыр ІІІ.Жорға IV.Полиглот V.Тарихтағы арулар
Достық пен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едің талай сында.

Қара қылды қақ жарып әділ қазым,

Еңбегін тапқырлардың әділ сына.-деп әділ қазы мүшелерімен таныстырайын.

-І сайыс: «Бәйге»

(Ойын шарты: үш топқа арналып сұрақтар оқылады, әр топ дұрыс жауабы үшін 1 ұпайдан иеленеді)

1-топтың сұрақтары

1.Түрік қағанатының орталығы -Суяб

2.Атлах шайқасы болған жыл—751 ж

3.Ақ Орданың күш қуатын нығайтқан хан—Орыс хан

4. «Көпестер қаласы» атанған қала—Тараз

5.Үйсіндердің солтүстік-батыстағы көршісі—Қаңлы

6.VII ғ. «он оқ бұдын» жүйесін құрған қағанат—Батыс Түрік қағанаты

7.Қарақытай мемлекеті өмір сүруін тоқтатты—1212ж

8.Киіз үйдің қабырғасы—кереге

9.Қарахан мемлекетінің негізін салушы—Сатұқ Боғра

10.Үйсін мемлекетінің билеуші—Шаньюй

2-топтың сұрақтары

1.Алғаш ислам діні тарай бастаған ел (Қарахан мемлекеті)

2.Қыпшақтарды еуропалықтар қалай аталады?—Командар

3.Шыңғыс ханнан жеңілген Найман ханы—Күшлік

4.Б.з.б.138ж Батысқа керуен жіберген императоры—У-Ди

5.Ж.Баласағұнның еңбегі қалай аталды?—«Құтты білік»

6.Қидандар билеушісі қалай аталды?—гурхан

7. «Түркі» атауы алғаш рет айтылған жыл—542ж

8.Шыңғыс ханның заңдар жинағы— «Жасақ»

9.Оғыз мемлекетінің астанасы қалай аталады—Янгикент

10.Ноғай Ордасының астанасы—Сарайшық

3-топтың сұрақтары

1.Түрік қағанатында қарапайым халықты қалай атаған?- «Қара бұдын»

2.Моңғолша «сегіз» деген мағына беретін тайпа— найман

3.Түргеш қағанатының негізін қалаушы—Үшлік

4.Атлах шайқасы неше күнге созылды?—5

5.Көне түркі жазуы қалай аталды?—Руна

6.Үйсіндердің жоғарғы билеушісі—гуньмо

7.Қарахан мемлекетінде ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялаған жыл—960ж

8.Қыпшақ хандығының астанасы—Сығанақ,Сарайшық

9.В.В.Бартольд соғдылардың қоныс аударуының негізгі себебі ретінде нені атайды?—сауда

10.Сақ қоғамы неше топтан тұрады—үш

ІІ сайыс: «Кім тапқыр?»

Топпен ақылдаса отырып, сұраққа жауап беру. Дұрыс жауап 10 ұпай.

1-топқа:

Дешті Қыпшақ түркі тілінде дала мағынасын білдіреді.Дала бұл жасыл гүлденген аймақ,онда ағаш та,тау да,төбе де,белес те жоқ…Бұл далада арбамен ғаана жүреді,ал ол алты айлық жолға созылады”деп дерек келтірген кім? Ибн Батута

2-топқа:

Тиграхауда сақтарына қатысты ең ежелгі жазба деректе былай делінген: «Дарий патша айтады: Содан кейін мен сақтарға аттандым. «Шошақ бөрікті сақтар маған қарсы шықты. Мен олардың көп бөлігін талқандап, қалған бөлігін тұтқындадым. Скунха деген көсемдерін тұтқындап, маған алып келді». Бұл жазба қалай аталады? Бехистун жазбасы

3-топқа:

“Ол қандай да бір аймақты жаулап алған кезде тұрғындарды ренжітпеді,олардың меншік құқығын бұзбады,олардың арасына өз адамдарын қойды.Бағынған елдің адамдарын қорғады”.Марко Поло кім туралы осындай дерек келтіреді?( Шыңғыс хан)

-ІІІ сайыс: «Жорға»

Тарих-10 .Жүсіп Баласағұн өз шығармасын Қарахан билеушісіне сыйға берді.Осы еңбегі үшін ақынға қандай атақ берілді? БАС УӘЗІР

Тарих-20 .Ескендір Зұлқарнайынның Сырдария бойын салғызған бекінісі? АЛЕКСАНДРИЯ ЭСХАТА

Тарих-30. Кеңес одағының батыры атағын алған 11 695 жауынгердің нешеуі қазақстандық? 497

Тарих-40. Александр Македонскийдің Индия өзенінің жағасына салдырған Букефал қаласы ненің құрметіне салынған? АТЫНЫҢ

Тұлғалар-10. Әйтеке бидің шын есімі? АЙТЫҚ

Тұлғалар-20. 1030-1090 жылдары өмір сүрген ғұлама ғалым?МАХМҰД ҚАШҚАРИ

Тұлғалар-30. Ол кезде Дешті Қыпшаққа Әбілқайыр хан билік етті.Жәнібек пен Керей одан кетіп,Моғолстанға келді.Есенбұға шын көңілмен қарсы алып,оларға Қозыбасы аумағын берді.Бұл кімнің дерегі? М.Х.ДУЛАТИ

Тұлғалар-40. ХІХ ғр. ортасында Орынбор өлкесін аралап жүріп, киіз үйді көргенде «Бұл үй архитектураның биік шыңы ғой» деп өз күнделігіне жазған орыс зерттеушісі? А.ДЮМА

Ел мен жер-10. Қыздың есімімен аталатын көл? ВИКТОРИЯ

Ел мен жер-20. Қазіргі шайдың атауымен аталатын Шри-Ланканың бұрынғы атауы? АССАМ

Ел мен жер-30. Қазақстандағы толық циклді металлургия комбинаты орналасқан қала? ТЕМІРТАУ

Ел мен жер-40. Қысы қатал болатын Лапландияны дүниежүзі халықтары қалай атайды? «АЯЗ АТАНЫҢ ЕЛІ»

Құқық-10. ҚР Конституциясы неше баптан және неше бөлімнен тұрады?

9 БӨЛІМ,98 БАП

Құқық-20. ҚР Туының авторы? ШӘКЕН НИЯЗБЕКОВ

Құқық-30. Ислам канондарына байланысты заңдар жинағы? ШАРИҒАТ

Құқық-40. Заң нормалары бойынша жеке шарттарды тіркеумен, іс-қағаздарын рәсімдеумен айналасатын қызметкер? НОТАРИУС

-ІҮ сайыс “Полиглот”

шарты:мақалдың түсіп қалған сөзін тауып,оны орыс және ағылшын тілдеріне аудару,үш тілге аударылса-30ұпай,екі тілге аударылса-20ұпай,тек жауабы айтылса-10 ұпай.

1.Өнер алды- қызыл … Тіл-язык- language

2.Таяқ еттен өтеді, … сүйектен өтеді. Сөз-слова- word

3….тамған тілден, у да тамар. Бал-мед- Honey

СЕРГІТУ
1)Жыланды інінен қайтып шығарамыз?
2) Инемен құдық қазуға болама?
3) Қар жана ма?
4) Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?
5) Тауық түс көреді ме?
6) Ана сүті бой өсіре ме?
7)Өзге елде сұлтан болған жақсы ма?

V сайыс. “Тарихтағы арулар”

Жеңімпаз топтарды марапаттау

1.Өнер алды- қызыл …

2.Таяқ еттен өтеді, … сүйектен өтеді.

3. … тамған тілден, у да тамар.

1.Өнер алды- қызыл …

2.Таяқ еттен өтеді, … сүйектен өтеді.

3. … тамған тілден, у да тамар

1.Өнер алды- қызыл …

2.Таяқ еттен өтеді, … сүйектен өтеді.

3. … тамған тілден, у да тамар

Жауаптары: Тіл-язык- language

Сөз-слова- word

Бал-мед- Honey

Базаргул Делек


ПІКІР ҚАЛДЫРУ