Жаңартылған бағдарламамен математика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту

0
5877
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны
Тақырыбы: «Жаңартылған бағдарламамен математика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту»

Секциясы: жаратылыстану

Авторы: Математика пәнінің мұғалімі: Турсынкулова Роза Аманбаевна

Жұмыстың өзектілігі

     Қазіргі жағдайда жаңартылған біліммен, әсіресе математика саласында оның өзіндік әдіс-тәсілдерімен, арнайы тілімен қарулану қоғам мүшелерінің қай  саласына болса да аса қажетті.

     Оқу пәні ретінде математика  оқушылардың белгілі бір білім көлемін игеруін көздейді.

     Математикалық сауаттылық  нақты түрде ұсынылмайды тікелей оқушыны қоршаған ортамен байланыстырады, демек олардың танымдық қызығушылығын тудырады, ғылыми көзқарасын қалыптастырады.   

      Егер адам  шындыққа құмар жан болса, онда өмірдің қойған сансыз сауалдарына жауап беруге тырысады деген ойдамын. тек математикада емес, сонымен қатар  –  өмірдің сан алуан белгісіз, құпия, сыры ашылмаған, әлі беймәлім, тығырықтан шығар жолды іздеумен, тек ізденумен жұмыс жасауды қажет етеді. Кез келген оқиғаның ақиқат не жалған екендігіне көз жеткізу дұрыс деп білемін.

Мақсаты:

   Математикалық  функцианалдық сауаттылық өмірмен байланысын  сезіну, оларды шығару, толық баяндау, шешу әдістерін қарастыру және мысалдармен бекіту.

  • Ғылыми жұмыстың міндеттері:
  • жаңартылған бағдарламаның түсінігін ашып көрсету;
  • математикалық сауаттылық әдістерін қарастыру;
  • математикадағы орнын танып білу. Сондықтан да, әрбір оқушы математикалық  сауатты  болу  үшін  мынадай  міндеттерді  жүзеге  асыру  керек.
  • Ақыл-ойды дамыту.
  • Математикалық іс-әрекеттің сипатына  сай ойлауды  қалыптастыру.
  • Қоғамдық өмір практикасына  қажетті  математикалық  ойлауды  қалыптастыру.
  • Математикалық білімді игеру  мақсатында  практикада  қолдану.
  • Болмысты, табиғат пен қоғамды  тануға  қажет математикалық  мазмұндай  білу.
  • Алдына қойылған сұрауға  немесе  есепті  шығаруға  оптимальды (жылдам, сенімді және  дұрыс)   жауап  беруге  дағдылану, ұмтылу. 
  • Осы мақсатты ескере отырып,  математикаға  қызығушылығымды арттыру  барысында  ойлау  қабілетімді  дамыту .Математикалық  олимпиадаларда, әр түрлі жарыстарда  жиі  қолданылады, және өмірмен тығыз байланысты.

Зерттеу әдістері

  • Бұл жұмысты жазу барысында ғылыми әдебиеттермен жұмыс, жинақтау, жүйелеу, түсіндірмелі әдістер, зерттеулер қолданылады.
Жаңартылған  бағдарламамен  математика сабақтарында оқушылардың  функцианалдық  сауаттылықтарын  дамыту. 

Қазақстан  2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану  тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты  ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.

Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына  көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы  мұғалімнің  қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік.  Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра  алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен  қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап  етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі  жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.

Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай  өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына  ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне  пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды ғана емес, педогогтің жеке тұлғалық потенциалы, кәсіби құндылықтары да жатады. ҚР-ның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған үш айлық  курс бағдарламалары, білім беру жүйесінде педагогтар алдына жаңа міндеттер қойып, оларға  үн тастады  десек те болады.  Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты.

«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Ал оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.

      Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды  бағалау  жүйесін  енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

     Негізінен жаңартылған білім  жүйесі  құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама.  Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді  қолайлы білім беру ортасын құра отырып  сын  тұрғысынан ойлау, зерттеу  жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті  қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта  жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты  қолдана білуді  және оны тиімді жүзеге асыру үшін  қажетті  тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен  оқу, модельдеу, бағалау  жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. Жаңартылған  білім беру бағдарламасының  ерекшелігі спиральді қағидатпен  берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды. Ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз  жеткіздік.

      Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі  алдын ала белгіленген  критерийлердің нақты  жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың  пән бойынша үлгерімі  екі тәсілмен  бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылды. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы  бағалау  күнделікті  оқыту мен оқу үдерісінің  ажырамас бөлігі  болып табылады және тоқсан бойы  жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау  үздіксіз  жүргізіле отырып, оқушылар мен  мұғалім арасындағы  кері  байланысты қамтамасыз  етеді және балл  не баға қоймастан  оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын  және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған  оқушының үлгерімі  туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық  пәндер бойынша қолданылады.

Негізгі міндеті: Баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға Баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелген. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.

   «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін.

Баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Біріншіден, функционалдық сауаттылық дегеніміз — адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге араласуы. Біз экономикамыздағы, әлеуметтік – саяси және рухани өміріміздегі жетістіктерді заңды түрде мақтан етеміз. Тіпті «экономика» деген сөздің өзін сөзбе сөз аударсақ «үй шаруашылығы» дегенді білдіреді. Сондықтан да отбасындағы экономиканы мемлекеттік экономиканың құрамдас бөлігі ретінде қарауға тура келеді. Демек, оған байыпты түрде біліммен әрі шаруақорлықпен қарау керек.Біліммен қарау деген түсінікті, ал шаруақорлықпен қарау деген не нәрсе? Шаруақорлықпен қарау дегеніміз мынау: Үйде желінбей қалған нанның үзіндерін, қабықтарын және кеуіп қалған нанды ешқашан лақтырып тастамау. Нанның біздің өміріміздегі маңызы туралы – бұл тамаққа ата — ана баласын ізгі құрметпен қарауға тәрбиелеу керек. Халқымыз нанды ежелден қастерлеп, құрметтеп келеді. Алайда нанның бар екеніне әрі оның әрқашан болатынына деген сенімділік.  Жалпы, бұл жерде ата — ананың функционалдық сауаттылығы, соның ішінде баланың нанға деген ұқыптылықпен қарауы болып отыр.

Отбасында әрбір грамды, ватты, минутты есептей алмайтын және де есептегісі келмейтін баланың үй шаруасына да қыры болмайды. Баланың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез — құлық әдеттерден арылтуға көмек беретін функционалдық сауаттылық ата — ана бойында да болуға тиіс. Ата – аналар баланың ұғынуына көмектесулері керек. Үйде жарық пен тұрмыстық приборларды дер кезінде сөндіру, токтан ажырату қажеттігін, есік алдағы су құбырының краны арқылы тамшыдан өзен құралып қайта ағып кетіп жатқанын бала білуге тиіс. Еңбектің бағасын білген бала оның нәтижесін де жақсы бағалай біледі. Осының бәрінде аса терең ата — ананың функционалдық сауаттылығы тұр. Баласының бойына адамгершілік проблемасын және тәуелсіздік еліміздің байлығына үнемділікпен, ыждаһаттылықпен қарауға, адам еңбегімен жасалған нәрсенің бәрін бағалай білетін азаматтық ең жақсы қасиеттерді дарыту. Ата – ана баланың ең әуелі өздері істей алатынды үйретуі тиіс.

Екіншіден, функционалдық  сауаттылы дегеніміз өмір бойы білім алуына ықпал ететін, авторлық база жасау. Өмір бойы іздену, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыру.Оқушылардың функционалдық сауаттылығы екіншіден, мектептен басталады.Мектеп — үйрететін орта, оның жүрегі — мұғалім. Оқушының бойына білім нәрін дарытуға көмек беретін функционалдық сауаттылық мұғалім бойында да болуы тиіс. Барлық елде балаға білім беру ерекше орын алып келеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуға, байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуге оқушыларды тәрбиелеу мұғалімдердің басты борышы.

Мұғалім сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып өтуінде, пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және сауаттылығына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.Тек білім ғана бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра алады. Сондықтан да мұғалім сапалы білім, салиқалы ой — өрісі кең тұлғаны қалыптастыруы үшін 45 минуттық сабағын қазіргі заманғы білім берудің жаңа технологияларын қолдана отырып өту керек. Осы жерде орыс педагогы А.С.Макаренконың «45 жыл мұғалім болса да 45 минуттық сабағына дайындалып келу керек» деген нақыл сөзін еске алуға болады.

Мұғалім оқушыны тек қана мектептің бағдарламасымен шектеліп қалдырмай, теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен, өмірмен байланыстыра білуге үйрету керек. Осындай әдіс — тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді. Америкалық педагог-математик Д.Пойа: «Математиканы білу деген не? Бұл есептерді шығара білу, онда да стандарттық есептерді ғана емес, ойлаудың еркіндігін, сананың салауаттылығын, өзіндік болмысты, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару»,- деген болатын. Болашақ математика пәні мұғалімінің оқушылардың мектепте математиканы оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жұмысын нәтижелі жүргізуі үшін төмендегі біліктіліктерді игеруі  қажет:

 — математикалық сауаттылықты қалыптастыру нәтижесі болатын құзыреттілік деңгейлері — еске түсіру деңгейі, байланыстарды орнату деңгейі, пайымдаулар деңгейлерін меңгертуге жағдай жасау; 

— математика пәнінің басты мақсаты  болып табылатын оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, оның ең бастысы есеп шығара білуге үйрету;

— оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру;

— оқушылардың ақыл-ой қабілетінің, шығармашылық  дарынының  дамуына

Ықпал ету;

— практикалық есептер шығару жағына көңіл бөлу;

— математикалы қойлау, жалпылау, интуицияға басымдық беру;

— аңғарғыштыққа және дәлелдеуге арналған есептерді жиі рек қолдану;

— ғылыми-зерттеу жұмыстарына  баулу.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде.Қоғамның әлеуметтік – экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.
    Қорыта айтқанда, функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың басты міндеті — оқушылардың теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолдануымен қатар тәуелсіз еліміздің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға үлестерін қосу болып табылады. Осы ретте, жаратылыстану бағытындағы пәндерін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор.Қазіргі таңда білім жүйесі туралы түсінік кеңейді, мақсат міндет, мазмұны көзқарасы өзгерді, негізі мақсат жеке тұлғаның қалыптасуы, ойлай және сезе алатын адам дайындық, сонымен қатар алған білімін өмірде қолдана білу.Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті — мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және де баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін  ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп  Үнді халқының  тарихи  тұлғасы Махатма  Гандидің  «Егер сен болашақтағы  өзгерісті  байқағың келсе, сол  өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті  жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың  кепілі. 

Турсынкулова Роза Аманбаевна

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ