«Жаңа жылым, төрге шық!» балабақшаға арналған жаңа жылдық сценарий

0
2046
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Жаңа жылым, төрге шық!» атты мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне арналған жаңа жылдық шараның сценариін назарларыңзға ұсынамыз. 

Балалар орындықтарда отыр. Зал іші тым- тырыс. Бір уақытта музыка ойнай бастайды. Ортаға әңгімелесіп Аю мен Қоян шығады.

Қоян: Аю,  саған қай жыл мезгілі ұнайды?

Аю: Маған қыс мезгілі ұнайды.

Қоян: Неге? Не себепті ұнайды?

Аю: Мен қыста қалың ұйқыға кетемін.Қыстың қандай болатынын білмеймін. Сол себепті маған қыс ұнайды.

Қоян: Мен де қысты жақсы көремін. Айналамыз аппақ тоңға жамылып,   табиғатымыз ерекше көркейіп тұрады. Сонымен бірге қыста барлық тіршілік иелері Жаңа жыл мерекесін тойлайды.

Аю: Жаңа жыл?! Қоян ол қандай мереке? Маған Жаңа жыл мерекесі қандай болатыны айтып көрсетші.

Қоян: Жақсы аю. Мен саған Жаңа жыл мерекесі қандай болатынын және қонаққа Ақшақар мен Аяз ата келеді.Айтақшы, олар қайда жүр екен ?Келетін уақыттары болды ғой. (жан-жағына қарайды)

-Біз осы адасып қалған жоқпыз ба?

Аю: Қоян , қарашы ана жақта балалар отыр.Балалар! Біз қай жерге тап болдық?

(балалармен хормен «Бөбек» шағын орталығының тәрбиелеленушілеріміз).

Қоян: Бәрі дұрыс. Ал, Аяз атамызбен Ақшақар қызымыз қайда?

Музыка ойнайды. Желдің гуілдеген дыбысы естіледі. Ортаға Аяз ата шығады. (балаларға теріс қарап тұрады.)

Осы кезде балалардың  шулаған дауыстарын естіп, жан –жағына шошыған көзімен қарай бастайды.

Аяз ата: Мен қайда келдім? Сендер жалмауыз кемпірдің сыбайластарысыңдар ма?

Балалар: Жоқ. Біз «Бөбек» шағын орталығының тәрбиеленушілеріміз.

Бір кезде: шыршаның артынан  жалмауыз кемпір шығып, сыйлықтарға қарай ақырын жақындай бастайды.

Аяз ата: Балалар! Мен жыл бойы сендерді бақылап жүрдім. Шынымды айтсам, мен сендерге дәм ризамын. Сол себепті, сендерге сыйлықтарымды ала келдім.

(Осы кезде жалмауыз кемпір сыйлықтарды алып, қаша жөнеледі.)

Оның соңынан Аю, Қоян және Аяз ата қуа жөнеледі. Бір сәтте жалмауыз кемпір қолға түседі.

Аяз ата: Балалар! Біз жалмауыз кемпірді қолға түсірдік, алайда Ақшақар қызымды да  жалмауыз кемпір ұрлап алып кеткен сияқты . Сендердің сыйлықтарыңды,  менің қызымды қалай құтқарып аламыз?

Жалмауыз кемпір: Мен сендерге ештеңке де бермеймін!

Аяз ата: Қалай бермейсің?!  Мерекенің шырқын бұзғын келіп тұр ма?

Жалмауыз кемпір: Мереке? Ия мерекенің шырқын бұзамын! Ешқандай мереке болмайды!! (билей бастайды)

Аяз ата: Ақшақарымызды қайтарып алу  үшін не істеу керекпіз?

Жалмауыз кемпір: Сендермен бірге көңіл көтергім келеді!

Аяз ата: Сен сияқты жалмауыз кемпірмен кім көңіл көтергісі келеді? Сен тек қана бүлдіруден басқа ештеңке білесің!

Жалмауыз кемпір: Мен … енді олай істемеймін… (ренжулі түрмен)

Аяз ата: Балалар, жалмауыз кемпірге сенеміз бе?

Балалар: Ия оған сенейік және сенеміз.

Аю: Жалмауыз кемпір, біздің шартымызды орындасан ғана  кешіреміз.

Жалмауыз кемпір: Шарт? Ол қандай шарт?

Аю: 1 шарт: балалардың сыйлықтарын қайтарасың.

2 шарт: Ақшақарды ортамызға алып келесің.

Жалмауыз кемпір: Бірінші шартыңды орындаймын. Ал екінші қойған шартыңды ойланып көрейін   ( әрі- бері жүріп ойланады).

Келістік. Бірақ мен сендермен ән айтып, көңіл көтерсем ғана Ақшақарды қайтарамын.

Қоян: Алақай! Біз де келістік.(сыйлықтарды алады).

Осы кезде ортаға Ақшақар кіреді.

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме! Мен кешігіп қалған жоқпын ба?

Балалар: Жоқ!

Қоян: Барлығымыз жаңа жылды тойлауға жиналған жоқпыз ба? (қоян жан –жағына қарап, көзі шыршаға түседі)

  • Біздің шыршамыздың шамдары жанбай қалыпты ғой! Енді не істесек болады? (басын шайқап тұрады)

Аяз ата: Шыршамыз сұлу бірақ шамдары жарқырамай тұр?Енді не істейміз?

Ақшақар: Бәріміз бірге шапалақтайық! (шырша жанбайды)

Аю: Мүмкін ән айтып береміз.

Ән: «Жаңа жыл»

Ақшақар: Сонда да жанбады.(мұңайып тұрады…)

Жалмауыз кемпір: Балалар, шыршаның көңілін көтеріп би билесек қайтеді?

Би: «Балалапандар»

Аяз ата: Шырша шамдары тағы да жанбады. Ммм… Таптым!

Жаңа жылдық тойда біз

Көрсетейік өнер біз

Тақпақ айтсақ, ән салсақ

Риза болар шыршамыз!

Аңсар:                                                       Аяулым:

Тілеймін бар әлемге,                         Тамаша, тамаша

Дос көп болсын жаңа жыл.              Шыршамыз тұр жараса

Ата-әже,ата-әже                                  Басында әсем жұлдызы

Құтты болсын жаңа жыл.                  Көз тоймайды қараса.

Сырлы:                                                  Нұрасыл:

Жаңа жыл, жаңа жыл                        Жаңа жылым мол болсын

Жаңа жылда жаңа жыр                    Басқан қадам оң болсын!

Жасыл шырша жанында                  Төрле, төрле жаңа жыл

Жадырап бар бала жүр.                   Бізге құтты жыл болсын.

 Қоян: Аяз ата, шыршамыз бізге ренжіп қалған шығар? Шамдары жанбай тұр. Мүмкін ескі жылды шақырармыз?

Ақшақар:

Ал, халайық,халайық!

Тауық жылдай аға бар!

Оны ортаға алайық

Қош айтысып қалайық.

Музыка әуенімен ортаға  Тауық жылы келеді.

Тауық:

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Қандай әдемісіңдер!

(назары шыршаға түседі)

Шыршамыз неге мұнайып тұр?

Неге шамдары жарқырамай тұр?

Аю: Ия. Шыршамыздың көңілін қалай ғана көтермедік.

Тауық: Мүмкін, ойын ойнап көреміз?

Ойын:   «Қар жинау»

Тауық:

Шамдары сонда да жанбады. Сендермен жаңа жылды қарсы алғым келіп тұр. Алайда, қоштасатын уықыт та келіп қалды. Сау болыңдар! Жақсылап Жаңа жылды қарсы алыңдар!

Барлығы ескі жылмен қоштасады.

Аяз ата: Басын шайқап шыршаға қарайды.

Балалар, шыршаның шамдарын қалай жақса болады?

Таптым! Менде сиқырлы таяғым бар ғой!

Аяз ата сиқырлы таяғымен шыршаның шамдарын жағады.

Сол кезде барлық кейіпкерлер қуанып, шапалақтай бастайды.

Ақшақар: Әсем ән де, би де бар.

Ал, кәнекей балалар

Ән мен жырға басайық

Той думанды жалғайық

Әсем:                                                                                      Санжар:

Аппақ тонға оранып                                                  Сақалы аппақ күмістей

Базарлықты мол алып                                               Тістері аппақ күріштей

Келді алыс сапардан                                                  Қызыл ала шапаны

Аяз ата оралып.                                                          Сағындым аяз атаны.

Алдияр:

Аяз ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр

Сәлеміңді қайтейін

Кәмпит жегім келіп тұр

Адина:                                                                                Інжу:

Жасыл желек жамылған                                         Аяз ата ақ сақалды

Асыл моншақ тағылған                                          Ақ таяқты паң ата

Міне сұлу шыршамыз                                             Асып өтіп асқар тауды

Көптен күтіп сағынған                                           Жеттің бізге таң ата

Кел балалар келіңдер

Шырша тойын көріңдер.

Аяз ата: Бәрекелді, қарақтарым! Өнерлерің өсе берсін.

Ал, Ақшақар қалықта,

Қалықтаудан жалықпа.

Қонақтарың желбіреп,

Би биле мына халыққа.

Би: «Ақшақар»

…Бір уақытта иттің ырылдаған дауысы естіледі. Жалмауыз кемпір жан –жағына үрейлене қарайды да Аяз атаның артына тығылып қалады.

Аяз ата: Жалмауыз кемпір саған не болды? Неден сонша қорқып кеттің?

Осы кезде зал ішіне ит ырылдап кіріп, жалмауыз кемпірге тап береді.

Аю: Итті құйрығынан тарта бастайды.

Жібер оны! Жібер оны!

Ит: Неге мен  оны жіберуім керекпін? Ол өтірікші мыстан ғой!

Жалмауыз кемпір: Жоқ, жоқ…. Мен ондай емеспін. Мен, мен….. түзелдім. Енді ешкімді алдамаймын, ренжітпеймін .

Аяз ата: Ия, ол бізбен бірге жаңа жылдық мерекені тойлап жүр.

(Ит ырылдаған дауысын қойып, жалмауыз кемпірді жібереді)

Ит: Ой, ренжи көрмендерші! Мен білген жоқпын.

Қоян: Алақай! Алақай!

Жылда келді шапқылап

Кәнекей, қарсы алайық, жақсылап!

-Балалар,біздің келер Жаңа жылымыз қай жыл болмақ?

Балалар:-Ит жылы.

Ит: Рақмет, балалар! Мені шын ықыласпен қарсы алғандарыңа.

Мен жаңа жылмын,

Мен жаңа нұрмын

Нұрымды да себейін

Жырымды да төгейін

Ән: «»Аппақ қар»

Ит: Аяз ата, балалар қандай өнерлі. Ән де айта алады, би де билеп береді.

Аяз ата: Дұрыс айтасын!

Көрініс: «Сиқырлы үйшік»

Ит: аяз ата! Балаларға сыйлықтарды сыйлаймыз ба?

(Аяз ата сыйлықтарын таратып береді)

Аяз ата:

Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін!

Мұнау менің ұлдарым мен қыздарым! Мұнау халайық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойы бағып қақ.  Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!

Қоян: Міне, қымбатты балалар, бірлесіп достасып өткізген мереке қашан да қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәрін де жеңеді.

Аю: Достар сендерге үлкен рақмет! Жаңа жыл мерекесі қалай тойланатынын көрдім.  Ал, құрметті достарым! Бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салайық.

( Аяз ата мен Ақшақар кетеді)

Жаңа жыл бірлік берсін бәрімізге,

Береке ырыс келсін жерімізге.

Қыспақты пейіліміз жеңіп шығып,

Қуаныш шашу шашсын төрімізге.

Біз сіздерге сау болыңыздар демейміз … келесі кездескенше, аман болыңыздар!

 

Жаксылыкова Тогжан Нуржановна

Солтүстік Қазақстан облысы , Мағжан Жұмабаев ауданы Сартомар мектебі

 

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ